Қазақ Әдебиетінің алтын ғасыры. Зерттеу. Астана,


Бықылдап, көлде қиқу – шағала, қаз



бет10/37
Дата23.10.2016
өлшемі10,52 Mb.
#55
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37

Бықылдап, көлде қиқу – шағала, қаз


Былқылдап малға толар қырдың қойны,

Сылқылдап әзілдесер, күлер сылқ-сылқ.

Он бір буынды тармақтың әдеттегі өлеңдегідей соңғы бунақтары емес, бастапқы сөздері ұйқастан, бұрын қазақ поэзиясында сирек кездескен жаңа форма. Тіршіліктің оянуын, табиғаттағы жаңғыртуды, жан-жануар, құстың, адамдардың әрекет-қимылы арқылы бейнелейтін бұл өлеңдегі көркемдік принцип – ақынның табиғат лирикасына түгелдей тән, оның жалпылық, жинақтаушылық сипаты.

Шашыранды туындылар емес, ақын табиғат пен адам байланысының диалектикасын көрсететін шығармалар шоғырын, өлеңдер циклін дүниге әкелді. Бұлардың ішінде балалар талғамын ескеріп жазылған, ырғақты, сөздері ойнақы, жаттауға оңай, тақпақ үлгісіндегі «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Күз» (1923) өлеңдерінде жыл мезгілдері мен табиғаттағы өзгерістер еңбек әрекеттерімен сабақтас бейнеледі.

Осы тәсіл қазақ үшін ең бір қаһарлы маусымды бейнелейтін «Қыс» (1922) өлеңінде де қолданылады.

Қыс, қар, мұз, қырау, қылау – жерді көміп,

Бұлт бүркеп, тұман төніп, баса шөгіп,

Жер-көкті аяз бүріп, қызыл жалап,

Бұрқ-сарқ боран құсып, шашып, төгіп…
Ойда омбы, дөңде қағыл қырдың қары,

Жылымақ, мұздақ болса – қырғын-дағы.

Қатындар қалтырасып судан қайтқан

Қарғанып қыдырғанға қырдың шалы, -

деп басталған шығармада бірте-бірте тұрмыс қарекеттері, шаруаның көңілсіз күйі, әлеуметтік теңсіздік айтылады.

Жаз, күз, қыстың графикалық кескінін сызғандай етіп берген, терең әлеуметтік мағынаны пейзаждық лирикаға сыйдырған, әрқайсысы 8 тармақты 3 шумақтан тұратын, қазақ өлеңінің құрылысына формалық жаңалық енгізген «Мезгіл суреттері» (1923) туындысы былай басталады:

Жерің анау,

Жасыл жолақ кілемдей.

Желің мынау,

Жігіт айтқан өлеңдей.


Көлің анау,

Той ғып жатқан ауылдай.

Күнің мынау

Елжіреген енеңдей.


Осы өлшеммен отырып, ақын күздегі жерді шала илеген теріге, желді дарымшының деміне, көлді насыбайлы түкірікке, күнді ауылнайдың мөріне, қыстағы жерді кебінге, желді ел күңіренген өлімге, көлді көк пияла темірге, күнді тұманға теңейді. Сөйтіп, ескі қазақ аулының қайғылы, панасыз, қорғансыз, сүреңсіз бір суретін жасайды.

Табиғат лирикасындағы ақын ізденістері сан алуан. Философиялық сипаттағы, қоршаған ортаның сесті көріністерін, табиғаттың ерекше құбылыстарын адам басындағы жағдайлармен, қоғамдық істермен сарындастыра, астастыра, символикалық сипат бере бейнелейтін «Желді күн» (1924), «Бұлақ бойында» (1924), «Көлге» (1924), «Ауылдың алды» (1926) сияқты туындылары бар.

Пейзаж суретін жасау үшін ақын өлең музыкасына, сөз сылдырына, дыбыс сыңғырына, тектес, туыстас ұғымдарға, бояу жарасымына, кірккен, жымдасқан басқы, ішкі, аяққы ұйқастарға, тіл мөлдірлігіне ерекше көңіл бөледі. Ассонанс, аллитерация, консонанс, троптың сан алуан формасын қолданады.
Жайлауым желді қарағай,

Жайлауында елі жарасқан.

Жанымда жайлау жағалай

Жанса, қалай жақ ашпан.


(«Желді қарағай»).
Ауылдың алды айдын көл,

Айдын көлде шағала.

Айдын көлді жағала,

Айнала қонған қалың ел.


(«Ауылдың алды»).
Сөз суреті бірінші өлеңде жасыл бояумен салынса, екіншіде ақ бояу басым.

Ілияспен пейзаж лирикасының ішіндегі еуропалық үлгілерге ұқсамайтын, ұлттық бояуы айрықша қанық, қазақ тілінің бейнелеу қуатының керемет қуатын көрсеткен, ерекше бітімді, стильдік-көркемдік тұрғыдан бірегей туындысы – «Жетісу суреттері» (1925). «Жалпы сын», «Тау суреті», «Жетісуда су суреті», «Жетісу жәндігі», «Жер түгі» деп аталатын тараулардан тұратын бұл шығарма асқан шебердің қолынан шыққан, құлпырып жанаған мың сан майлы бояумен салынған картиналар сериясынан тұратын кескін өнерінің кемел полотносындай әсер етеді. Қазақ халқының мыңдаған жылдар мекен еткен алтын ұя, құт мекені – Жетісудың ақбас асқар, ну тоғай, қоғалы көл, қоңыр құмдарын мадақтаған ақын аттарының өзі бейне боп сөйлеп тұрған биік тұғыр, көкке шаншылған шың, қатпар-қатпар жартастар тұрпатын келісті суреттеп береді. Тарбағатай, Алтай, Жоңғар, Алатау сілеміндегі белгілі-белгілі таулардан сөз суретін түспеген бірде-бірі қалмайды. Тау кескінінен ақын бірде адам мінезін көрсе, бірде тұрмыс суретін аңғартады. Кейде сұсты, қаһарлы, кейде күлкілі, сәулелі бейнелер туады. Дәл эпитет, оқыс теңеу, келісті метафора көз тұндырады. Әйгілі Қарқара жайлауының суреті:


Қарқара қалың қазақ көбесіндей

Албанның албырт – ерке енесіндей.

Қарағай қапталдағы, жыныс арша.

Қыдырлы малдың құтты келесіндей.

Текестің көкке өрлеген тік қиясы.

Сымпиып сол маңайдың төресіндей.

Мыңжылқы мыжырая жантайысқан

Өзгесі жүгініскен төрешідей.


Былшықтай, Бесжырғалаң, Түптің түрі


Қатықтың жаланбаған тегешіндей.

Қарқара жарасымды жазық жайлау

Үй – күлше, құрттың жайған өресіндей.
Ақын Ыстықкөл, Балқашкөлді, Шу, Іле, Шелек, Көксу өзендерін, тау-тасты, қиын жынысты өзен-көлді мекен ететін сілеусін, ілбіс, аю, бұғы, бұлан, қасқыр, шиебөрі, қарсақ, сусар, бұлған, жанат, тау теке, арқар, құлжа, қарақұйрық, марал секілді аңдарды, тасқара, балта жұтар, ақбас құмай, бүркіт, лашын, тұйғын, қырғи, құрмықи, ителгі, тұнжыр, тынар, тұрымтай, бидайық, тығанақ, үкі, құладын, бұлбұл секілді құстарды, шымшық, шөже, тоқылдақ секілді торғайларды өлеңге қосады. Ал мұндай айтылатын ағаш, шөп атаулыдан тұтас ботаникалық бауды толтыруға болатындай, олар: қарағай, тал, долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша, қызыл қайың, ақсасық, барша, шынар, шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен, үйеңкі, шырғай, тораңғы, сарыағаш, қойқарақат, жиде, тобылғы, түйеқұйрық, бауырқұрт, қараған, шеңгел, шілік; сарыкүйік, тауқонақ, шәйшөп, маңқа, құлынембес, сүттіген, еңлік, мейіз, киізкиік, ақшалғын, көкемарал, бетеге, раң, жапырақ теңге, балдырған, у қорғасын, шүлкеуір, шырыш, шытыр, мықтамыр, жуа, рауғаш, жаушыпырақ, балауса, сорғыш, селдір ермен, бақ-бақ, сыбызғы, жалбыз, құлмақ, қарақияқ, шоқайна, меңдуана, сора, шақпақ, қурай, шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ, қоға, жуа, сарымсақ, қымыздық, қызсаумалдық, қалақай, құстаңдай т.б.

Бұлардың өсіп-өнетін жер ыңғайы, қасиеті бейнелі түрде өлеңге қосылған. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: «Мен Ілиясты бұрын да білуші ем, өлеңдерін оқып жүретінмін. Бірақ оның шын мағынасында дарынды ақын екенін мойындағаным сол «Жетісу суреттер» өлеңін оқығаннан кейін», - дейді.

Ілиястың асқан ақындық шеберлігін көрсететін, ағаштан түйін түйгендей бес саусағынан өнері тамған халық ұсталарының зергерлігін еске түсіретін, ел тұрмысында мың жылдар бойы қолданылған әр түрлі заттардың сөзбен құйып шығарғандай сипатын беретін өлеңдер шоғыры поэзиямыздың төрінде оқшау, дара тұр.

Жеңгенің монологы түрінде жазылған «Сабын» (1925) өлеңінің дыбыстық үйлесімінде әдемі гармония бар:

Сақардың еді сексеуіл,

Сабыным сағызша оралшы.

Сабыннан ырым етуші ек,

Оңалсаң ісім, оңалшы.


Салт жырларының әуезімен басталған туынды әрекет-қимыл динамикасын бере отырып, надандық, ескілік, қараңғылықты мансұқ еткен халықтың тазалыққа, еркіндікке, сұлулыққа бой ұрған мұраттарына ойысады.
Ауру-ылас, кір-қолаң

Ауыртып еді мазаны ап.



Каталог: repository -> history
history -> Рымғали Нұрғали СӨЗ Өнерінің эстетикасы а ң д а т у
history -> Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат
history -> Қазыналы биікте. Р. Нұрғалидің азаматтық, ұстаздық, ғалымдық келбеті. –Алматы,
history -> Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!
history -> Халел досмұхамедов
history -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
history -> Алматы: «Санат» баспасы, 2001. 480 бет
history -> ҚазақТЫҢ ЖҮз романы. Оқу құралы. Құрастырып, баспаға дайындаған академик Рымғали Нұрғали. –Астана: «Фолиант», 2004. 456 бет. «Қазақтың жүз романы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет