Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



Pdf көрінісі
бет26/46
Дата18.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#102686
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46
Байланысты:
Нұрзия кітап 2
БМ әдебиетті оқыту әдістемесі3-курс, 1-ОМӨЖ. Галилейдің эксперименті. Молекулалардың таралу жылдамдығын меңгеру әдісі, 097f4db7-ab4e-43db-b646-4fd98c8e10f0, қмж 7а кл архимед заңы, Қоршаған ортаның қолайсыз факторларына байланысты оқу қиындықтар 2, срсп, Руханият срсп 11
Блиц тест 
1. Оқу жылы аяғында 1 сынып оқушысы минутына неше әріп  жазатынын 
анықтаңыз.  
  А) 3-4             В) 5-6               С)7-8              Д) 8-9                Е) 7-9 
 2. Қалам ұшы мен көздің ара қашықтығын белгілеңіз. 
А) 15-20 см           В) 20-25 см          С)25-30 см     Д) 30-35 см        Е)35-40 см 
3. Оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге қарай жазуға үйрету.  
  А)Генетикалық әдіс;     В) Бастыра жазу әдісі;         С) Сызық ішіне жазу әдісі; 
  Д)Ритмикалық әдіс;     Е) Мұғалім үлгісі әдісі. 
4. Баланың қолын жаттықтыру үшін жүргізілетін жаттығудың ең алғашқысы 
қай жаттығу   екенін анықтаңыз. 
  А) Суреттегі жаттығу;           В) Сызықты жаттығу;        С) Әріпті жазу; 
  Д) Әріп элементтері;                  Е)Штрихтау. 
5.Шапшаң жазуға мүмкіндік туғызатын қай әдіс екенін анықтаңыз.  
  А) Генетикалық әдіс;      В)Бастыра жазу әдісі;       С) Сызық ішіне жазу әдісі; 
Д) Ритмикалық әдіс; Е) Дайын үлгіден көшіру. 
Пайдаланылатын әдебиеттер: 
1.
 
Жалпы  білім беретін мектептің бағдарламасы .А., 1997ж. 
2.Желтовская.Л.Я.,.СоколоваЕ.Н.Формирование каллиграфических навыков у 
младших школьников .-Москва,1987 . 


99 
 
3.Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі .- Алматы, 2005 ж. 
№4 сабақтың тақырыбы: Жазуға қойылатын гигиеналық талаптар. 
Сабақта қарастырылатын мәселелер: 
1.Кеудені дұрыс ұстау талабы. 
2.Партаға дәптерді дұрыс орналастыру. 
3.Қаламды дұрыс ұстау талабы. 
Сұрақтар: 1. Жазу кезінде партада қалай отыру керек? 
2.Кеуде үстел жиегінен қанша см. қашықтықта болады? 
3.Екі қолдың орналасуы қалай? 
4.Қалам қалай ұсталады? 
5.Қалам ұшы мен сұқ саусақтың арақашықтығы қандай болады? 
6.Қалам ұшы мен көз арақашықтығы қандай  болады? 
7.Дәптер партаның үстіне қалай  орналасады? 
8.Дәптер шеті мен партаның бұрышының арақашықтығы қанша см? 
9.Неше градус көлбеулікте жазылады? 
1-тапсырма. 
1-сынып 
оқушыларының 
анатомиялық-физиологиялық 
ерекшеліктеріне байланысты проблемалық сұрақтар: 
1)
 
Партада дұрыс отыруды сақтамау неліктен омыртқа жотасының бір 
жағына қарай қисаюына мүмкіндік тудырады? 
2)
 
Жарық неліктен сол жақтан түсуі тиіс? 
3)
 
Штрихтау жаттығуларын сауат ашудың дайындық кезеңінде жүргізу 
қажет деп ойлайсыз? 
4)
 
Парта не үстел баланың жас ерекшелігіне сай болуы тиіс? 
2-тапсырма: 1. Жазу кезіндегі гигиеналық талаптарды іс жүзінде көрсетіңіз. 
3-тапсырма.П,Н әріптерін жазыңыз. 
Әдістемелік нұсқау:әдебиеттерді пайдалана  отырып, жазу кезіндегі гигиеналық 
талаптарды  конспектілеңіз  де,  оны  іс  жүзінде  көрсету  үшін  сурет    түрінде 
салыңыз.Жазу дәптеріндегі үлгіге қарай  отырып, п және н әріптерінің бас, кіші 
әріптерін жазыңыз.Өзіңіз жазу барысында талаптарды орындаңыз. 
Пайдаланылатын әдебиеттер : 
1. Наурызбаева Ә., Ізғұттынова Р., Құлажанова  А.Сауат ашу әдістемесі.-
Алматы,1997. 
2.
Желтовская
 
Л.Я.,.СоколоваЕ.Н
. Формирование каллиграфических навыков у 
младших школьников .- Москав,1987 . 
3.Кенжебекова Н. Сауат ашу кезінде оқушылардың көркем жазу дағдыларын 
қалыптастыру, жетілдіру жолдары . -Ақтөбе , 2002 . 
№5 сабақтың тақырыбы: Көркем жазуға үйрету әдістері 
Сабақта қарастырылатын мәселелер: 
1.Көркем жазуды үйретудің әдістері. 
2. Көркем жазуды үйретудің тәсілдері.  
Сұрақтар:1. Көркем жазуды үйретудің қандай әдістері  бар? 
2. Генетикалық әдіс дегеніміз не? 
3.Бастыра жазу әдісі дегеніміз не? 
4.Сызық ішіне жазу әдісі дегеніміз не? 


100 
 
5.Ритмикалық әдіс дегеніміз не? 
6.Бағдарламада қай  әдіс  тиімді деп  көрсетілген? 
7. Көркем жазуды үйретудің қандай тәсілдері  бар? 
1- тапсырма.Төмендегі  кестелерді  толтырыңыз. 
Көркем жазуды үйретудің 
әдістері. 
Көркем жазуды үйретудің тәсілдері 
Генетикалық 
әдіс 
 
 
 
Мұғалім үлгісі 
 
 
 
 
 
Қарапайымнан 
күрделіге қарай 
жазуды үйрету 
 
 
 
Тақтаға не дәптерге 
мұғалімнің әріптің 
жазылуын көрсетуі 
 
 
 
 
 
2-тапсырма.Сабақ  жоспарына,  әсіресе,  сабақта  қолданылған  әдістерге  талдау 
жасап, өз ойыңызды білдіріңіз. 
Сабақ тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі. 
Сабақтың  мақсаты:  1.  Білімділігі:  Оқушыларға  Г  г  дыбысы  мен  әрпін  таныту, 
сөз  ішіндегі  г  дыбысының  ерекшелігін  меңгерту,  г  дыбысы  арқылы  берілген 
сөздерді  оқыту,  жаздыру.  2.  Дамытушылығы:  Оқушылардың  сөйлеу  мәнерін, 
байланыстыра  сөйлеу  дағдыларын,  сөздік  қорларын,  шығармашылық 
қабілеттерін, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту арқылы тіл байлықтарын дамыту. 
3.  Тәрбиелілігі:  Отанын,  елін  сүюге  тәрбиелеу,  ұйымшылдыққа,  ұқыптылыққа 
баулу, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ. 
Сабақтың  әдісі:  түсіндіру,  рөлге  бөлу,  ой  қозғау,  сұрақ  -  жауап,  көрнекілік, 
ойын,т.б. 
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, гүлдер. 
Сабақтың жоспары:І.Ұйымдастыру.Психологиялық дайындық. 
ІІ. Өткен сабаққа оралу. 
ІІІ.Жаңа сабақ. 
IV. Бекіту. 
V.Үйге тапсырма. 
VI.Қорытындылау 
І. Ұйымдастыру.1.Психологиялық дайындық. 
ІІ.  Өткен  сабаққа  оралу  а)  –  Қандай  тапсырма  берілді?-  Кім  кінәлі?  Өлеңі. 
(рөлге  бөліп  ойнату,  қара  сөзбен  мазмұнын  сұрау)  ә)  –  Қандай  дыбыспен 
таныстық? 
2. Бекіту сұрақтары.Сұрақтарға жауап беру арқылы гүлдің күлтешелерін қойып 
сурет шығару1. Жалпы дыбыстар нешеге бөлінеді? 
2. Дыбысты не істейміз?- естиміз, айтамыз. 
3. Әріпті не істейміз?- көреміз, жазамыз. 
4. Әріптерден не құралады?- сөз. 
5. Сөзден не құралады?- сөйлем. 
6. Сөйлем қандай әріппен жазылады?- бас әріппен. 
7.  Сөйлемдерден  не  құралады?-  мәтін-  Тақтаға  қарайықшы.  Ненің  суреті 
шықты?  Ал  осы  гүлдің  артында  не  бар  екен  көргілерің  келе  ме? 


101 
 
III.  Жаңа  сабақ.  Жаңа  сабағымызда  біз  саяхатқа  шығамыз.  Саяхатқа  шығуға 
дайынсыңдар  ма?  Ендеше  кеттік.  Видео  жазбадан  «Ғажайыпстанға  саяхат» 
мультфильмін  көрсету.  Елдос  пен  Аяжан  Білімпаз  атаға  барады.  Білімпаз 
атадан  тағы  да  бір  дыбыспен  танысқылары  келетіндіктерін  сұрайды.  Білімпаз 
ата оларға «Гг» дыбысын таныстырады. 
Гі  -  гі  айту.  Г  дыбысы  туралы  түсінік.  1.  дауыссыз  дыбыс.  2.  Сөздің  басында 
кездеседі. 3. Сөздің ортасында кездеседі.4. Тіл арқылы жасалады. 
5.  Ой  қозғау.  Гүл  –  әсемдік символы. Гүлді  мерекеде,  тойда,  қуанышта,  туған 
күнде  бір  -  бірімізге  сыйлаймыз.  Балалар  орманға  барады.  Ормандағы 
тапсырмалар. 
3. Бағандағы сөздермен жұмыс.Елдос пен Аяжан ары қарай қайда барады екен 
соны  көрейік.(орманға  келеді).Балалар  панда  жоғалып  кетіпті,  соны  орман 
ішінен іздеп көрейік. Ол үшін сендер мына тапсырманы орындауларың керек. 
Егін  –  егіс  алқабы,  бидай  егетін  алқап.  Егеу  –  үй  шаруасында  қолданылатын 
құрал.Егіз  –  бірге  туған  екі  адам.  Сегіз  –  сан,  жетіден  кейін  келетін 
(математикада  алдынғы  уақытта  өтеміз).  Кереге  –  киіз  үйдің  бөлігі  (шаңырақ, 
уық,  кереге).Бетеге  –  шөптесін  өсімдік  (бетегеден  биік,  жусаннан  аласа) 
Шеге  –  үй  шаруашылығына  пайдаланатын  ағаш  қағатын  зат.Неге  –  сұрақ. 
Шеңгел  –  тікенді  өсімдік.  Мезгіл  –  уақыт,  жылдың  төрт  мезгілі  бар 
(Суреттермен  көрсету).  Мұнда  жоқ  болып  шықты.  Енді  қайда  барамыз? 
Өзенге  барайық. Ал ендеше өзенге де келдік. Суда немен жүреміз? Енді суды 
қарау  үшін  мына  тапсырмаларды  орындайық.  Жоғалған  әріптердің  арасында 
жоқ па екен? 
4.«Жоғалған әріпті тап» ойыны.Ше.. е, не.. е, е.. еу, се.. із, кө.. ершін, мез.. іл, 
Ай..  үл,..  үл,  ерте..  і,  дәрі..  ер,  е..  еу,  е..  ін,  кере..  е. 
Панда  өзенде  де  жоқ  болып  шықты.  Шаршадыңдар  ма?  Қане,  сергіту  сәтін 
жасап, демалып алайық. 
5. Сергіту сәті (Видео жазбадағы жаттағуларды қайталау арқылы сергіту сәтін 
жасау). 
Енді  қайдан  іздесек  болады?  Аспанға  барып  іздеп  көрейік.  Аспанға  немен 
барамыз? Ұшақпен. 
6.Дыбыстық  талдау  жасау.  Күріш,  күн,  егін,  шеге,  гүл.Мұнда  да  жоқ  екен. 
Тауды қарап көрсек қайтеді? 
7.«Ақ  көгершін»  өлеңімен  танысу  (мағынасын  ашу,  оқыту).  Әлде  хайуанаттар 
бағына  кетіп  қалды  ма  екен?  Ол  жақтан  да  іздеп  көрейік? 
8.  Дәптермен  жұмыс.  Ауада  жазу.  Бас  әріп,  кіші  әрпін  жазу 
Ешқайда  жоқ.  Адасқан  буындардың  арасында  жоқ  па  екен  қарап  көрейікші. 
9.  «Адасқан  буын»  ойыны.Үй  рек,  са  ғат,  қа  ла,  еш  кі,  сыз  ғыш,  пар  та. 
Барлық  жерлерді  қарап  шықтық.  Панда  еш  жерде  жоқ.  Енді  орманды  тағы  да 
бір  рет  қарап  шығайықшы.  Мүмкін  көп  ағаштардың  арасында  адасып  қалған 
шығар.  Мүмкін  қарақшылар  орманда  ағашқа  байлап  кетті  ме  екен?  Сендерге 
хат келіпті. Онда: «Егер сендер барлықтарың мына кітаптағы суреттерді оқып 
шықсаңдар ол табылады» деп жазылған екен. 
10. Оқулықпен жұмыс (тізбектеп оқыту ) 


102 
 
Міне, енді біз Елдос пен Аяжанға көмектестік. Панда да табылды. Саяхаттап та 
қайттық. Қандай жерлерге бардық? (Орманға, тауға, өзенге, аспанға, 
хайуанаттар бағына). 
IV. Бекіту. 
Аналарға сыйлайтын. 
Аралар бал жинайтын. 
Бұл немене балалар, 
Үзуге адам қимайтын. ( гүл ) 
Тақтаға  қараңдаршы  ненің  суреттері  көрсетілген.  Мен  қазір  сабаққа  жақсы 
қатысқандарға  қызыл,  ал  орташа  қатысқандарға  сары  түсті  гүлдер  беремін. 
V. Үйге тапсырма. Бағандағы сөздерді оқу. 
VI. Қорытынды«Ақ көгершін» әнін тыңдау. 
3- тапсырма: Л және У әріптерін дәптерге жазыңыз. 
1997 жылы шыққан оқу бағдарламасының  тұжырымдамасын оқи  отырып , қай 
әдісті тиімді деп көрсеткеніне назар аударыңыз және оның тиімділігін өзіңіз 
дәлелдеңіз. 
Пайдаланылатын әдебиеттер: 
 1.Наурызбаева Ә., Ізғұттынова Р., Құлажанова  А.Сауат ашу әдістемесі.-
Алматы,1997. 
2.
Желтовская
.
Л.Я.,.Соколова Е.Н
. Формирование каллиграфических навыков у 
младших школьников .-Москва,1987 . 
3.Кенжебекова Н. Сауат ашу кезінде оқушылардың көркем жазу дағдыларын 
қалыптастыру, жетілдіру жолдары .- Ақтөбе, 2002 . 
4.Рахметова С.Қазақ тілін оқыту әдістемесі . -Алматы, 2005 ж. 
№6 сабақтың тақырыбы: Әріп элементтері 
Сабақта қарастырылатын мәселелер: 
1.Негізгі  элементтер. 
2.Күрделі элементтер. 
1-тапсырма. Бас және кіші әріптердің негізгі мен күрделі  элементтерін жазып 
көрсетіңіз. 
Бас әріптердің   негізгі элементтері: 
   көлбеу сызық 
   төменгі жағы  бұрышталған көлбеу  сызық 
   оңға қарай иілген қармақша 
   солға  қарай иілген қармақша 
   оңға және солға қарай иілген қармақша 
   төменгі жағы   тұйықталған   көлбеу  сызық 
   жоғарғы  жағы бұрышталған тұйық    көлбеу  сызық 
   жоғарғы  жағы    тұйықталған   көлбеу  сызық 
  ашасы оңға қараған  жарты  құрсау 
  ашасы солға қараған  жарты  құрсау 
  бүтін  құрсау 
  сол жағы  тұйықталған  түзу  сызық 
  жоғары және төменгі жағы бұрышталған көлбеу сызық. 


103 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет