Оксидтері және гидроксидтері: Э2О3 – тен тек бор оксиді суда ериді, ал алюминий, галлий, индий, таллий оксидтері ерімейді. Н3ВО3 – әлсіз, суда еритін қышқыл, бір негізді қышқыл. Галлийдің, индийдің, таллийдің гидроксидтері суда ерімейді, тек TlOH суда ериді. Олар қышқылдармен әрекеттесіп, тұздар түзеді. Ортабор қышқылын натрий тетрабораты мен күкірт қышқылын әрекеттестіріп алады:
Na2B4O7∙10H2O + H2SO4 = 4Н3ВО3 + Na2SO4 + 5H2O
Сульфидтер. Суда бор мен галлийдің сульфидтері ериді, гидролизге ұшырайды: B2S3 + H2O ↔ Н3ВО3 + 3H2S; Галогенидтері: BF3 – газ; ВСІ3 және ВBr3 – сұйық, ВІ3 – қатты зат. Гидролизге ұшырайды:
ВГ3 + 3H2O ↔ В(ОН)3 + 3НГ.
Қолданылуы. Индий айна жасауға қолданылады; таллийдің қалайы мен қорғасын қатысқан құймасы қышқылдарға өте берік, сондықтан қышқылдарды сақтайтын ыдыстар жасайды. Таллий(І) оксиді оптикалық құралдар жасауға, галлий, индий, таллий медицинада қолданылады.