2- топ:
Мен қарттың терісіне сыймай отырғанын көрдім. Қаладағы баласы ауылға көптен бері ат ізін салмады. Мұғалімінің
алдында қатты қысылып, жерге кіріп кете жаздадым.
3- топ:
Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық. Екі ел тонның ішкі бауындай күй кешті. Қасқырды көргенде
Жандостың жүрегі тас төбесіне шықты.
«Оқулықпен жұмыс».
111- жаттығу (ауызша) 114-жаттығу.
1- топ:
Мәтінді түсініп оқып, мәтінге ат қою.
2- топ:
Мәтіннен тұрақты сөз тіркестерін табу.
3-топ:
Қорқыт туралы әңгімелеу
“Суретіне қарап сөзін таны”
/суретке сай тұрақты тіркестер тауып жазу/
1-топ:
/көз бен қабақ/
2- топ:
/қол мен құлақ/
3-топ:
/бет пен ауыз/
“Бейнелеп айтып көр...”
1-топ:
Мұғалім Айдын Омаровтың білмейтіні жоқ, бәрін де істей алады. Ол суретші де, жүргізуші де, ағаш шебері де,
механик те. Музыка аспаптарында ойнап, би билейді.
Бейнелеп айтқанда, ондай адамды қалай атайды?
2-топ:
Болаттың әскерде бірге болған жақын досы бар екен. Ол үнемі сол досын айтып, әңгімелеп отырады.
Сөйтіп үнемі
айтып отыруды не дейді?
3- топ:
Жақан клубқа барса, онда адам көп, тығыз, отырарға орын жоқ екен. Жақан кіре алмай үйіне қайтып кетеді.
“Неге кіріп отырмадың?” деген інісіне ол не деді?
Достарыңызбен бөлісу: