Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет66/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Нақтылы пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптары бар 
мектептер.
Бұл мектепетерде бір немесе екі пән тереңдетіліп 
оқытылады. Мысалы, шетел тілі мен математика секілді, т.б. 
Басқа пәндер жалпы білім беретін мектептер бағдарламасына тән 
тақырыптармен өткізіле береді. Бұл сыныптарды атына сай ағылшын 
тілі немесе математика сыныбы деп атайды. Егер екіден көп бірнеше 
пәндер тереңдетіліп оқытылатын болса, онда ондай сыныптар-
ды профильдік сыныптарға бөліп атайды. Мысалы, гуманитарлық 
бағыттағы, техникалық бағыттағы сыныптары бар мектептер және 
т.б. Ондай мектептердің мақсаты оқушыларын арнайы мақсатты 
бағыттардағы мамандықтар үшін даярлайды. 
Гимназия мектептері
– оқу орнының бағытына байланыс-
ты бастапқы білім берудің вариативтілігін қамтамасыз ететін
оқушылардың таңдауына байланысты профильдік курстар мен 
пәндердің ғылыми негіздерін тереңдетіп оқытатын жалпы білім 
беретін оқу орны. 
Лицей
– нақтылы бір профиль бойынша пәндерді тереңдетіп 
оқытатын жалпы білім беретін оқу орны. Оның гимназия 
мектептерінен айырмашылығы олар кең бағытты қамтымай, нақтылы 
техникалық-математикалық, бологиялық-химиялық және т.б. секілді 
бағыттарды қамтитындығында. Лицейде кәсіби бағдарлық пәндер 
оқытылып даярланады. Лицей де гимназия мектептері секілді екі не-
месе үш сатыда оқушыларды оқытып, даярлайды. Олар екі және 
үш сатыдан тұратын мектеп немесе жоғары сынып оқушыларын 
қамтитын үш жылдық оқу мерзіміне арналып оқытатын мектеп бо-
лып табылады. 
Практикада жалпы бiлiм беретiн мектептердiң әлеуметтiк 
бағдарланған моделiнiң бiрқатар түрлерi жүзеге асырылған. Өйткенi 
әлеуметтiк бағдарлану оқушының даралығы мен оқушының тұлға 
ретiнде ашыла түсуiн әлсiретпейдi, керiсiнше күшейте түсуге 
мүмкiндiк бередi. Әлеуметтiк бағдарланған мектептердiң қызметiнiң 
жетекшi бағыты мен доминантты ядросы бойынша оларды мынадай 
типтерге бөлуге болады:
– 
Бейiмделу мектебi.
Мұндай мектептерде жетекшi идея әрбiр 
баланың дара психофизиологиялық ерекшелiгi мен қызығушылығын 
және даму деңгейiн ескере отырып, оның тұлғалық дамуы мен 
әлеуметтенудiң толық мүмкiндiктерiне қолайлы жағдайларды 
қамтамасыз етуге бағытталады. Мысалы, көп профильдi кешендi 
мектептер, онда лицей, гимназия сыныптары ұйымдасырылады. 


181
Белгiлi бiр ауытқулары бар балалар үшiн арнайы топтар құрылып, 
әлеуметтiк көмекке мұқтаж балалардың ақыл-ойы жағынан дамуына 
көмек көрсетiледi.

Сауықтыру мектептерi.
Мұндай мектептердiң базалық 
бағдары - денсаулықты сақтау мен нығайту, бiлiм берудiң нәтижесi 
ретiнде денсаулық пен тәрбиелiлiктiң және бейiмдiлiктiң гармония-
лы мүмкiндiктерiн iздестiредi. Мысалы, валеологиялық мектеп-
терде денсаулықты нығайтудың барлық жолдары мен құралдары, 
сауықтырудың бiрыңғай процесi жасалған және т.б.
– Оқушылардың қызығушылығы бойынша елеулi сабақтар 
жүргiзетiн мектептер – олар 
мектеп-клубтар.
Мұнда ұжымдық 
қызмет шығармашылық жұмыстар әдiстемесiне негiзделедi. Ұжым 
мүшелерi көңiлдегi әрекеттерiмен шұғылданады. Онда жан-жақты 
дамуға және әлеуметтiк белсендiлiктi қалыптастыруға мүмкiндiк 
жасалады.
– Үй типтi мектептер.
Мұндай модель негiзiнен халықтың 
бiрден-бiр әлеуметтiк-мәдени орталығы болып табылатын шағын 
ауыл мектептерi үшiн өте қолайлы. Мұндай мектептерде отбасылық 
жағдай жасалып, онда отбасы қамқорлығынан айрылған балалар 
тәрбиеленедi.
– 
Академиялық мектептер.
Оларға гимназия, лицей, профильдi 
мектептер жатады. Ондағы әлеуметтiк бағдар орта және жоғары 
кәсiби оқу орындарымен, ғылыми мекемелермен, ғылыми 
өндiрiстермен, 
шығармашылық 
одақтармен, 
мамандармен, 
ғалымдармен, шығармашылық зиялылары өкiлдерiмен байланыс 
жасау арқылы жүзеге асырылады.

Оқу-өндiрiстiк мектептер. 
Ол да профильдi мектеп, бiрақ 
негiзгi мақсаты еңбекке, қолөнердi меңгеруге бағытталған мектеп. 
Мұндай мектептер негiзiнен оқу-өндiрiстiк комбинаттар болып та-
былады.
– 
Ашық мектептер
– мектеп қабырғасынан тыс жерде оқу, 
оқудан тыс әрекеттердiң бөлiгiн жүзеге асыратын оқу орны. Бұл 
лабораториялардағы және өндiрiстер мен мәдениет мекемелерiндегi 
сабақтар және т.б.
Бүгінгі жалпы білім беретін мектептер тәрбие институты ретінде
мынадай әлеуметтендіру мекемелерінің рөлін атқарады:
– оқушыларды оқыту арқылы тәрбие берушілік қызмет іске 
асырылатын білім және тәрбие беру мекемелерінің рөлі;
– мектептегі оқудан тыс жұмыстар негізінде педагогтардың


182
ұйымдастыруымен өткізілетін шаралар арқылы оқушылардың 
өмірге бейімділігін қалыптастыру мақсат еткен ұйымның рөлі;
– оқушылардың өмірін мақсатты түрде оқушылардың бос 
уақыттарындағы өзара қарым-қатынастары арқылы ықпал ететін 
әлеуметтік-психологиялық топ рөлін атқарады.
Мектеп әлеуметтік-психологиялық топ ретінде оқушылардың 
өзара қарым-қатынасқа түсетін алаңы ретінде олардың өз 
белсенділіктерін іске асыру мен көрсетуіне және басқа рөлдік қарым-
қатынастарда тәжірибе жинақтауға үлкен мүмкіндік туғызады. 
Бұл тұста оқушы қабілетін іске асыру мен дамытудың маңызды 
шараларының бірі баланың кімдермен және қандай қосымша ме-
кемелермен байланыс орнататындығына да байланысты болады. 
Баланың мектептегі, топтағы құндылықтары мен нормаларын 
анықтайтын белсенділігінің бағыты оның әлеуметтенуіне өзара 
ықпал ету түріне талпыныс жасататын әлеуметтік құндылықтары 
ретінде көрінеді.
Америка ғалымы У. Глассер: «Егер баланың тұлғалық сұра-
ныстары отбасында ашылмаса, онда ол міндетті түрде мектеп-
те ашылуы тиіс. Өмірлік жетістікке қол жеткізу үшін бала мек-
тепте отбасында жетіспеген қатынастарды, яғни құрдастарымен 
өзара ыстық ықыласты қарым-қатынасты, ересектермен қарым-
қатынасты, өзара сенім мен түсіністік секілді ықпалдарды алуы тиіс. 
Өзімен-өзі қалған жалғыздықтағы бала немесе ересек ешуақытта 
да рухани қанағаттанушылықты сезінбейді. Осы тұста мектеп 
жалғыздықтан құтқарудың немесе жеңілдетудің тамаша ортасы бо-
лып табылады. Мектеп баланың өзіне деген сенімінің артуына және 
өз бағасын жоғарылатуды қалыптастыруға мүмкіндік туғызуды 
қамтамасыз етеді. Сондықтан мектептегі сабақ баланың өмірінде 
кездескен қиыншылықтарын академиялық тұрғыдан болсын, 
әлеуметтік сипаттағы болсын мәселелерін өз бетінше шеше алатын-
дай, дағдыларды қалыптастыратындай етіп ұйымдастырылуы тиіс», 
– деген болатын. 
Қазіргі уақыттағы мақсат – оқыту мен тәрбиелеудің жаңа фор-
маларын іздестіру нәтижесінде дәстүрлі тұйықталған мектептерді 
ашық оқу орындарына айналдыру. Оқыту мен тәрбиедегі «Ашықтық» 
принципі жаһандық тенденцияны көздейді. Бұл фактор жастарды 
әлеуметтендірудің мазмұны мен формасын жаңаша айқындайды.
Жалпы алғанда мектеп әлеуметтендірудің ашық жүйесі ретінде 
мыналарды білдіреді:


183
– мектептің отбасыларымен әлеуметтік байланысының 
күшеюі;
– мектептің қосымша білім беру, мәдени мекемелерімен және 
әлеуметтендірудің басқа да институттарымен өзара байланысты 
жұмыстарының жүргізілуі;
– педагогтардың мектеп түлектері, ардагерлер, мәдени 
қызметкерлер, спорт саласындағы қоғамдық орталармен тығыз 
байланысының болуы;
– педагогикалық және балалар ұжымының әртүрлі шығар-
машылық ұжымдармен ынтымақтастығының болуы;
– сабақ пен сабақтан тыс оқытулардың мектептен тыс жерлер-
де өткізілуі: шеберханаларда, лабораторияларда, табиғатта және т.б.
Мектептің басқа да әлеуметтендіру институттарымен байланы-
сын мынадай мазмұнда көрсетуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет