Қара түске – жойылып кеткен түрлер тізімін
Қызыл түске – жойылу қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер тізімін
Сары түске – саны тез азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер әлемінің өкілдерінің тізімін
Ақ түске – қашан да саны аз болып келген жануарлар тізімін
Сұр түске – тіршілік ету ортасына қол жеткізілмеген түрлер тізімін
Жасыл түске – жойылып кету қаупінен аман қалған түрлерді ғаламтордан іздеп, мәлімет айту. (5мин)
Топтағы қалған оқушыларға берілген суреттерді тіршілік ету аумағына қарай сәйкестендіру.(5мин)
Сергіту сәті.
Галереяға саяхат жасау ( балалар орнынан тұрады, суреттерді тамашалайды, нақты мәліметтер алады).(3мин)
Барлық топқа ортақ тапсырма беріледі.
Ақбөкеннің суреті интербелсенді тақтадан көрсетіледі. Бұл аң туралы не білеміз? Заң тұрғысынан қорғауға алынған ба? Қай
жерді мекендейді? Картадан мекен ететін жерлерін көрсету. 1 минут ойлану, ой қорыту.
Күтілетін жауап: былтыр елімізде ақбөкендердің жаппай қырылуы туралы айтады. Қорықтар құрылып, қорғап қалу үшін
түрлі сақтық шаралары жүргізілетінін айтады. (3мин)
Қорыту.
Оқушылар, сіздердің ойларыңызша құмырсқа жойылып кетуі мүмкін бе? Егер жойылса, неліктен? Экологиялық
проблемалар неден туындайды? Табиғаттағы тепе-теңдік дегенді қалай түсінесіңдер?(5мин)
Үй тапсырмасы:
Қара түске – Қазақстандағы қорықтар туралы мәлімет жинау;
Қызыл түске –Маңғыстау облысында қызыл кітапқа енген өсімдіктер туралы жазу;
Сары түске – Маңғыстау облысында қызыл кітапқа енген жауарлар туралы жазу;
Ақ түске – жойылып кеткен жәндіктер туралы көнекөз қариялардан мәліметтер жинақтау;
Сұр түске – Каспий теңізіндегі қызыл кітапқа енген жәндіктер туралы жазу;
Жасыл түске – ҚР табиғатты қорғау заңын әлемдегі осындай заңдармен салыстыру;
Достарыңызбен бөлісу: