Алюминий, алыну, қасиеттері, қолданылуы. Алюминийдің физикалық және химиялық қасиеттері. Оксидтері, гидроксидтері, амфотерлі қасиеттері
Периодтық жүйенің ІІІА топшасының р-элементтері: бор, алюминий, галлий, индий, таллий. Атомдардың сыртқы электрондық қабатшаларының құрылысы ns2p1 (қозбаған күйінде) және ns1p1xp1y (қозған күйде) болады.
Бор мен алюминий үшін тотығу дәрежесі +3, ал галлий мен индий көп қосылыстарында +3 тотығу дәрежесін көрсетсе, таллийге көбіне +1тотығу дәрежесі тән.
Кездесуі: Жер қыртысындағы алюминийдің массалық үлесі 8,13%. KAl(SO4)2×2Al(OH)3 – алунит; Na3AlF6 – криолит; Mg[Al2O4] – шпинель; α-Al2O3 – корунд; Al2O3 – лейкосапфир – түссіз, сапфир – көгілдір, рубин – қызыл, топаз – сары. Al2O3∙nH2O – боксит(қоспа Si, Fe, Ti) ~50% таза Al2O3. Al2O3 – глинозем, корунд. Жер қыртысындағы (масс. үлес,%): бор – 3∙10-4; галлий – 1,5∙10-3; индий – 1,0∙10-5; таллий – 3∙10-4.
Алынуы: Борды магнийтермиялық әдіспен және бор галогенидтерін сутегімен тотықсыздандырып (13000C) алады:
B2O3 + 3Mg = 3MgO + 3B; 2BBr3 + 3H2 = 6HBr + 2B.
Алюминийді глиноземнің криолиттегі балқымасын электролиздеп алады:
Al2O3 – глинозем, Тб~20000С, сондықтан криолит қосып, балқу температурасын төмендетеді (9600С-қа дейін). Al2O3 → эл-з AlO2-+AlO+
K(-) → темірден жасалады, катодтағы процесс: 3AlO++3e-→Al+Al2O3 ;
A(+) → көмір(графит) 2AlO2- - 2e-→Al2O3 + О – анодтағы процесс, бөлінген атомдық оттегі графит электродын тез бүлдіреді, себебі ол жанады.
Достарыңызбен бөлісу: |