Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті



бет7/11
Дата19.02.2017
өлшемі4,86 Mb.
#10528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бірінші жоғалтулар:

  1. Тірекке бекіткен кезде кернеудің релаксациясынан; арматура түрінен және созу әдісіне байланысты болады, механикалық әдіс кезінде σ1=0,1σsp-20,электротермиялық және электротермомеханикалық әдісте - σ1=0,3σsp.

  2. Температураның өзгеруінен, яғни арматураның және созатын құрылғылардың температураларының айырмашылығы, В40 бетоннан төмен бетондар үшін σ2=1,25Δt, В45 және одан жоғарғы бетондар үшін σ2=1Δt; мұндағы Δt арматура мен тіректің температура айырмашылықтары.

  3. Анкерлердің деформациясынан болатын жоғалту σ3=(λ/l)Еs, мұндағыλ=2мм – шайбалардың қысылуы, λ=1,25+0,15d инвентарлы қысқыштардағы сырықтардың орын ауыстыруы, d- сырық диаметрі, l- сырық ұзындығы; электротермиялық созу кезінде σ3=0; бетонға тіреген кезінде σ3={(λ1+λ2)/l}Еs.

  4. Арматураның үйкелісінен болатын жоғалту σ4

  • канал немесе бетонға тіреген кезінде конструкциямен болатын үйкелістен;

  • тірекке тіреген кезде майысатын жердегі болатын үйкеліс.

  1. Болатты форманың деформациясынан болатын жоғалту, конструкцияның түріне, ұзындығына және формасына байланысты болады, белгісіз болса σ5=25 МПа деп қабылдайды;

  2. Бетонның ағуынан болады, қатаю түріне, кернеу мәніне және бетон классына байланысты, бетонды қысу кезінде және кейін 2-3 сағат аралығында болады. Табиғи қатаю кезінде σ6=40σbp/Rbp, егер кернеу σbp/Rbpα болса, мұндағы α =0,25+0,025 Rbp ≤0,8 σbp- бетонды қысатын кернеу.

Екінші жоғалтулар:

  1. Армматураның кернеуінің релаксациясынан болатын σ1=σ7.

  2. Бетон отыруынан болады σ8, бетон түріне, созу түріне және қату түріне байланысты.

  3. Бетон ағуынан болады, алдын ала қысу күшінің ұзақ әсерінен болады, бетон түріне, созу түріне және бетондағы кернеуге байланысты,

Егерσbp/Rbp ≤0,75, болса бетон сызықты түрде ағады.Онда σ9=150ασbp/Rbp.

Егерσbp/Rbp>0,75, болса бетон сызықты емес түрде ағады. Онда σ9=300α(σbp/Rbp-0,5)



  1. Арматура кедір-бұдырлығынан болатын бетондағы жаншылу, бетонға орау тәсілімен созылса (диаметрі 3м болатын құбырларда және резервуарларда)σ10=70-22d.

  2. Құрылымды конструкцияның блоктарын қосқан кезде арасында болатын қысу деформацияның салдарынан σ11=(nλ/l)Es, мұндағыλ=0,3…0,5 – қосылыс қысылуы,nтігіс саны.

Алғашқы кернеулер жоғалтуларын екі топқа бөледі (кесте 1),σlos,1 –бірінші жоғалтулар, бетонның қысылуына дейін; σlos,2 – екінші жоғалтулар, бетонның қысылуынан кейін.

Кесте 1. Алғашқы кернеу жоғалтуларының топтары



Созу тәсілі

σlos,1

σlos,2

Тірекке

σ1+ σ2+ σ3+ σ4+ σ5+ σ6

σ8+ σ9

Бетонға

σ3+ σ4

σ7 + σ8+ σ9 + σ10+ σ11

Толық жоғалтулар 200…300 МПа-ға дейін жетуі мүмкін. Нормалар бойынша оларды 100 МПа етіп қабылдайды.

4 Алдын ала кернелген конструкцияларды есептеген кезде, жұмыстың әртүрлі сатысында болатын бетондағы және арматурадағы алдын ала қысудан пайда болатын кернеуді есептеу қажеттігі туады.

Бетондағы алдын ала қысу күші кернелген және кернелмеген арматурадағы тең әсер ететін күштердің мәніне тең болады (сурет 4,6):



Р=σspАsp+ σ'spА'sp- σsАs- σ'sА's(1.9)

Сурет 4,6. Қысу күштерінің таралу сұлбасы.

Ал келтірілген қиманың жүктеу центріне байланысты эксцентриситеті тең әсер ететін және құрайтын күштердің теңдігі шартынан анықталады:

еор=(σspАspу - σ'spА'spу' - σsАsуs + σ'sА'sу's)/Р

5 Алдын ала кернелген ТБК-дағы кернеулерді анықтау үшін (1-ші сатыда, сызаттар түзілгенге дейін) бетонның келтірілген қимасын қарастырады, бұл қимада арматура қимасының ауданын эквивалентті бетонның қимасымен алмастырады. Бетон мен арматураның деформацияларының тең болатынын еске ала отырып, келтіруді екі материалдың серпімділік модульдары αsb қатынасынан алады.

Келтірілген қиманың ауданы келесідей болады (сурет 4,7):



Сурет 4,7. Келтірілген қиманың сұлбасы



Аred=А +αАsp+ αА'sp+ αАs+ αА's(1.11)

Келтірілген қиманың статикалық моменті І-І өсі бойынша, астыңғы қыры бойынша

Sred=ΣAiyi(1.12)

І-І өсіне дейін ауырлық күші центріне дейінгі қашықтық:

yo=Sred/Ared(1.13)

Келтірілген қиманың инерция моменті, келтірілген қиманың ауырлық күші центрі бойынша:



Ired=Σ{Ii +Ai (yo - y)2}(1.14)

Мұндағы,


А – бетон қимасының ауданы; Аi– қиманың бөлігінің ауданы;

yi–қиманың і бөлігінің ауырлық центрінен өсI – I-ге дейін арақашықтық;

Ii– қиманың і бөлігінің инерция моменті, қиманың ауырлық центрімен өтетін.

6 Бетон қысылған кезде серпімді емес деформациялар орын алады, нормальді кернеулердің эпюрасы қисық сызықты болады. Бетондағы кернеуді анықтау үшін элементті ортасынан тыс қысылған деп қабылдайды:

Σbp =Р/Аred ±Реopy/Ired(1.15)

Есептің мақсатына байланысты кернеуді қиманың биіктігі бойынша әртүрлі деңгейде анықтайды:

  • Арматурадағы бақыланатын кернеуді тексеру үшін – кернелетін арматура күші бойымен;

  • Қысу кезіндегі шектік кернеуді анықтаған кезде –ең шеткі қысылған талшық бойымен;

  • σ6,σ9 жоғалтуларын тапқанда кернелетін арматураның ауырлық центрі бойымен.

Дәріс 5. Темірбетон кедергісінің эксперименталды негіздері


  1. Темірбетон кедергісі теориясының мақсаты.

  2. ТБ элементтерінің кернеліп-деформацияланған күйінің үш кезеңі.

1 ТБ кедергісі теориясының негізгі мақсаты ТБК-ң кернелген-деформацияланған күйін бағалау және инженерлерге конструкцияны жобалау үшін ғылыми дәлелденген мағлұматтарды беру.

Нормальді, көлбеу және кеңістікті қималарды есептеудегі соңғы мақсат иілу моменті бойынша қиманың сондай мөлшерін таңдау, оның көтеру қабілетін қамтамасыз ету үшін, немесе элементтің қимасы белгілі болса, оның көтеру қабілеттігін тексеру.

Есеп бойынша анықталған арматураның қимасының ауданының элементтің нормальді қимасының ауданына қатынасы элементтің өзіндік бағасынан аспауы керек.

ТБ кедергісі теориясының тағы бір мақсаты жергілікті жүктеуге есептер құрастыру немесе жетілдіру (жаншылу, айырылу, еңгізу).



ТБ кедергісі теориясын элементтердің жүктелу кезеңдеріне байланысты кернеліп-деформацияланған күйінің түрін зерттеп құрастырады. Қимадағы бойлық өске нормальді келетін қиманың шектік күштерін табу үшін келесі шарттарды еңгізеді:

  • Бетонның созылуға беріктігі ноль етіп алынады, қысуға беріктігін Rb;

  • Арматурадағы деформацияны бетонның қысылған аймағының биіктігіне байланысты етіп қабылдайды, және алдын ала кернеу әсерін еске алады;

  • Арматурадағы созылу күштерін Rsесепті созылу кедергісіне тең етіп алады;

Сыртқы жүктеулердің сатылап көтерілуі кезінде ТБ элементінің кернеліп-деформацияланған күйінің үш түрін байқауға болады (сурет 5,1):

Сурет 5,1. Кернеліп-деформацияланған күйдің кезеңдері.



Кезең І – созылған бетонда сызаттар пайда болғанға дейін, бетондағы кернеу арматураның және бетонның уақытша созылуға кедергісінен төмен болғанда.

Бетонда және арматурада жүктеу мәні аз болғанда, деформациялар серпімді болады. Кернеу және деформация тәуелділігі сызықты болады, кернеу эпюралары үшбұрышты болып келеді.



Кезең ІІ - созылған бетонда сызаттар пайда болғаннан кейін, сызат аймағында арматура жұмыс істейді, ал сызат үстінде бетон. Сызат арсындағы аймақта арматура мен бетон бірге жұмыс істейді.

Жүктеу әрі қарай көбейген кезде бетонның қысылған аймағында серпімді емес деформациялар орын алады, нормальді кернеулер эпюрасы қисаяды, ал максималды кернеу ординатасы қима шетінен терең аймаққа ауысады.



Кезең ІІІ – бұзылу кезеңі, элемент жұмысы қысқа уақытты, арматурада кернеу физикалық немесе уақытша ағу шегіне жетеді, аса берікті сымда уақытша кедергісіне, ал бетонның қысылған аймағында қысылудың уақытша кедергісіне жетеді.

Жағдай 1. Бұзылу созылған аймақтағы арматурадан басталады және бетонның қысылған жерінің жаншылуымен аяқталады. Кернеу ағу шегіне дейін апарады, салдарынан сызаттар тез ашыла бастайды да қатты майысу пайда болады. Бетонның қысылған аймағының биіктігі азаяды, қысылған аймақтағы кернеу Rb-ға жетеді, нәтижесінде бетон бұзылады. Деформация пластикалық болады.



Жағдай 2. Созылған арматураның саны артық болғанда элемент морт сынады, өйткені бетонның көтергіштігі кенеттен азаяды. Бірақ арматурадағы кернеу шектік мәніне дейін жетпейді, бұл жағдай аса армирленген элементтерде кездеседі.

ІІІ кезең беріктікке есептегенде қабылданады.

Алдын ала кернелген элементтердің кернеліп-деформацияланған күйлері сызат түзілгеннен кейін жай элементтердің күйіне ұқсас (сурет 5,2).

Сурет 5,2. Кернелген арматурасы бар иілетін элементтің кернелген күйінің сатылары.


Дәріс 6. Иілген ТБ элементтерін нормальді және көлбеу қимасы бойынша есептеу

  1. Иілетін элементтердің түрлері және конструктивтік ерекшеліктері.

  2. Алдын-ала кернелген элементтерді құрастырудағы ерекшеліктер, арқалықтардың шеткі аймақтарын күшейту.

  3. Кернелген арматураны анкерлеу.

  4. Иілетін элементтердің нормальді және көлбеу қимасы бойымен бұзылуының сипаттамасы.

1 ТБК-да иілген элементтердің ең көп таралған түрлері ол тақталар және арқалықтар болып саналады. Арқалық деп ұзындығы l қалған екі өлшемнен b, h –тан көп болып келетін конструкцияны айтады. Тақта деп қалыңдығы h ұзындықтан l және ені b- дан әлде қайда аз конструкцияны айтады.

Тақталардан және арқалықтардан көптеген ТБК-н жасайды, көбінесе жазық аражабын және жамылғылар, құрастырмалы және монолитті немесе құрастырмалы-монолитті (сурет 6,1).



Сурет 6,1. ТБ элементтерден жасалған аражабындар сұлбалары.



ТБ элементтері тікбұрышты, таврлы, қоставрлы және трапециялы қималы болып келеді:

Сурет 6,2. Арқалықтардың көлденең қималары және армирлеу сұлбалары.


Арқалықтардың биіктігі h әртүрлі мәнді болады, негізі аралық үлесінен 1/10, 1/20 бөлігін құрайды. Ал ені (0,3…0.4)h бөлігін құрайды.

Жұмысшы арматураны элементтің созылған аймағында бір немесе екі қатармен құрастырады.

ТБ арқалықтарында иілу моменті мен қатар көлденең күштер пайда болады, сондықтан көлденең арматураларды орналастыру қажеттігі туады. Оның үлесін конструктивті және есеп нәтижесінен қабылдайды.

Бойлық және көлденең арматураны пісірілген немесе байланған қаңқаларда байланыстырады (сурет 6,3).



Сурет 6,3. Арқалықтарды армирлеу сұлбалары.



2 Алдын ала кернелген иілетін элементтерде арматураларды иілу моменті эпюрасына және көлденең күшке байланысты орнатады.

Иілетін элементтердің ең қолайлы қимасы қоставрлы болып саналады, ал қабырғасы қалың болса таврлы етіп қабылданады.



Кернелетін арматураны созылатын аймақтарда келесідей етіп орналастырады:

Сурет 6,4. Арматура орналастыру мысалдары.



а- аса берік сымдармен; б- ауыспалы қималы сырықтармен; в- шоқтармен немесе қанаттармен.
Алдын ала кернелген арқалықтарда тірек маңайындағы аймақтарды конструкциялау аса маңызды болып табылады. Өйткені, бұл жерде арматураның қысу күші бүйірдегі анкерлер арқылы бетонға беріледі. Сонымен қатар, бұл жерде жергілікті кернеулер максималды болғандықтан сызаттар пайда болуы мүмкін. Сондықтан, бұл аймақтарды қосымша көлденең арматуралармен күшейту керек, олар пісірілген қаңқалар немесе қамыттар түрінде болады.

3 Кернелген ТБ элементтерін дайындаған кезде арматураны бүйір жағында бекіту үшін анкерлі құрылғыларды қолданады (сурет 6,5):

Сурет 6,5. Анкерлі құрылғылар.

а- шығарылған бас; б- бөліктермен қосу; в -сақиналарды пісіру; г- шетінде гайкасы бар сырық; д- қысылған шайба; е- киілетін шайбасы бар.

4 Иілетін элемент деп, бір иілу моменті немесе иілу моменті мен көлденең күші бар элементті айтамыз.

Мысалы ретінде бір аралықты ТБ арқалықты алайық. Екі тіректе еркін жатыр және екі симметриялы жүктеме шоғырланып әсер етуде(сурет 6,6). Жүк арасындағы аймақта таза иілу орын алады; көлденең күш Q=0. Жүктеудің белгілі бір кезінде бетонның созылған аймағында нормальді сызаттар пайда болады (бойлық өске перпендикуляр). Иілу моменті және көлденең күші әсер ететін аймақта көлбеу сызаттар орын алады.



Сурет 6,6. Иілетін элементтің сұлбасы.

Нормальді армирленген иілетін элементтерде бұзылу созылған арматурадан басталады. Болат ағу шегіне жеткен кезде бетонның қысылған аймағының биіктігі күрт азаяды. Тек қана арматурасы көп элементтерде бұзылу қысылған бетоннан басталады. Бұл кезде арматураның беріктігі толық пайдалынбайды да, экономикалық тұрғыдан тиімсіз болады.

Арқалықтың нормальді бойымен бұзылу түріне байланысты есептеудің екі түрі аыратылады:



  • Бірінші жағдай, элементтің бұзылу себебі арматураның бұзылуынан болады;

  • Екінші жағдай, элементтің бұзылуы бетонның қысылу аймағында болғандықтан болады.

Егер басты созатын кернеулер мәні бетонның созылуға беріктігін асырса, көлбеу сызаттары пайда болады (сурет 6,7).

Сурет 6,7. Көлбеу сызаттарынан пайда болған бұзылу.

Жүктеудің әрі қарай өсуімен сызаттар әрі қарай ашылып, үстіндегі бетон жаншылады, салдарынан элемент бұзылады. Көлденең қамыт арматурасында да кернеу шегіне жетеді, ал бойлық арматурадағы кернеу шектік мәніне дейін жетпеуі де мүмкін.

Дәріс 7. Иілген ТБ элементтерін нормальді және көлбеу қимасы бойынша есептеу

1. Бір арматурасы бар тік төртбұрышты және таврлы қималы элементтердің нормальді қимасы бойынша беріктігіне есептеу.

2. Иілетін элементтердің көлбеу қимасы бойынша көлденең күшке есептеу.

3. Көлденең сырықтарды есептеу

1 Кез келген симметриялы формалы элементті беріктікке нормальді қима бойынша есептегенде, элементтің шектік жағдайда тепе-теңдікте тұрғанын қабылдайдыΣМ=0жәнеΣХ=0.

Кернелмейтін бір арматурамен армирлеген кезде ΣХ=0 теңдігін келесі түрде жазуға болады:



RbAbc= RsAs(1.15)

Ал ΣМ=0 теңдігін келесі түрде жазуға болады:

М ≤ Мu= RbAbczb = RbSbc(1.16)

Сурет 7,1. Иілген элементті есептеуде

а- кернеу мен күштің сұлбасы; б- бұзылу сұлбасы.

Аb= bx;  zb= ho- 0,5x;  Sb= Аb zb = bx(ho- 0,5x)

Rbbx = RsAs;   x = RsAs/(Rbb)(1.17)

ξ = x/ho= RsAs /(Rbbho);      M ≤ Rbbx(ho- 0,5x)(1.18)

Мұндағы,

ξ – қысылатын аймақтың салыстырмалы биіктігі.

Сонымен қатар, қысылатын аймақтың ауырлық центрімен өтетін өс арқылы момент көмегімен өрнектеуге болады:

M ≤ RsAs(ho- 0,5x)(1.19)

(1.17),(1.18),(1.19) формулаларын бірге қолданады. Олар келеді егер x<ξRho, мұндағы ξR- қысылатын аймақтың шектік салыстырмалы биіктігі, бұл кезде арматурадағы созу кернеуі шектік мәнге ие болады σs→Rs.



ξR= xR/ho = ω/{1 + σsR/σscu (1 - ω/1,1)}(1.20)

Элементтің көтеру күші бірдей болған жағдайда, арматура қимасы соғұрлым кіші болады, егер ho жұмысшы қиманың биіктігі ұлғайса. Яғни арматурасы көп және аз қималарды алуға болады.



Армирлеу коэффициенті

μ = As/(bho)(1.21)

Және армирлеу үлесі μ100, келесі қатынастарды ескергенде bxRb= RsAs жәнеξ=x/hoкелесі түрде көрсетілуі мүмкін:



μ = ξRb/Rs;     100μ = 100ξRb/Rs(1.22)

Осы жерде төртбұрышты қимадағы арматура үлесінің максималды мәнін табуға боладыξR.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет