Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет131/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

2-топқа:
 
Тұрақты тіркес пен еркін тіркестің арасында қандай айырмашылық бар?
3-топқа:
 
Олардың қандай ортақ белгілері бар?
Шығармашылық жұмыс
1-топ:
«Ана тілімді құрметтеймін» Ойтолғау жазу.
2- топ:
«Анам – өмірімнің мәні»
3-топ:
«Болашақтың кілті – білімде»
 Үйге тапсырма:
а) Тұрақты тіркестерді қайталау;
ә) «Менің мектебім» тақырыбында тұрақты тіркестері бар, шағын мәтін құрастыру.
Бағалау.
Кері байланыс Топпен жұмыс істеген ұнады ма?

- Сабақта не қызықты болды? - Бүгінгі алған біліміңді қай жерде қолданасың?

Қорытынды
*****
104


Ақтөбе қаласы Сазды ортамектебінің
бастауыш класс мұғалімі Мусагалиева Б.
Тақырыбы: 
Білім керек бәріне. Фариза Оңғарсынова
Сабақтың мақсаты: автор туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мазмұнын негізгі идеясын ұғынуына жағдай жасау
Сабақтың міндеттері
Білімділік: өлеңді түсіне отырып оқу, талдау; хрестоматиядағы өлеңдермен салыстыра отырып, негізгі ойға қорытынды 
жасау.
Дамытушылық: мақал-мәтелдердің мағынасын талдай отырып ойын,зейінін, есте сақтау қабілеттерін, сөз тіркестері арқылы 
сөйлеу тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: «Кім болам?» деген ойларын ұштай отырып, мамандық иелерін құрметтей білуге, ата-анасының еңбегін бағалай 
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі:мамандық иелерінің суреттері, білім,оқу туралы мақалдар кестесі
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-амандасу
-жоқ оқушыларды түгендеу
-құралдарын тексеру
-назарларын сабаққа аудару
ІІ. Қызығушылықты ояту.
-Күнбе-күн мектепке келуден жалықпадыңдар ма?
-Осы біздің мектепке келудегі мақсатымыз не?
-Менің мақсатым не? Сенің мақсатың не?
Жеке, жұпта, топта жұмыс істеп, талқылайды.
Оқушылардың қорытындысын тыңдау
-Ал оқу, білім туралы қандай мақалдар білеміз?
Кестемен жұмыс
Ілім - бұлақ Білім - шырақ. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ. 
Оқу инемен құдық қазғандай. Оқу түбі тоқу. 
Өнер ағып жатқан бұлақ Ілім - жанып тұрған шырақ. 
Білім қымбат, білу қиын. Ақыл тозбайтын тон Біл - таусылмайтын кен. 
Ойнада күл Оқыда біл. Білім - ер азығы, Ер - ел азығы. 
Оқу - білім азығы, Білім - ырыс қазығы 
Оқу - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы. 
Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні қаріп. 
Өнер ағып жатқан бұлақ. Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар. 
Білімді өлсе, Қағазда аты қалар, Ұста өлсе, Істеген заты қалар. 
Білім таппай мақтанба, Өнер таппай баптанба.
-Білім сөзіне байланысты қандай сөз тіркестерін жазып алар едің?
-Оны қалай түсіндіресің?
Ал Фариза Оңғарсынова өз өлеңінде былай депті....(оқулықтағы өлеңге назар аудару)
ІІІ.Мағынаны тану
Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.
Тізбектеп оқу кезінде «Түртіп алу» әдісі бойынша сөздік жұмысын жүргізу. 
-Білім алу жолы қандай жол?-Неліктен?
-Білім алу үшін неше жыл кетеді деп ойлайсың?
-«Білгенің бір тоғыз,
Білмегенің- тоқсан тоғыз» демекші, адам өмір бойы оқу, білім алумен болады екен.
Сергіту сәті ретінде осы өлеңнің өзін дауыстап, мәнерлеп оқи отырып, қимыл-қозғалыспен көрсету
«Толықтыру» тесті:
Ғарыш кемесін-----------------------------
Көк жүзіне-----------------------------------
Мұхиттарды--------------------------------
Ғажап үйлер-------------------------------
Дәрі де ойлап -------------------------------
«Білегіңе сенбе, біліміңе сен» дегендей, адам арманына қолын білім арқылы жеткізеді.
ІV.Ойтолғау.
Дәптердегі «Білім деген байлық бар» атты өлеңді оқып, қалған тапсырмаларды ретімен орындайды.
-Өзіңе үлгі болған адамдарды атап жаз. Ол адам туралы әңгімелеп бер.
Жек, жұпта, топта талқыланады. Топ жұмыстарынан үздігін тыңдау.
Сабақты қорытындылау.
V. Үй жұмысы: Өлеңді қалай жалғастырар едің? Өз арманыңды қосып жаз. 4-бет жаттау.
Бағалау: Сабаққа қатысымына қарай оқушыларды бағалаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет