«Қазақ мұнайының а р дақтылары»



бет46/47
Дата05.11.2016
өлшемі53,32 Mb.
#423
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
***
А. Ержанұлы, профессор
«Академик Шахмардан Есенов, біріншіден, қазақ жерін, қазақ елін, оның табиғаты мен байлығын терең білетін білгір азамат, екіншіден, ешкімге жамандық ойламайтын, әрбір адамның жақсы жағын ғана көретін, кек алуды емес, кешірімді болуды үйрететін, үшіншіден, әкесінің рухани байлығы Шахмарданда да бар болатын. Ресми жерде айтпағанмен, оңашада, көңілді отырған жағдайларда орыс-қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан үзінділерді жатқа бұрқырата жөнелетін, төртіншіден, қазақ елінің келешегі туралы жиі толғанып, жастарға деген көңілі, қамқорлығы ерекше болды. Олардың рухани бай, мәдениетті, білімді болуына көп көңіл бөлетін. Жақсы оқитын, ынталы жасты көрсе, балаша қуанатын, бесіншіден, ешкімнің көңілін қалдырғысы келмейтін мейірбанды жан болды».

***
Иә, мұндай үзік-үзік, бірақ ойлары кесек-кесек пікірлер де ғалым болмысын, тұлғасын ашып беруге аз үлес қосып тұрған жоқ. Осылай ой түюлерді жалғастыра берер болсақ, ұзаққа созылары сөзсіз. Өйткені оның бұл өмірде ғалым достары, шәкірттері, әріптестері, тіптен өзін танымаса да сырттай құрметтейтін, сыйлайтын, тұрмыс-тіршілікте араласқан адамдары, жандары аз болмаған. Біз біразының сөзін тыңдап, жазған естеліктерін оқыдық. Сол пікірлер мен естеліктерді және өз зерттеуімізді қорыта келе, Шахмардан Есенов бар өмірін, жиған-терген білімі мен тәжірибесін халқы үшін жұмсаған, нағыз басшы, ғұлама ғалым екенін мойындадық. Мойындай тұрып, оның ғибратты ғұмырын бүгінгі жастар мен келер ұрпаққа үлгі, өнеге етеуге ұмтылдық.

Бір анық нәрсе бар, ол тіршілгінде-ақ «Дарабоз» «Кемеңгер»,

«Тұлға» атанған академик Шахмардан Есенов есімі ғасырлардан ғасырларға ұласып, мәңгіге өмір сүре берері хақ!

Түгел сөздің түйіні
ТҮЙІН

311


Сонымен, «Мұнайшы» қоғамдық қордың тапсырысымен жазылып шыққан «Шахмардан Есенов» атты кітаптың соңғы нүктесін қойып, түгел сөздің түйінін түюге де жеттік. Біздің мақсатты ісімізге қол ұшын беріп, Шахмардан Есенов жайлы саналарында сақталған естеліктерін ақтарыла айтып, жол-жоба көрсеткен оның туған-туыстары: Дәулетов Абдолла, Ізтілеуов Серғара, Қалбергенов Шайзатқа алғысымыз көп.

Біздер Ш. Есеновтың туған ауылы «Ащықұдықта» болдық, әліп- пені алғаш қолға алып, сауат ашқан «Тартоғай» орта мектебіне келдік, еңбек ұжымымен таныстық, біраз мәліметтер алдық. Осы орта мектепте 28 жыл тарих пәнінен сабақ беріп, қадірлі ұстаз атанған, талай жыл оқу ісінің меңгерушісі болған Дүйсенбайқызы Тұрған апай әңгімесін былайша өрбітті:

«Біздің «Тартоғай» орта мектебіне жерлесіміз, академик Есенов Шахмардан есімін алуымыз оңайға түскен жоқ. Сол кездегі мектеп директоры Ахметов Пернебек екеуміз қайда хат жазып, кімнің есігін қақпадық. Бес жыл дегенде, 1997 жылы арнайы шешім шығып, жерлесіміздің есімі берелді. Ол кезде мектебіміз шағын, балалар үш ауысыммен оқитын. Шахмардан ағаның шәкірті, мамандығы геолог-барлаушы Қалбергенов Шайзат жаңа мектептің салынуына көмектесіп, ол 2005 жылдың 2 қарашасында ашылды. Оған Есенов әулетінен Кәмила апай балаларымен келді. Құр қол келмей, бірнеше компьютер, музыкалы аспап, телевизор, кілем әкеп сыйға тартты.

Шахмардан ағаның ізін басып, мектептің жақсы атын шығарып жүрген оқушыларымыз аз емес біздің. Мысалы, Сарсенбаев Табиғат, Палымбетова Фатима, Сәулебеков Айтбай, Ахметова Нұргүл, Мәжіханова Гүлбану, Шәйімбетова Саяш ғылымның әр саласында бірі доктор, бірі кандидаттық қорғап, аға ізін жалғастырып жүрген түлектеріміз. Тіптен, Ахметов Бақытжан деген оқушымыз «Болашақ» программасымен Австралияда оқып жатыр. Болашақта да Шахмардан ағаның ізін қуатын жастардың көбейе беретініне сеніміміз мол. Себебі үлгі алатын алдарында Есеновтей академик ағамыз тұрған жоқ па?!»

Қазіргі Ш. Есенов атындағы орта мектептің директоры Ақбенбетов Дәурен академиктің өмірі мен қызметін баяндайтын шағын музей ұйымдастырып жатқанын баяндаса, Тартоғай ауылдық Кеңестің төрайымы тұрғындардың тұрмыстық жағдайы мен жаңа уақытпен

312 Шахмардан Есенов
үндесе өсіп келе жатқан ауыл тіршілігін баяндады. Бәрінің әңгімесінен жерлестері Шахмардан Есенов есімімен мақтанатындықтары айқын аңғарылып-ақ тұр.

Шиелінің басындағы «Шахмардан Есенов» мешітінің күндіз-түні шырағын сөндірмей отырған имам Мұхамбеткәрім мен көмекшілерінің иманды ісі сүйсінтті.

Шахмардан ағаның артында қалған қолжазба-құжаттарын шашау шығармай жинап, ашылған музей-көрмелер болса, көмектесіп, кітаптарының шығуына қаражат-қамқорлығын аямай, әйтеуір, бір тыным таппай жүрген Кәмила апайдың еңбегі ерен. Бізге де көп құжаттарды көрсетті, таныстырды, өткен өмірдің өнегелі әңгімесін шертті. Апай бізге: «...марапаттаймыз деп жүріп, өтірік мақтауға ұрынып қалмайық, қалқам! Шахаң турал шындық қана жазылсын...» – деді, қарапайымдылық пен парасат танытып.

Әдетте, қайтыс болған адамның артында балалары қалып жатса, ондай адамды өлді деуге болмайды деп тоқтау айтып, фәлсапа түйіп жататынымыз бар. Ал біз Кәмила апайдың Батыры Ел азаматының атын есте қалдыру мен бүгінгі жасқа үлгі-өнеге ету жолында атқарып жатқан істеріне қарап, артында адал жары қалған адамды да өлді деп айтуға болмайды екен деген ойға келдік. Батыры көтерген отауының отын өшірмей, үлкен қара шаңыраққа айналдырып, бала- ларын ұйытып, немерелерін сүйіп отырған Кәмила апайдың жоспар- лап отырған жұмысы әлі де көп. «Менің Шахмардан ағам кіші жүздің қызын мықтап таңдаған екен!» деп, таныса келе сырлас болып алған Кәмила апайға риза болғандығымыздың ишарасын осылай білдіріп, қалжың да айтып қоямыз.

Елімізде академик Ш. Есенов есімін мәңгіге қалдыру шаралары әлі жүріп жатыр. Еңселі ескерткіш Қызылорда қаласы ортасын- да тұр. Қазірдің өзінде Алматы, Жезқазған, Қызылорда қаласында оның есімінде көше бар, Ақтау қаласындағы Техникалық универси- тетке есімі берілді, алдына еңсесі биік ескерткіші орнатылды және Қ. Сәтбаев атындағы Политехника университеті тау-кен факультетінің екі оқу озатына, Ғылым Академиясының аспиранттарына Ш.Есенов атындағы стипендия тағайындалды. Бірге қызметтес болған ғалым- дардың ұйымдастыруымен «Біртуар Шахмардан», «Главный геолог» атты екі кітап және бір «Академик Шахмардан Есенов» деген фото- альбом шығарылды.

Түгел сөздің түйіні

313


Әрине, бұл Шахмардан Есеновтей біртуар тұлға туралы бар әңгіме айтылып, оның барлық қыры ашылып болды деген сөз емес. Ол туралы әлі ұзақ-ұзақ айтылатын да, жазылатын да болады. Біздің бұл еңбегімізді сол үлкен теңізге құяр кішкентай ғана бүлкілдеп ағып жатқан бұлақтың бірі ғана деп қабылдаған дұрыс.

Тіршілікте бірін-бірі ағалы-інідей қадір тұтып, сыйласып өткен ақын Салықов Кәкімбек жырымен соңғы нүктені қоймақпыз.

314 Шахмардан Есенов
ІЗІҢ ҚАЛДЫ ӨШПЕСТЕЙ


Нұр жүзіңде күлкі ойнаған, гүл тұнып, Сыр бойында өскен арда құлпырып. Қанат сермеп ақ сұңқардай ол шықты, Ұлытаудан Алатауға сілкініп.
Бос өткен жоқ ол үшін жай күн тымық, Көкке өрледі, самғай түсіп ұмтылып. Майдан-ғұмыр алтын алқа тақса да, Ығыр көрді кете жаздап қылғынып.
Шындық осы. Беу, ағайын, сөкпеңіз, Топырақ шашып көрмеп едік көпке біз. Шахмардан мен Ебіней үшін айтарым, Сұм тағдырға аз емес қой өкпеміз.
Айдап салғыш алдаушылар көбейді, Сайрағыштар айтқызбады көп ойды. Қос қыраннан шүрегейді оздырып, Ақиқатшыл ашқызбады көмейді.
Ешкімнен де ығыспаймыз жорта біз, Қазаққа айғақ ақиқатты қортамыз. Ауыр күнде алға ұстарлық нар еді, Арлы қазақ! Босап қалды ортамыз.
Аяғынан шалса дағы арыстың, Көрді талай қияметін жарыстың. Бастан тиді қауырт келген зілзала, Көзін жұмды бір інісі Қаныштың.

Түгел сөздің түйіні
Қоштасарда жалғыз сөзбен шақталған, Сырым осы шын жүректен ақтарған. Өзің өттің, Ізің қалды өшпестей, Топырағың торқа болсын, Шахмардан!

315




(1994 жыл, 23 тамыз, Алматы)


ЕЕЕЕЕЕЕ


Б.С. Өжкенов

«Еліміздің бас геологы» (сөз басы) .....................................................................5
Бірінші бөлім

«Өмірі «Өларада» өткен Жорабек» .....................................................................8
Екінші бөлім

«Талаптың мініп тұлпарын» ..............................................................................45
Үшінші бөлім

«Жезқазған кеннің қоймасы» .............................................................................58
Төртінші бөлім

«Бір ғылым еді іңкәрің...» ..................................................................................88
Бесінші бөлім

«Бейнетін қиын көрмедің...» ............................................................................123
Алтыншы бөлім

«Ұстазы мықты ұлы болады» ..........................................................................167
Жетінші бөлім

І. «Адамның қасиеті өзінде емес сөзінде!» .................................................185
1. Ш. Есенов. «Республика мұнайшыларының зор жеңісі» .........................185
2. Ш. Есенов, С. Курманов. «О нефти, нефтебизнесе и

компетентности тех, кто ими занимается» .....................................................190
3. Ш. Есенов. «Абу Насыр аль-Фараби ..........................................................193

Мазмұны

317


ІІ. «Жақсы адам менің жадымда»....................................................................203
М. Қозыбаев. «Ел баласы Сыр баласы Шахаң туралы сыр»....................203
Г. Жолтаев. «Қазақтың сен бір жұлдызы...»..................................................204
Б. Рамазанова. «Білікті басшы болды» .........................................................209
Сайын Назарбек. «Шахаңды әлі сағынамын» .............................................212
С. Шалабаев. «Оның есімі – халық жадында» .............................................219
Г.Р. Бекжанов. «Инженер, ученый и государственный деятель» ................222
Б.М. Зубарев. «Друг и коллега»......................................................................229
Е.М. Селифонов. «Ш.Е. Есенов – это целая эпоха

в геологии Казахстана».....................................................................................230
Б.С. Зейлик. «Самый великодушный

и решительный министр».................................................................................234
Н.В. Ниретина. «Я счастлива, что работала

при великом «Шахе» .........................................................................................239
Х.Ш. Альжанов. «Слово о Шахмардане» .....................................................248
С. Сартаев. «Он пользовался всеобщей любовью»......................................257
Э.Ю. Сейтмуратова. «Память о звездных людях вечна» ............................262
С.М. Оздоев. «Памяти Шахмардана Есеновича Есенова»...........................268
Ж. Сыдыков. «Ученый, общественный деятель,

замечательный человек»...................................................................................270
А. Мауленов. «История одной рукописи, или память,

которая согревает» ............................................................................................272

318 Мазмұны


Д. Кишибеков. «Академик Ш. Есенов и аль-Фараби» .................................274

Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)
files -> Формы и методы подготовки учащихся к итоговой аттестации по обществознанию


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет