Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


***** 105 Ақтөбе қаласы Сазды орта мектебі



Pdf көрінісі
бет132/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

*****
105


Ақтөбе қаласы Сазды орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
 Мырзанова Венера Баубекқызы
Тақырыбы:
Адамзат тудырған алып тұлға
Сабақтың мақсаты:
Ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып-өскен ортасы,алған тәлім-тәрбиесі; әлеумет ісіне араласуы,
Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері туралы білім беру. Абайдың орыс әдебиетіне ден қоюы,
орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтармен қатар революционер-
демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбовтардың еңбектерін оқуы, ақын аудармаларының қазақ әдебиетін
жаңа ой орамдарымен байытуы, Абай аудармаларының ерекшеліктері туралы ұғындыру.
Сабақтың міндеті:
Абай ақындығының бастаулары, ақынның білім алған мектептері және білімін кеңейту арналары, ауыз
әдебиеті Абайдың үлгі алған қайнар бұлағын оқыта отырып адамгершілікке, отанды сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
жарыс сабақ
Сабақтың әдісі:
түсіндіру, іздену
Сабақтың көрнекілігі:
слайд, Абай портреті,
М.О.Әуезов «Абай жолы» 4 том, Алматы «Жазушы» 2007 ж
Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;
Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994ж
Сабактың барысы 
І. Ұйымдастыру бөлімі
: Сабаққа даярлық. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Топ аттары
« Білгірлер»,
« Тапқырлар».
ІІ.Жаңа материалмен жұмыс.
Құнанбай болашақта билік тізгінін қолда ұстайтын адамға оқудың қажетін өз тәжірибесінен
аңғарған. Сондықтан адам танығыш сыншы әке болашақта орнымды басатын осы болады деп, басқа балаларынан гөрі
Абайға көп үміт артты. Оны 9 жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза деген молданың медресесіне оқуға беріп, білім
алсын, қазақтан басқаны да біліп, көрсін деген
.
Медресе деген — жатын орны, тамақ ішетін үй-асханасы өз ішінде, бұл жағынан мектеп-интернат сияқты, мұсылман дінінің
жолын үйрететін оқу орны. Абайдың адамдық, ақындық өмірбаянында осында өткізген 3,5 жылдың орны ерекше. Ол мұңда
мұсылмандық қағидаларын, үстірт болса да—тарих, география, есеп пәндерін оқиды. Көбінесе жаттауға құрылған дін оқуы
бір естігенін, оқығанын ұмытпайтын, табиғатынан алғыр жеткіншекке қиынға түспейді. Жас шәкірттің бұл жылдарғы зор
жетістігі- қыр еліне таңсық араб, парсы, түркі тілдерін (қазақ, қырғыз, өзбек, ноғай, т.б. сияқты түбі бір туыс елдердің ортақ
тілі) жетік біліп шығуы. Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын Петербурда бастырып шығарған Кәкітай Ысқақов кіріспе
сөзінде кемеңгер ақын ағасының өмірі мен шығармалары жайында баяндай келіп: "...қырда ғарапша (арабша дегені.— Ұ.
А.), парсыша Абайдан артық білетін ешкім болмады",— деп жазды. Соның арқасында ол өзінің бос уақытын осы тілдерде
жазылған бұрынғының ғұлама оқымыстыларының кітаптары мен атақты ақындарының өлең, дастандарын, ескілікті
аңыздарын бас алмай оқиды. Әсіресе ақындарына қатты қызығып, соларға еліктеген өлеңдер де шығарады.
Абайдың Семейде оқыған кезіндегі ақындық талпынысынан да, қыр баласының елдегі құрбыларынан ерекше мұнда не
үйренгенінен де оның сол кезде шығарған мына 4 жол өлеңі көп хабардар ететіндей
13 жасар Абайды әкесі оқуын толық тамамдатпай, асығыс ауылға алдырады. Құнекеңнің ел ішіндегі жағдайы соны талап
етсе керек. Ол балаларының ішінен өзіне әзірге көмекші, кейін орнын басар мұрагер іздегенде — Абайға тоқтайды. "әке
балаға сыншы" деген. Оның үстіне, Құнанбай сияқты көреген де дана әке қателеспейді. Абай алғашында ел атқамінерлеріне
әкесінің сәлемін жеткізіп, олардың жауабын алып келу сияқты тапсырмаларды орындайды.
-Оқушылар сабағымызды бастауға дайынбыз ба! -Ия, апай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет