ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ – белгілі түрде қоғамның сапалық өзгешелігін, оның заңдарын, әлеуметтік идеалдарын, шығу тегі мен дамуын, өткені мен болашағын, әлеуметтік процестердің логикасын пайымдайтын философияның бөлігі. Бұл философияның саласы адам мен қоғамның ара- сындағы өзара байланысты қарастырады. Бұл бағыттың негізін қалаушы – Сен-Симон (XIX ғ)., классиктері – Конт, Маркс, Энгельс, Спенсер, ХХ ғ. өкілдері –– Фуко, Бодрийяр, Бурдье.
ӘПЕНДІ – ел ішінде қулық-сұмдықты білмейтін, қақ-соқпен жұмысы жоқ, жүріс-тұрысы тосын, жасына қарамай аңқау-аңғал, қылығы қызық, әйтседе жан дүниесі таза адамды сыпаттайтын этикалық ұғым. Ол табиғи жүріс-тұрысымен және орнықты сәлем-сауқатымен ғана емес, ерекше әңгімесімен көптің көңілінен шығады. Ондай жанның мінезі мен жүріс- тұрысының әдеттегі қалыптардан алшақтығын көргенде немесе ол туралы естігенде жұрт мәз болып, сергіп қалады. Адамдар қай-қайдағы күлкілі жайттарды соларға апарып жамап, әр жерде қалжың-күлкіге айналдырып айтып жүреді. «Ә.» сөзін бұрынғыда – жағымды, жақсы мағынада, кейінірек
– теріс, келемеждеу сыңайында қолдану – ел санасына сіңіп кетті. Теріс мағынада Ә-ні «әпербақан» мағынасында да қолданылады. Әпербақан- дыққа көбіне а) алаңғасарлық, әңгүдіктік, әулекілік сияқты ұнамсыз мінез-қылықтар тән, ә) қоғамда әлеуметтік құндылықтар ауысқан, көп жақты дағдарыстар көрініс берген кезеңде өршиді. Қоғамның үйреншікті сүрлеуінен шығатын мұндай мінез-құлықта қатыгездік, дөрекілік, өзгенің абыройы мен намысын аяқ асты ететін теріс қылықтар басымдық етеді. Оның шет көріністері – ымырасыздық, қиратушылық қазан төңкерісінен кейінгі ұжымдастыру, байларды тәркілеу және репрессия кезінде етек алған әпербақандықтан халқымыз сұмдық жапа шеккені белгілі. Ә-нің сүйеніш- таянышы – оның әдеттен тыс үмітінде, қоғамның өтпелі кезінде – оның тәртіпті бүлдіргіш жойқындығында.
Достарыңызбен бөлісу: |