М аңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы «№3 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сі Бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Оралхан Адбижамиевна Сыныбы: 3 Пәні: әдебиеттік оқу Тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа Оқу мақсаты: Білу: Мысал өлеңдегі шегіртке мен құмырсқаның іс-әрекетін сипаттау
Түсіну:Өлеңдегі кейіпкерлердің іс –әрекетіне түсінік беру,мысалдағы сөздердің неліктен жасыл бояумен берілгенін анықтау.
Қолдану:Мысалды рөлге бөліп оқыту,мысал мазмұнын ашу
Талдау :Мысалдан кейіпкерлердің іс-әрекетінің, мінез –құлқының суреттелген жерін табу, мысал кейіпкерлерін салыстыру
Жинақтау :Мысал кейіпкерлерінің іс –әрекетін талдай отырып, өмірмен байланыстыру
Бағалау: Мысал кейіпкерлері арқылы автордың айтқысы келген ойын анықтау,оларға баға беру
Күтілетін нәтиже : Біледі : Мысал өлеңдегі шегіртке мен құмырсқаның іс-әрекетін сипаттайды.
Түсінеді:Өлеңдегі кейіпкерлердің іс –әрекетіне түсінік береді,мысалдағы сөздердің неліктен жасыл бояумен берілгенін анықтайды.
Қолданады:Мысалды рөлге бөліп оқиды, өз оймен бөліседі.
Талдайды :Мысалдан кейіпкерлердің іс-әрекетін, мінез –құлқын суреттелген жерді табады, жазушы қолданған сөз тіркестерін тауып, түсіндіреді,салыстырады.
Жинақтайды :Мысал кейіпкерлерінің іс –әрекетін талдай отырып, өмірмен байланыстырады
Бағалайды: Мысал кейіпкерлері арқылы автордың айтқысы келген ойын анықтайды,оларға баға береді.