Аналитические группы анионов ► катионов



бет9/62
Дата15.02.2022
өлшемі447,46 Kb.
#131852
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62
Байланысты:
13. Аниондар анализі
Алпыс Ерқанат ЭЭк 20-3, жоба, емтихан сұрақтары
6. Уранил (П) гексацианоферрат (UO2)2[Fe(CN)6] Карбонат-иондары сарғыш түсті уранил (П) гексацианоферратын (UO2)2[Fe(CN)6] түссіздендіреді, ол түссіз уранил карбонаты UO2CO3 мен ферроцианид-ионына [Fe(CN)6]4- ыдырайды (аз мөлшерде ерітіндінің түсіне әсер етпейді):


CO32- + (UO2 )2[Fe(CN)6] → 2UO2CO3 + [Fe(CN)6]4-
Уранил ацетаты (CH3COO)2UO2 мен калий (ІІ) гексацианоферратының ерітіндісін араластырғанда уранил(ІІ) гексацианоферратының ерітіндісі қоңыр түстке боялады:


2(CH3COO)2UO2 + K4 [Fe(CN)6](UO2)2 [Fe(CN)6] + 4CH3COOK

Реакция өте сезімтал: анықтау шегі 0,4мкг.


Тәжірибе:
Сынауыққа 3-4 тамшы уранил ацетатының ерітіндісі мен 2-3 тамшы калий (ІІ) гексацианоферраты ерітіндісін құяды. Ерітінді уранил гексациано-ферратының түзілуі нәтижесінде қоңыр түске боялады. Алынған ерітіндіге тамшылатып қоңыр түс жойылғанша Na2CO3 немесе K2CO3 ерітінділерін қосады.


РО43- - фосфат ионына және ортофосфат ионына тән сапалық реакциялар

Фосфат-ион PO4-, гидрофосфат-ион HPO4-, дигидрофосфат-ион H2PO4- -үшнегізді ортофосфор қышқылының анионы, бірінші кезеңде – орта күшті қышқыл (pK1 = 2,15), ал екінші кезеңде – өте әлсіз қышқыл (pK2 = 7,21, pK3 = 12,30) болып саналады. Әр түрлі фосфор қышқылдарының көптеген фосфат-тұздары белгілі.


Фосфаттарға негізінен ортофосфор қышқылының тұздары H3PO4 (ортофосфаттар), пирофосфор қышқылы H4P2O7 (пирофосфаттар мен дифосфаттар ) және көптеген полифосфаттар (метафосфаттар, мысалы калий метафосфаты KPO3, триполифосфаттар, тетраполифосфаттар т.б.) жатады. Сапалық анализде көбіне ортофосфор қышқылының анионы орта фосфат-ион PO4-, гидрофосфат-ион HPO42- және дигидрофосфат-ион H2PO4- кездеседі.
Сондықтан алда тек орта және ортофосфат-иондары қарастырылады. Бұл аниондар сулы ерітіндіде түссіз және гидролизденеді, тотықтықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиет көрсетпейді, металл катиондарымен көпқұрамды тұрақты фосфатты комплекстер түзеді.
Аммоний ортофосфаты мен негіздік және сілтілік жер металдарының дигидрофосфаттары суда жақсы ериді, қалған металдардың ортофосфаттары суда аз ериді, минералды қышқылдарда және сірке қышқылында ериді (FePO4, AlPO4, CrPO4, Pb3(PO4)2 –нан басқалары).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет