Өнеркәсіпте оны табиғи карбонаттарды күйдіру арқылы алады:
СаСО3 → СаO + CО2.
Зертхана жағдайында алу: СаСО3 + 2НСІ → СаСІ2 + CО2 + H2O;
Көміртегі диоксиді полюссіз болғандықтан суда жаман ериді:
CО2 + H2O ↔ H2СO3. Көмір қышқылы әлсіз қышқыл, екі негізді
К1=4,5∙10-7 және К2=4,7∙10-11 сондықтан оның карбонаттары және гидрокарбонаттары болады. Көміртегі диоксиді қышқылдық оксид болғандықтан сілтілерде ериді: CO2 + 2NaOH = Na2CO3;
CO2 + NaOH = NaHCO3. Сілтілік металдар және аммоний карбонаттары суда жақсы ериді, гидролизге ұшырайды. Карбонаттардың термиялық тұрақтылығы металдың табиғатына тәуелді: неғұрлым металдың активтігі жоғары болса, соғұрлым карбонаттың тұрақтылығы жоғары. Гидрокарбонаттардың термиялық тұрақтылығы төмен.
Күшті қышқылдар карбонаттардан, гидрокарбонаттардан көмір қышқылын ығыстырып шығарады:
СаСО3 + 2НСІ → СаСІ2 + CО2 + H2O;
Са(НСО3)2 + 2НСІ → СаСІ2 + 2CО2 +2 H2O
CO – түссіз, улы газ, суда нашар ериді.
Достарыңызбен бөлісу: |