Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі


қазақтың ұлттық ойынын  ойнаттым. Мұнда орамалды кезектесе беру арқылы түбір сөзге жұрнақ пен жалғауды ажыратуға үйренуге болады



Pdf көрінісі
бет7/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022
Ты адвокат, ҚҚЗТ сессия жауаптары 2, Мукатова Светлана Жумабековна, Желтоқсан ызғары, -1026910756 (1), 2 5332466815861787269
 
қазақтың ұлттық ойынын 
ойнаттым. Мұнда орамалды кезектесе беру арқылы түбір сөзге жұрнақ пен жалғауды ажыратуға үйренуге болады

«Ойын»
деген сөзді ала отырып, келесі оқушы орамалды алып оған 
(–шы
жұрнағын жалғауды. Келесі оқушы орамалды 
алып 
(– лар
) деп жалғап кете береді. Осылайша ойын жалғасып кете береді. 
Қазақ тілінің фонетика бөлімін оқытқанда сабақтың пысықтау кезеңдерінде алфавиттік метаграммалар, 
сөзжұмбақтарды пайдалану өте тиімді. Мұнда оқушы дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлерін есте сақтап оны дұрыс 
қолдануға үйренеді. Жасырынған дыбысты табу арқылы ол, біріншіден, өзінің сауатын арттырады, екіншіден сөздік 
қорын молайтады. 
Фонетикалық ойындар оқушылардың сауаттылығын арттырады, дыбыстарды терең меңгеруге көмектеседі. Ойынға 
бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін 
шыңдайды. Олардың білімдерін одан әрі дамытады, тереңдетеді, ізденімпаздығын арттырады, шығармашылық 
қабілетін дамытады. 
Грамматикалық ойындар арқылы сабақта балалар түрлі жағдайларға, оның шешу жолдарына үйренеді. Ойын 
баланың логикалық қабілетін, белсенділігін, қызығушылығын арттырады. Балалар жақсы ойындарды шынайы 
ынтасымен, белсенділікпен ойнай отырып, сабақта алған білімін толықтырады, дамытады, Ойынды тез үйренемін деп 
ізденімпаздығы артады, шығармашылық қабілеті дамиды. 
Сабақ баланың ақыл-ойына күш түсірмей, ойын түрінде өткізіледі. Балалардың логикалық ақыл-ойын, эмоциялық 
еркін, зейінін, ынтасын дидактикалық ойындар арқылы арттыру барысында ойындарды түрлендіріп, күрделендіріп 
отыруға болады. Ойынның әр түріне уақыт саналы түрде бөлінуі қажет. Бұл – сабақтың тартымды болуының шарты, 
әрі балалар ондай сабақты зейін қоя, тез ұғып алады. 
Сонымен қатар сергіту ойындарын кеңінен пайдаланамын. Сабақты қай кезеңінде болса да, әсіресе, балалар 
шаршады-ау деген мезетте сергіту, бой жазу жаттығулары өте пайдалы. Сергіту ойындарында көктемгі, жазғы табиғат 
құбылыстарын т.б. айтумен қатар қимылдармен бейнелейді. 
Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет