Монополиялық билік - тауар бағасына әсер етуге және нарықта өзінің шарттарын орындауға қабілетті болу, бұл өнімнің осы түрі өндірісінің және оны өткізудің елеулі бөлігін шоғырландыру арқылы жүзеге асырылады.
Міндетті резервтер нормасы - коммерциялық банктер міндетті түрде резервте сақтайтын депозиттердің бөлігі.
Ноу -хау - кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі туралы технологиялық, ұйымдастырушылық, коммерциялық білімдердің жиынтығы.
Өнеркәсіптік саясат - экономикалық өсуді ынталандыру мақсатында өнеркәсіпті ұйымдастыру мен оның құрылымын қалыптастыруд үшін үкіметтің тікелей қатысуымен жасалатын саясат.