Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары


Біріктірілген, оның ішінде күрделі бұзылыстары бар



бет19/40
Дата07.02.2022
өлшемі173,42 Kb.
#83117
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40
Байланысты:
@8; 65=85 07
@8; 65=85 07
2.8 Біріктірілген, оның ішінде күрделі бұзылыстары бар

51. Біріктірілген типтегі, оның ішінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары бұзылыс түрлері бойынша (көру қабілетінде бұзылыстары бар (көрмейтін, нашар көретін, кейіннен көрмей қалған) балалрға арналған; Есту қабілетінде бұзылыстары бар (естімейтін және нашар еститін, кейіннен естімей қалған) балаларға арналған; сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға арналған; қимыл-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балаларға арналған; зерде бұзылыстары бар (ақыл-ой кемістігімен) балаларға арналған; психикалық дамуы тежелген балаларға арналған; ерік-жігер аясы мен мінез-құлқының ауытқушылықтары бар балаларға арналған) түрлі топтардан, сондай-ақ екі және одан да көп алғашқы психикалық және дене бұзылыстарының үйлесуі бар (есту қабілеті мен көру қабілетінің бұзылыстары, зерде бұзылыстары мен саңырау, саңырау және церебралды бала салдығы, көру қабілетінде бұзылыстары және церебралды бала салдығы қатар келген және басқа да) балаларға арналған топтар қалыптастырылады.


52. Толықтырылуы бұзылыс түрлері бойынша сыныптарды толықтыруға сәйкес, ал күрделі бұзылыстары бар, оның ішінде зағип-саңырау балаларға арналған сыныптар құрамы 5 баладан аспайды.
53. Оқыту мен тәрбие арнайы жағдайларды құру: заттармен (оның ішінде қарулық) практикалық әрекетті ұйымдастыру, адам айналасындағы заттармен әлеуметтік іс-әрекет тәсілдерін қолдану және баланың қажеттіліктерін қанағаттандыруға іс-әрекеттің бағыттылығы есебінен қол жеткізіледі.
54. Түзете-дамыту жұмысында қарым-қатынас құралын қалыптастыру бойынша сабақтарды өткізу, сақталған анализаторлар мен жүйелер есебінен жоғалған екі немесе одан да көп психикалық және дене бұзылыстарының орнын басу қарастырылған. Түзету-педагогикалық жұмыстың мазмұны жеке-бағдарланған сипатта болады.
55. Арнайы мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбие мен оқыту процесіне психологиялық-педагогикалық ықпалды қамтамасыз ету үшін арнайы кабинеттер (мұғалім-логопедтің, олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың, тифлопедагогтың, психологтың, әлеуметтік педагогтың) құрылады. Түзету жұмысында арнайы техникалық құралдар: дыбыс күшейткіш аппаратура, зағип-саңыраулардың қарым-қатынасы үшін телетакторлар, тифлотехникалық құралдар қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет