Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Қоғаммен байланыс жөніндегі директордың орынбасары



бет21/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   126

Қоғаммен байланыс жөніндегі директордың орынбасары

Лауазымдық міндеттері. Қоғаммен байланыс саласында ұйымның саясатын қалыптастыру, жүзеге асыру және дамыту басшылықты іске асырады. Қоғаммен байланыс саласында ұйым қызметінің негізгі бағытын белгілейді. Қоғаммен байланыс саласында ұйымның ішкі және сыртқы саясатының тұжырымдамасын бекітеді. Ұйым қызметінің келешек және ағымдағы жоспарларын құруға, кешендік бағдарламаларды дайындауға қатысады. Бұқаралық ақпараттар құралдарымен, қоғамдық және сауда ұйымдарымен сондай-ақ жеке тұлғалармен өзара байланыс кезінде өкілдік қызметтерді атқарады; ұйым қызметінің аспектілерін және әрекеттерін түсіндіреді. Қоғаммен байланыс саласында ұйымның ішкі және сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен бағдарламасын, қолданыстағы жоспарларын түзету мақсатымен қоғамдық пікірге кешендік зерттеу жүргізу туралы шешім қабылдайды; қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелерінің негізінде ұйым қызметінің тиімділігін бойынша ұсыныс енгізеді. Қоғаммен байланыс саласындағы ұйым қызметінің тиімділігін бақылауды жүзеге асырады; ұйымның беделіне теріс әсер ететін ұйым қызметіндегі кемшіліктерді уақытында жоюды қамтамасыз етеді. Жоғары тұрған басшыларды сондай-ақ қоғаммен байланыс, ақпараттық-жарнама, ұйымның жаңа өнімдер түрлерін ілгерілету, қызметтің жаңа бағыттарын ақпараттық қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімді бағдарлама, саласындағы ұйым қызметтерімен байланысты барлық мәселелері бойынша ұйымның құрылымдық бөлімшелері басшыларына жедел хабарлауды қамтамасыз етеді. Ресейдің заңнамалық нормаларын және ұйым қызметіндегі қоғаммен байланыс саласында кәсіби мінез-құлықтың халықаралық қағидаларын бақылауды жүзеге асырады. Қоғаммен байланыс саласында үздік технологияларды енгізу негізінде ұйым қызметін тұрақты жетілдіруді қамтамасыз етеді. Қоғаммен байланыс және жарнама саласында ұйымның саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді және басқарады.

Білуге тиіс: қоғаммен байланыс саласын реттейтін мәселелерге қатысты заңдар және басқада нормативтік құқықтық актілер; бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама туралы заңнамалар; қоғаммен байланыс саласында кәсіби және әдептілік қағидаларының халықаралық және қазақстандық кодекстері; қоғаммен байланыс саласындағы сапаның халықаралық стандарттары; ұйымның мақсаттары, даму стратегиясы және бизнес-жоспары; ұйымның құрылымдық ерекшеліктері және өндірістің технологиясы, мамандануы бейіні; ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялық құралдарды дамыту бағыты және перспективасы; ақпараттық процестерді және бұқаралық коммуникация салаларын болжау және жоспарлау, талдау әдістері; қоғаммен байланыс саласындағы қызметтерді бағалау және ынталандыру тиімділігінің әдістері; озат технологиялар, қоғаммен байланыс саласындағы отандық және шетелдік тәжірибе; жұрт алдында сөз сөйлеу және риторика негіздері, іскерлік қатынас этикасы; саясаттану, әлеуметтану, психология, маркетинг және менеджмент негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және жұмыс стажы кемінде 5 жыл немесе қоғаммен байланыс саласында қосымша дайындық және басшы лауазымында жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуға тиіс.




Жалпы мәселелер жөніндегі директордың орынбасары

(әкімшілік директор)

Лауазымдық міндеттері. Ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара қарым-қатынаста өз міндеттерін орындайды. Ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді шешеді. өзіне қарасты құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді байланысын ұйымдастырады, олардың жұмысын ұйым жұмысының тиімділігін арттыруға бағыттайды. Ұйымның ғимараттары мен құрылыстарын техникалық қайта жарақтау және реконструкциялау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеуді жүзеге асырады. Жаңа техника мен технологияны, басқарудың прогрессивті нысандарын, өндірістік резервтерді тиімді пайдалану және ресурстардың барлық түрлерін үнемді жұмсау негізінде өндірістік-шаруашылық қызметі ұйымдастырады. Заңнамаға сәйкес ұйым жұмысы мен басқару аппараты қызметінің тәртібін айқындайды. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын әкімшілік қолдауды жүзеге асырады. Офистік шығыстардың бюджетін жоспарлайды. Офисті ұстау, жұмыс орындарын ұйымдастыру шығыстарын бақылауды жүзеге асырады. Шаруашылық шарттарды жасауды ұйымдастырады және олардың уақтылы орындалуын бақылайды. Ұйымның шаруашылық байланыстарын кеңейту шараларын қабылдайды. Ұйымның жалдау саясатын басқаруды жүзеге асырады. Корпоративтік құжаттамаларды тіркеу және мұрағаттауды бақылайды. Жылжымайтын мүлік нарығын талдайды, кеңсе орындарын іздеуді басқарады. Өртке қарсы құралдардың болуы мен дұрыстығын, үй-жайлардың, жабдықтар мен керек-жарақтардың жай-күйін бақылауды жүзеге асырады, олардың уақтылы жөнделуін қамтамасыз етеді. Ғимараттар мен құрылыстарға, инженерлік, жылумен және электрмен жабдықтау коммуникацияларына қызмет көрсету және пайдалану бойынша қызметкерлердің жұмысын бақылауды қамтамасыз ету. Көліктің барлық түрлерін тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, бұл қызметті қажетті механизмдермен және айлабұйымдармен жабдықтау бойынша шараларды қабылдайды. Қызметкерлер үшін денсаулықты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді. Қажетті есепті және есептілікті жасауды ұйымдастырады. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауын бақылайды.


Білуге тиіс: ұйым қызметінің қаржы-шаруашылық мәселелерін әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетуді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері; ұйымның құрылымы және оны дамыту перспективалары; тауарлар мен жабдықтарды сатып алу әдістемесі; баға қалыптастыру негіздері; сатып алынатын жабдықтар мен керек-жарақтардың стандарттары мен техникалық шарттары, оның жұмыс қағидаттары; көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстар үшін есептеу тәртібі; тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау, қоймаға салу ережесі мен тәртібі; есептеуіш техника, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану ережесі; басқару негіздері; салық заңнамасының негіздері; шығыстар сметасын жасау тәртібі; шаруашылық және қаржылық шарттарды жасау және орындау тәртібі; жабдықтарды, жиһазды, керек-жарақтарды, кеңсе керек-жарақтарын сатып алу тәртібі және қызметтер үшін есептесулерді ресімдеу; қол еңбегін механикаландыру құралдары; қызметкерлерді ұйымдастыру және басқару негіздері; экономика және өндірісті, еңбекті және еңбекті басқаруды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және ұйымдарда басқару лауазымында жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.





Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет