Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет73/141
Дата04.11.2023
өлшемі481,51 Kb.
#189720
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   141
Байланысты:
қосымша Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Т рбие ж мысыны теориясы м (1)

Кооперация тобықұрылымы жағынан ұйымдасқан, бірігіп әрекет етуге даярлығы жоғары, тұлғааралық және топаралық қатынастары іс-әрекетке бағытталған, кез келген істе жоғары нәтижеге қол жеткізуді көздейді. Бұл топтағы ең маңызды нәрсе, ортақ мақсатты іске асыру. Бұл жағдайда топтың қоғамдық бағыты мен психологиялық түсіністігі маңызды емес.
Автономды топ топішілік байланыстардан басқа, құрамдас бөліктерімен берік байланыстар орнатып, жалпы ұжымдық сапаға ие болады.
Топ мүшелерінің санасында «Менің тобым» деген ұғым қалыптасады. Бірақ та, автономды топ, кейде ұжымдық құрылымнан қол үзіп, корпорацияға бет бұруы мүмкін. Жоғары автономды топты тұйыққа тіреп, «өз мүддесін» басқалардан жоғары санауынан, толықтай дербес болу ұмтылысынан, автономды топ - корпорацияға, яғни жалған ұжымға айналады. Ал егерде, топ топаралық қарым-қатынас пен өзара әрекеттестікке көшсе, онда қауымдастықтың ауқымды бөлігіне, онан кейін тұтас қоғамға айналса, ондай топтың ұжымдық бағытынан, топ - ұжымға айналады.
Балалар ұжымы – жеке тұлғаны белгілі бағытта әлеуметтендіру факторы болып табылады. Балалар ұжым мақсатын саналы түрде, өз мақсаты деп түсінген жағдайда әлеуметтік біліктер мен дағдыларды меңгереді. Жеке тұлғалық және әлеуметтік сапалардың бірлігі ұжымда қоғамдық пайдалы еңбек барысында және ұжымшылдықта қалыптасады.
Ұжымшылдықтоптың ынтымақтастық сезімі, яғни өзін топтың, қоғамның мүддесі үшін әрекет ететін бөлігі екенін саналы түсінуі. Ұжымшылдық мектепте түрлі жолдар мен құралдар арқылы қалыптастырылады: оқу мен еңбектегі өзара көмек; мәдени, спорттық іс-шараларға қатысу; балалар ұйымының жұмысын белсендіру.
Оқу-тәрбие ұжымы – ұйымдастырылған топ, олай болса, топ мүшелері ортақ құндылықтар мен мақсатқа жету іс-әрекеттерімен бірігіп, өздері үшін маңызды, тұлғааралық қатынастарда тұлғалық және әлеуметтік мәнді істермен араласады.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. А.С.Макаренко бойынша ұжымның қалыптасуы.


2. Л.И. Новикованың ұжым дамуының үш кезеңі.
3. Л.И.Уманскийдің біріккен балалар тобының қалпын жіктеуі.
4. Л.И. Уманскийдің топтың әлеуметтік-топтық жетілуіне қарай, оны қандай блокқа бөліп қарастырады?
5. Белсенді топтың іс-әрекетін психологтардың жіктеуі.
6. А.В.Лутошкин, А.А.Русалинов т.б. микроклиматқа қандай түсінік береді?
7. Е.М. Зайцеваның топ белсенділерінің ішіндегі көшбасшының міндетін анықтауы.
8. Л.И. Уманский топ ішілік белсенділікті қалай түсіндіреді?
9. А.И. Кузнецов, В.С. Агеев зерттеулері топ аралық белсенділікке берген анықтамасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет