Мысал ретінде, су молекулалары арасындағы сутектік байланысты алайық (1.9 –сурет). Судың бір молекуласындағы оттек атомдары мен басқа молекуласындағы сутек атомдары арасында орныққан байланысын кішкене диполь ретінде алуға болады ( оттегінің заряды, ал - сутегінің заряды). Осы зарядтар арасындағы тартылыс сутектік байланыстың пайда болуына алып келеді, ол 1.9-суретте нүктелермен кескіңделген. Тартылыстың болуына сутегі атомы өлшемінің аздығы себеп болады, ол өзіне теріс электрлік атомның жақындауына жағдай тудырады.