Арнайы мектепте қазақ тілін оқытудың принциптері, заңдылықтары



бет4/7
Дата11.01.2022
өлшемі19,59 Kb.
#111230
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс 2. Арнайы мектепте қазақ тілін оқытудың принциптері, заңдылықтары
Konspekt-lektsij-po-distsipline -Osnovy-krosskul-turnogo-obshheniya, философия сессия, Педагогика, Kratkie.konspekty.lekcij..Teoreticheskii.osnovy.logopedii, Kratkie.konspekty.lekcij..Teoreticheskii.osnovy.logopedii, biologiya-pnnen-8-synypa-arnalan--tosan-zhiynty-baalau-tapsyrmalary, «География» п нінен 2-то сан а арнал ан жиынты ба алау тапсырма, 1 аралық бақылау сұрақтары (1), abzhanova sha et zhne et onimderinin tekhnologiiasy, аза стан Республикасыны экономикалы реформаларыны жа ыруы к, 50, 50, Методичка ТСП 1, Темы ДП ВЕБ
Үшінші заңдылық. Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналармен қатар сөйлеу мәнері, сезімге бөлене сөйлеуді меңгереді.

Мұндағы әдістемелік қағида: сөйлеу мәнеріне назар аудару.

Бұл қағиданы іске асыруда мына сияқты ережелер сақталады:

  1. тілдің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарын үйрену барысында сезімге бөлене сөйлеу мәнерінің жолдарын түсіндіріп отыру;

  2. ана тілі мен қазақ тілі сабақтарын міндетті түрде байланыстырып отыру;

  3. көркем мәтіндердің сезімге әсер ететін бөліктерін таңдап алу.


Төртінші заңдылық. Жазбаша сөйлеу ауызекі сөйлеуді таңбалау жүйесіне аудару ретінде (дыбысты таңбаға көшіру) ұғынылады.

«Жазбаша сөйлеу бала үшін сөйлеуді меңгерудің жалпы екінші кезеңі (Н. С. Рождественский). Ауызекі сөйлеудің өзі шындықтағы заттар мен қатынастардың таңбалары болып табылады. Жазбаша сөйлеу ауызекі сөйлеудің дыбыстары мен сөздерін шартты түрде белгілейтін таңбалардан тұрады» 1.Сауат ашу кезеңінде баланы жазуға үйретудің бастапқы шағында әуелі оған таныс емес әріптің бұрыннан таныс, естіп жүрген дыбысы айтылады. Мұнда тағы бір маңызды мәселе — ауызекі сөйлеудің жазбаша сөйлеумен салыстырылып тұруы. Мысалы, тыныс белгілерін қоюда дауыс ырғағының рөлі. Сонымен, ана тілін оқытуда жазбаша сөйлеудің ауызшамен салыстырылуы мынадай әдістемелік қағидаға негізделеді. Бұл қағида төмендегі ережелерді сақтағанда іске асады:
1) ауызекі сөздегі дыбыстар мен жазғандағы әріптерді салыстырып отыру;

2) дауыс ырғағы мен тыныс белгісін салыстырып отыру;

3) ауызша және жазбаша жаттығуларды ұштастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет