Алматы экономика және статистика академиясы



бет11/16
Дата19.07.2017
өлшемі2,95 Mb.
#21274
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Төменде қаржылық қорытынды есептің жекелеген құрамдас салаларына қысқаша түсінік береміз.


2. Бухгалтерлік баланс.
Ұйымдар меншігіндегі активтер, меншікті капитал және міндеттемелерді белгілі бір мерзімге қарай жинақтап көрсетуді қамтамасыз етеді. Баланстық қорытынды немесе бухгалтерлік баланс ұйымның қаржылық жағдайының бейнесі тұрғысында қаралуы да мүмкін.

Қорытынды есеп құрамындағы бухгалтерлік баланстың мәні өте жоғары. Осы құжат арқылы ұйымның қаржылык жағдайы жөнінде анық және бұрмаланбаған көрсеткіштер жинақталып, мұның өзі пайдаланушылардың сұранысын канағаттандырады. Баланс активтер, пассивтер және капитал козғалысының есебін жүргізуші синтетикалық шоттардың қалдығынан туындайды. Бухгалтерлік есептің жекелеген шоттарынан жинақталған ақпараттардың барлығы пайдаланушылар үшін әрқашанда қажет бола бермейді. Сондықтан бухгалтерлік баланс көрсеткіштерін оқып түсінудің жолдарын жеңілдету үшін жекелеген шоттарды топтастыру әдісі қолданылған.

Топтастырудың нәтижесінде қаржы салымшы инвесторлар, несиелендірушілер, қаржылық қортындыны басқа да пайдаланушылар топтастырылған шоттардағы мәліметтерді өзара байлаңыстыра отырып, зерттеу және бағалау шараларын белгілейді. Мұның үшін жалпы бағыттагы қаржылық қортынды есеп бухгалтерлік есеп шоттары бойынша топтастырылған мәліметтер негізінде жасалынып, мұның өзін - жүйеленген қаржылық кортынды есеп деп те атауға болады. Баланс бухгалтерлік есеп жүргізудің әдістері мен арнайы сабақтастық ережелерді (процедураларды) анық және дұрыс қолданған жағдайда ғана сақталады.

Баланстың атқаратын міндеттерінің негізгісі - есепті жыл ішіндегі ұйымның каржылық жағдайы жөніндегі өзгерістерді сипаттау болғандықтан, баланс екі бағаналы кестеден - жылдың басындағы және аяғындағы көрсеткіштерді ажыратып тұрады. Есепті екі жылдың көрсеткіштері жазылған баланста осы жылдың аяғындағы баланстың арнайы тараулары мен баптарына жазылған көрсеткіштер келесі жылдың балансын жасау үшін жылдың басындағы көрсеткіштер болып, баланс бағанасына жазылып отырады. Алайда баланстың құрылымы және жекелеген баптардың құрамы өзгермейді.

Бухгалтерлік баланстың қазақстандық типтік құрылымы және оның тараулары мен баптары төмендегідей түрде қалыптасқан:


Бухгалтерлік баланс


Активтер

Жолдар

дың


кодтары

Есепті кезең

соңында


Есепті кезең басында

I. Қысқа мерзімді активтер










Ақша каражаттары және олардың эквиваленттері

010







Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

ои







Берешектердің қысқа мерзімді карыздары

012







Қорлар

013







Ағымдағы салықтық активтер

014







Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

015







Басқалай қысқа мерзімді активтер

016







Кысқа мерзімді активтердің жиыны.

100







П. Ұзақ мерзімді активтер










Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

020







Берешектердің ұзак мерзімді қарыздары

021







Үлестік қатысу әдісімен есептеленетін инвестициялар

022









Жылжымайтын мүліктердегі инвестициялар

023







Негізгі құралдар

024







Биологиялық активтер

025







Барланған және бағаланған активтер

026







Материалдық емес активтер

027







Кейінге калдырылған салықтық активтер

028







Ұзақ мерзімді басқалай активтер

029







Ұзақ мерзімді активтердің жиыны

200







Баланс (100 жол +200 жол).










Пассивтер

Жолдар-

дын код-тары



Есептік

кезең соңын да



Есептік кезең басында

Ш.Кысқа мерзімді міндеттемелер

030







Қысқа мерзімді каржылық міндеттемелер

031







Салықтар бойынша міндеттемелер

032







Міндетті және ерікті төленетін төлемдер бойынша баскалай міндеттемелер

033







Алашактардың қысқа мерзімді қарыздары

034







Бағалау кыска мерзімді міндеттемелер

035







Кысқа мерзімді баскалай міндеттемелер


036







Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиыны

300








IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер










Ұзак мерзімді каржылық міндеттемелер

040







Алашақтардың ұзак мерзімді қарыздары.

041







Бағаланған ұзак мерзімді міндеттемелер

042







Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер

043







Ұзак мерзімді басқалай міндеттемелер

044







Ұзақ мерзімді міндеттемелердің жиыны

400







V. Капитал










Шығарылған капитал

050







Эмиссиялық табыс

051







Сатып алынған меншіктегі үлестік аспаптар (каржылык)

052







Резервтер

053







Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян)

054







Пайдадағы дивиденттік үлес

055







Капитал жиыны

500







Баланс (300жол + 400 жол + 500 жол)









3. Табыстар мен шығыстар жөнінде есептеме


Қорытынды есептін бұл түрі калыпты жағдайда шаруашылык қызметін атқарушы ұйымдардың таза пайдасы немесе шеккен зиянына қосылатын қосымша кұндык бағалар өзгерісінің есебін жүргізуге арналған. Сыртқы пайдаланушылар үшін табыстар және шығындар жөніндегі қорытынды есеп қысқа үлгіде жасалынады.

Табыстар және шығындар жөніндегі корытынды есеп сату (есептеу) принципіне сай жасалынады. Ұйымның ақша қаражатының қозғалысы және осы ұйымнын өтеушілік қабілетінің мәліметтері корытынды есептін бұл түрінде көрсетілмейді.

Табыстар мен шығындар ақша қаражатының көбеюі немесе азаюына тікелей байланысты болмайды. Акша қаражаттары сомасының көбеюі немесе азаюы активтік бухгалтерлік есеп счеттарының өзгеруіне тікелей байланысты болады. Табыстар немесе шығындар сомасының өзгерісі «Капитал» немесе «Бөлінбеген таза пайда» есебіне арналған бухгалтерлік есеп счеттарын өзгеріске түсіреді.
Кірістер мен шығыстар туралы есеп

мың теңге



Көрсеткіштердің атауы

Бет коды

Есептік кезең үшін

Өткен кезең

үшін


Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс

010







Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

020







Жалпы пайда (бет 010- бет 020)

030







Қаржыландырудан түскен кірістер

040







Өзге де кірістер

050







Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуге арналған шығыстар

060







Әкімшілік шығыстар

070







Қаржыландыруға арналған шығыстар

080







Өзге де шығыстар

090







Үлес қосу әдісімен есептелетін ұйымдардың пайдасының/залалының үлесі

100







Жалғасатын қызмет кезеңіндегі пайда (залал) (бет 030+бет 040+бет 050- бет 060 – бет 070 – бет 080 - бет 090+/- бет 100)

110







Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал)

120







Салық салғанға дейінгі пайда (залал) (бет 110+/-бет 120)

130







Корпоративтік табыс салығы бойынша залалдар

140







Аздық үлесті шегергенге дейінгі кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (бет 130- бет 140)

150







аздық үлесі

160







Кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (бет 150- бет 160)

170







Акцияға арналған пайда

180






4. Ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде есептеме

Есеп ақша қозғалысының есебі шоттары бойынша мәліметтер негізінде құрылады және есеп беру кезеңінің басындағы және аяғындағы қалдықтар есебі мен ақша ағымы туралы мәліметтерді қамтиды. Ақша ағымы туралы мәліметтер есеп беруде операциялық, инвестициялық және қаржылық кесімдерде ұсынылады.

Қаржылық есеп беруді құру жөніндегі Әдістемелік рекомендациясының (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі Департаментінің 14.02.2003 жылғы №61 бұйрығы) түсіндіруі бойынша, операциялық қызмет – табыс алу бойынша заңды тұлғаның қызметі және қаржылық, инвестициялық қызметтерге қатысы жоқ қызметтер.

Бізге белгілі, халықаралық практикада ақша қозғалысы туралы есеп беруді құрудың екі әдісі бар – тура және жанама. Құру әдісі ұсынылатын ақпараттың мазмұнынан білінеді. Екі әдістің бірде-біреуі қай елде болмасын жалғыз емес, әрі міндетті емес.

Қазақстан Республикасындағы ақша қозғалысы тура және жанама әдістерді қолданумен операциялық қызмет арқылы іске асады. Тура әдіс кезінде ақша түсімдерінің және төлемдерінің негізгі түрлері ашылады. Ақша қоғалысы туралы есеп берудің әдісі де пайдаланушыларға қажетті ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Инвестициялық және қаржылық қызметтерден қызметтер туралы мәліметтер. Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді сату мен сатып алу, заимдар беру мен оларды жою. Инвестицялық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша қозғалысының мысалы ретінде мыналар қолданылады:


  • ақшалардың түсімі:

  • материалды емес активтерді, негізгі құралдарды және басқа да құралдарды өткізу; қаржылық инвестицияларды өткізу; басқа заңды тұлғалар ұсынған заимдарды алу; басқа да түсімдер;

  • ақшалардың шығыстары:

материалды емес активтерді, негізгі құралдарды және басқа да ұзақ мерзімді сатып алу; қаржылық инвестицияларды сатып алу; басқа заңды тұлғаларға заимдар ұсыну; басқа да төлемдер;

Қаржылық қызмет – заимдық құралдар мен меншікті капиталдың құрамы мен көлемдерінің өзгерісі нәтиже болып табылатын ұйымның қызметі. Қаржылық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша қозғалысының мысалы ретінде мыналар қолданылады:



  1. ақшалардың түсімі:

акциялар және басқа да құнды қағаздар шығару; банк заимдарын алу; басқа да түсімдер;

  1. ақшалардың шығыстары:

банк заимдарын жою; меншікті акцияларды сатып алу; дивидендтер төлеу; басқа да төлемдер;

Есеп айрысулардың, әртүрлі әдістерді қолданумен жұмыс кестелерінің көлемі мен құрылымы Қазақстан Республикасы Қаржы миинстрлігінің бухгалтерлік есеп саласына байланысты қабылдаған шешімдеріне сәйкес әрқашанда ауытқып отырады. Көпшілігінде, қазіргі уақытта қаржылық есеп беруді құру жөніндегі Әдістемелік рекомендацияда талдамалық сипаттағы жұмыс кестелерінің әртүрлі варианттары бар.


5. Меншікті капиталдағы өзгеріс

Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру ұйымның меншікті капиталының қозғалысы мен жағдайы туралы, жарияланған капиталдағы, төленбеген және қосымша төленген капиталдағы өзгерістер туралы, сонымен қатар резервтік капиталдағы және үлестірілмеген табыстың (залалдың) құрылуы туралы көрсеткіштерді қамтиды. Резервтің немесе капиталдың әр түрі келесі баланстық теңдеу қағидасы бойынша құрылған:

Осн + По – Ио = Оск ,

Мұндағы, Оск – есеп беру кезеңінің басындағы әртүрлі капитал, резервтер, және қор құралдарының қалдықтары;

По – капиталдың көбеюі (есеп беру кезеңінде түскен);

Ио – капиталдың кемуі (есеп беру кезеңінде жұмсалған);

Оск - есеп беру кезеңінің басындағы әртүрлі капитал, резервтер, және қор құралдарының қалдықтары;

Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру ұйым активтерінің ұйымның өз меншігін құрайтын бөлігін сипаттайды.

Жылдық қаржылық бухгалтерлік есептемеге түсіндірме жазба – бұл негізгі аналитиалық құжат, оны кәсіпорындар жасайды. Ережеге сай, ол шаруашылық жүргізуші субъект жайлы, оның қаржылық жағдайы туралы, берілген мәліметтерінің есеп беру кезең мен алдыңғы кезеңдермен салыстырмалығы туралы ақпараттарды жинақтайды. Бірінші кезекте ол түсіндірме жазбаларда есеп беру кезеңдерінде субъект қызметтеріне оң және теріс әсер еткен негзгі себептерді ашу арқылы бизнес жоспардың барлық бөлімдері бойынша орындалуына қысқаша бағалау жүргізізіледі. Одан басқа, онда жылдық бухгалтерлік есептемеде көрсетілмеген мәліметтер келтірілуі керек, яғни өткізудің географиялық нарықтары және қызмет түрлері бойынша өнімді (жұмысты, қызметті) көлемдері туралы қосымша мәліметтерді қамтиды.

Ұйымның қаржылық есептемесіне тіркелетін түсініктеме жазбалар төмендегілерді орындауы тиіс:

1. Маңызды операциялар және оқиғалар үшін қолданылатын және таңдалған есеп сасатын және қаржы еептемесін даярлау негіздері туралы ақпараттарды ұсыну;

2. Бұрын ешқандай қаржы есептемеде көрсетілмеген, ҚЕХС талап ететін ақпараттарды ашу;

3. Қаржы есептемеде көрсетілмеген, бірақ шынайы мәліметтер үшін қажетті қосымша ақпараттармен қамтамасыз ету.


Каталог: accounting-and-auditing
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бухгалтерлік есеп және аудит» пәні бойынша 5В0
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қаржылық және басқару талдау» пәні бойынша «5В050800-Есеп және аудит» мамандығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет