«Аудит» пәні бойынша емтихан жауаптары. ҚР-да экономикалық бақылауды ұйымдастыру


Аудиторлық фирманың аудитордың қызметіне бақылау жасауы



бет10/42
Дата11.06.2022
өлшемі116,76 Kb.
#146413
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
Байланысты:
Е-332 Аудит емтихан жауаптары (1)
3144357494, 3144357494
14. Аудиторлық фирманың аудитордың қызметіне бақылау жасауы.
Орташа және ірі аудиторлық фирмаларда орындалатын жұмыстардың сапасына және аудит бойынша процедуралардың жүзеге асырылуына бақылау жасау біліктілігі жоғары мамандардан құрылған Сарапшылар Кеңесіне жүктеледі. Бұл кеңес жұмыс тобының қатысушылары дайындаған барлық жұмыс файлдарын тексереді. Фирмаішілік сатндарттарға сәйкес аудиттің сапасына бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін тұрақты және ағымдағы файлдар енгізілген құжаттар жасалуға тиісті.
Ағымдағы файлдар — жұмыс тобының жетекшісі тексерген құжаттар.
Аудит нәтижелерін тексеру кезінде негізінен төменгі мәселелерге көңіл аудару керек:

  • аудиттің жалпы жоспарға және бағдарламаға сәйкес орындалғандығы;

  • жасалатын жұмыстардың және олардың нәтижелерінің тиісінше құжатталғандығы;

  • айқындалған аудиторлық процедуралардың мақсатына жеткендігі;

  • тексеру нәтижелерінің қаржылыққорытынды есептің дұрыстығы жөнінде ой-пікір білдіру үшін негіз болатындығы.

Тұрақты файлдар — Сарапшылар Кеңесі мен аудиторлық фирманың басшысы тексеріп, бекіткен құжаттар. Оларға келесілер жатады:

    • қызмет көрсету процесіндегі екі жақтың міндеттері мен шарттары туралы ақпаратттары бар клиентке арналған хат-келісім;

    • клиенттің ішкі бақылау жүйесіндегі негізгі кемшіліктер және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды хабарлаушы хат;

    • Аудиторлық тексеру нәтижелерін қарастыру хаттамалары және т.б.

Аудитор жұмысының сапасына сыртқы бақылауды мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Бірақ бұл бақылау жанама болып табылады, себебі оның мақсаты – аудитордың жұмысын тексеру емес, салық төлеудің дұрыстығын, кәсіпорында заңға қайшы іс-әрекеттердің орын алуын және т.б. тексеру.


15.Қазақстандағы аудиттің халықаралық стандарттары.
Аудиттің стандарттары мен нормалары аудит жүргізілетін субъектілер мен аудитордың жұмысын және біліктілігін қарап тексеруде жетекшілік, нысана ретінде қолданылады.
2000 жылдың 16-шы наурызында, Алматы қаласында өткен ҚР аудиторларының бесінші республикалық конференциясында ҚХАС қарастырылып қабылданды.
Аудиторлық қызметтің халықаралық стандарттары 4 бөлімнен тұрады:
1. Негізгі постулаттар – бұл аудиторлық қызметтің стандарттарының жалпы негіздерін құрайтын қажетті шарттар, логикалық принциптер, заңдылықтар.
2. Жалпы стандарттар – бұл аудитордың алдында тұрған міндеттерді тиімдіжәне кәсіби орындау үшін қажетті ие болатын анықтау сапасы және мамандық дәрежесі.
3. Жұмыс стандарттары – аудитордың жұмысын жоспарлаудың қажеттігі туралы ережелер, ішкі бақылау жүйесін оқып білу және бағалау.
4. Есеп берудің және аудиторлық есептің стандарттары – аудиттің барысында нақты қай қаржылық есеп беру тексерілетіндігіне, тиісті ережелер, қаржылық есеп беру жалпы қабылданған ережелерге сәйкес толтырылған ба? Қорытындыда қаржылық есеп берудің бухгалтерлік есеп талаптарына сәйкестігі көрсетілуі тиіс.
Аудит стандарттарының маңызын төмендегілер айқындайды:
- жоғары сапалы аудиторлық тексеруді қамтамасыз етеді;
- аудит өткізудің барлық кезендері (сатылары) бойынша регламентті анықтайды;
- аудиторлық тексеру нәтижелері дұрыстығының құқықтық кепілдігін қамтамасыз етеді;
- Қазақстан аудиттің деңгейін көтереді және оны халықаралық экономикалық қатынастар саласында танымал етеді;
- аудит өткізу және оның нәтижелерін рәсімдеу мәселелеріне қатысты тәсілдерді, терминдерді, анықтамаларды, мәлеметтерді біз ізге салу міндеттерін шешеді;
- аудиторлық тексеру жүргізу іс-тәжірбиесінде жаңа ғылыми жетістіктерді енгізуге ықпал етеді;
- ақпаратты пайдаланушыларға аудиторлық тексеру жүргізу процесін түсінуге көмектеседі;
- кәсіптің қоғамдық беделін құрайды;
- мемлекет тарапынан бақылауды жояды;
- аудиторға клиенттермен келісөз жүргізуге көмектеседі;
- аудит өткізу процесінің жекелеген элементтерінің байланысын қамтамасыз етеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет