Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ


Қызмет теориясы- дамыта оқыту технологиясының негізі



бет66/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
«Биология» 8-сынып , 3 3, Тмо 20-15 Бекен Арсен Турлыгазин Мадияр, Положение о конкурсе лучший сотрудник месяца, Short Stories for Children for Spoken English Program ( PDFDrive ) (1), Қарлы боран, Жаһандық экономика және еңбек мәселесі, Назарларыңызға рахмет ! (3)
Қызмет теориясы- дамыта оқыту технологиясының негізі

Л.С.Выготскийдің қызмет туралы пікірін терең дамытқан А.Н. Леонтьевтің талдауы,қызмет табиғаты туралы шын мәніңдегі психологиялық ілімге айналды.Психиканы зерттеуге тарихи-генетикалық тұрғыдан келу жолын ұстанған А.Н.Леонтьев адам психикасын «қызметтің ерекше формасы ретіңде яғни материалдық өмірдің, қоғамдық- тарихи даму барысында ішкі қызметке, сананың қызметіңе айналатын сыртқы материалдық қызмет дамуының жемісі мен дериваты ретіңде қарастырады; бұл ретте зерттеудің басты міндеті – қызметтің құрылымы мен оның интериоризациялануын тану болып белгіленеді». Қызметтің құрылымдық ерекшеліктері мен ішкі деңгейлері және бірліктері туралы кеңес дәуірі психологтарының талдаулары кеңінен мәлім. Мысалы, С.Л.Рубинштейн «қозғалыс- іс-әрекет-қызмет» триадасын ұсынса , А.Н.Леонтьевтің пікірінше, қызметтің құрылымы мынадай жүйеде келеді.


Қызметтің негізінде өзара сәйкестігі бірқалыпты емес болып келетің әрекет, үдеріс,зат, мотив ұғымдары жатады. Одан соң операция ұғымы беріледі.А.Н.Леонтьев ол туралы «психологиялық тұрғыдан қарағанда,жекелеген бөлек әрекеттердің тұтас бір әрекетке тұтасуы соңғы әрекеттердің операцияға айналуын көрсетеді»,- дейді.Ал операциялардың келесі бір түрі- әрекеттің орындалу шарттарына қарапайым бейімделуінен туындайды.( А.А.Леонтьев осы жағдайларды қарастыруда, шартты түрде операциялардың алдыңғы түрін С- операция, соңғысын П- операция деп атай келе, С- операцияны – саналы операция, ал П- операцияны-бейімделуші операция деп санайды). Осылардан соң келіп қана дербес мотивке ие болып келетің әрекет түрінде қызмет қызмет туралы ұғымды енгізеді.Осы жағдай ғана қызметті саналы мотивтік деңгейде тануға мүмкіндік береді.
А.Н.Леонтьевтің қызмет туралы ілімінің маңыздылығы сонда, сана мен қызметтің құрылымдарының түпмәні өзара бірінен екіншісі туындай алатын ерекше тұтастық құруға бейім жүйе ретіңде таниды.Ал қызметтің құрылымын талдау сананың құрылымын талдаудан бұрын келу себебі генетикалық тұрғыдан келу приматы арқылы анықталады. Өйткені, генетикалық тұрғыдан келгеннің өзінде біз сана – қызметтің продуктісі деп түсінеміз.Функционалдық тұрғыдан қарағанда, қызмет пен сана өзара байланысты, бір жағынан, қызметті сана басқарады, ал екінші жағынан, қызметтің өзі де сананы белгілі бір дәрежеде басқарып отырады.Қызметтің құрылымы мен сана құрылымының өзара байланыстылығы туралы мынаны айтуға болады.А.Н.Леонтьев қызметтің ішкі дифференицалды құрылымы пайда болуын ұжымдық қызметтің салдары деп санайды. Сананың гензисі, дамуы және функциясы қызмет функциясының қандай да бір формасынан және белгілі бір деңгейінен туындайды. Адам қызметіңің құрылымы өзгергенде оның санасының да ішкі құрылымы өзгеретіңіңе назар аударған ғалым, адам психикасының өзінің әрекетіңің бағытының өзгеруіне, мотивтің мақсатқа деген қатынасы өзгеруі адам санасының құрылымы өзгеруіне алып келетіңің баса айтады.
Саналы мақсаттан түйсінілетің іс-әрекетке өту арқылы санада маңызды қадам жасалады, өйткені, түйсінуде ішкі деңгейлер жасала бастайды,соның негізінде әрекет қызметке айналып,жаңа мотивтер, жаңа қажеттіліктер пайда болады, соның негізінде саналы түйсінудің одан әрі қарай сапалы дифференциялану жүзеге асырылады. Осыдан келіп, келесі маңызды саты туындайды,ол- меншікті ішкі психикалық үдерістерге өту сатысы. Бұл сатыда практикалық қызметтік теориялық фазасы пайда бола бастайды.Ішкі тілдік әрекеттер жасалып, оның соңы ішкі қызмет пен ішкі операциялар орындауға ұласады. Қызмет те, сана да қарапайым элементтердің жай жиынтығынан құралмайтыны белгілі. Олардың екеуінің де өзіндік логикасына сәйкес ішкі тұтастығы бар.А.Н.Леонтьев теориясында қызмет ұғымы оның заттық сипатымен тығыз байланыста танылады. Қызмет теориясының өзегін заттық ұстаным құрайды.Зат дегеніміз бұл жерде пассив обьект түрінде емес, танушы субьектіңің танып- білу әрекеттері бағытталған болмыс ретіңде танылады, яғни зат дегеніміз А.Н.Леонтьевтің сөзімен айтқанда,» ...то, на что направлен акт ..., т.е. как нечто, к чему относится живое существо, как предмет его деятельности – безразлично,деятельности внешней или внутренней».
Психологияда қызметтің сыртқы және ішкі түрлерін ажырата тану бар екені белгілі. А.Н.Леонтьевтің айтуынша, ішкі қызмет екіншілік орында тұрады, ол сыртқы заттық қызметтің интериоризациялануы барысында қалыптасады. В.В. Давыдов былай дейді: «Понятие деятельности не может быть рассмотрено в отрыве от понятия сознания, которое возникает в деятельности, а затем опосредствует ее.Поэтому изучение деятельности должно протекать в тесной взаимосвязи с исследованием процессов возникновения и функционирования человеческого сознания.Это требует такого понимания сознания, которое действительно отвечало бы требованиям деятельностного подхода к нему». Бұл ойды А.А.Леонтьев былай жалғастырады:»... строение деятельности в понимании общепсихологической теории неотделимо от строения сознания и от личности. Образно говоря, это не столько теория деятельности,сколько теория «деятельности- сознания-личности».Осы айтылғандардың негізінде, қызмет құрылымы туралы мынаны айтуға болады.
Қызмет теориясының оқу үдерісіне байланысты танылуы арқылы әлі де жаңа бағыттар мен жаңа әдістер табылуы болашақтан күіледі. Л.С.Выготский негізін қалаушы болып саналатын дамыта оқыту теориясы өзінің әдіснамалық негіздерінің бірі ретіңде қызмет теориясын ала отырып, «заттық қызмет» (предметная деятельность), «жеке тұлға» (личность), «сана» (сознание), «сәулелендіру» (ортажение), «идеалды» (идеальное), «установка» (установка), «мағына» (значение), «белсенділік» (активность), «субъект», «мотив», «зат» (предмет), «мақсат» (цель) т.б. сияқты қызмет теориясының өзіндік ерекше болмыстағы концептуалдық мәнісін ашуға мүмкіндік беретің категорияларды қолданады. Бұл жердегі «заттық қызметтің» маңызы оның А.Н.Леонтьев пікірінше психологияның басты категориясы болып танылуында. Заттық қызметтің құрылымын, филогенетикалық және онтогенетикалық дамуын зерттеуде Выготский мектебінің өкілдері, атап айтқанда, А.Р.Лурия /146/, А.Н.Леонтьев, А.В.Запорожец /147/, Л.И.Божович /148/, П.Я.Гальперин /149/, П.И.Зинченко /150/, Э.В.Ильенков /151/, А.И.Мещеряков /152/, Д.Б.Эльконин, В.П.Зинченков /153/ т.б. ғалымдар еңбектері үлкен жаңалықтарға қол жеткізгені белгілі. Бл зерттеулерде қызмет және оның ішкі және сыртқы формалары, қызметтің трансформациясы мен интериоризациясы, бейне (қабылдау мен ойлау), дамудың филогенетикалық және онтогенетикалық жолы, олардың заттық мазмұны мен құрылымы туралы ілім мазмұны қалыптастырылды.
«Сана». Адам қызметіңің, санасының, шындық болмысты санада сәулелендіру болмысының табиғатын А.Н.Леонтьев диалектикалық материалистік тұрғыдан және олардың даму үдерісін тарихи тұрғыдан түсіндіру жолын ұстанады. Сыртқы шындықтың болмысын санада сәулелендіру адамдардың өзін қоршаған өмірмен реалды байланыстары негізінде жүзеге асырылады және дамиды. Субъектіңің шындық өмірмен байланысын жүзеге асыратын сыртқы, практикалық қызметтің табиғатын танып-білу – психикалық сулелендіруді, сананы танудың шешуші және басты жолы. А.Н.Леонтьевтың айтуынша, «осы қатынастар негізінде пайда болатын үдерістерде объектілерді адамның басында сана формасында субъективті бейнелер ретіңде орнықтыру жүзеге асырылады» /154/. Сананың қоғамдық-тарихи табиғаты адамның ізденімпаздық қабілеті игі ықпал етіп, соның нәтижесінде адамға өз қызметің идеалдық бейнелер негізінде жүзеге асырып көруінің мүмкіндік бреді. Объективті шындықты бейнелеудің адамға тән болған жоғары формасы – сана адамның рухани белсенділігінің ең жоғары деңгейін де білдіреді.
Сана ми қызметіңің нәтижесі ретіңде таным үдерістерінің – түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау, сөйлеу, эмоциялық үдерістерден, ерік үдерістерніңен құралады. Жеке адам санасында белгілі бір қоғамдық қатынастарды идеалдық қайта жасақтау арқылы сол қатынастарға енетің басқа адамдардың да белгілі бір қажеттіліктері, көзқарастары айқындалады. Сөйтіп, жеке адам (индивид) қоғамдық адамға айналады. Э.В.Ильенков: «Адамша тани бастау деген сөз – басқалардың көзімен де тани бастауды білдіреді», - дейді. Жеке адам ретіңдегі оқушы санасының қызметі алуан түрлі: біріншіден, оқушының санасы сөз тіркесі синтаксисін теориялық деңгейде танып-білу үдерісіне енген басқа оқушылардың көзқарасы қалыптасуына ықпал етеді, екіншіден, сана жеке адамның өзін сол қатынастардың өкілі етеді, үшіншіден, сана арқылы оқушы ізденіп, танып-білу, оқу қызметіңің идеалдық бейнесін жасау сияқты психиканың негізге функцияларын дамыта отырып, сөз тіркесін оқу-таным қызметің белсенді түрде ұйымдастыруға қатыса алады. Сөз тіркесін дамыта оқыту үдерісі оқушының танымдық қызметің белсендіріп, оның ізденімдік-зерттеу қажеттіліктерін туғызып, оның нәтижелі жетістіктерге жету жолын тани білуіне, қойылған проблемаларды шешуде теориялық әдістерді саналылықпен қолдана алуына арнайы түрде жағдай жасауды мақсат етеді.
«Қондырма» («установка»). Негізін қалыптастырушы Д.Н.Узнадзе болып саналатын «қондырма» (установка) теориясы қызмет теориясы сияқты психологияда маңызды орын алады. «Қондырма» (установка) – субъектіңің тұтастық ретіңдегі күйін танытып, мынадай схемада танылады: орта – субъект (установка) – мінез-құлық (поведение) /155/.
«Белсенділік». А.Н.Леонтьевтің қызмет теориясында қызмет алдымен зат арқылы анықталады. Соныңан заттың санадағы бейнесі арқылы қызмет үдерісі жүзеге асырыла бастайды. А.Н.Леонтьев заттың бейнесі туындауы туралы көптеген эксперименттер жасау негізінде ол бейненің субъектіңің белсенді әрекеті негізінде пайда болатының көрсетті. Субъектіңің ізденімдік белсенді әрекеттері барысында рецепиенттік жүйе әсер етуші заттардың қасиеттеріне икемделіп, ұқсастық ала бастайды. Субъектіңің заттық ситуацияда белсенді бағдар алуы туралы ұғым субъектіңің ізденімдік және көріп-білу қызығушылығын туындататын кезең болып табылады.
«Сәулелену». «Идеалдық». Адамның рухани қызметі қоғамның практикалық өмірімен өріле біткен және оның идеалдықпен сәулеленген түрі ретіңде танылады. Бұлай сәулелену қажеттілігі қоғамның ерекшелігімен тығыз баланысты. Идеалды дегеніміз – заттық шындық болмыстың қоғамдық байланысыадамның субъективті қызметіңің формаларында сәулеленуі яғни адамның ішкі бейнелерінде, мақсат-армандарында сәулеленуі болып табылады. Э.В.Ильенковтың айтуынша, сыртқы заттың формасы еңбек үдерісіне енгізіле отырып, заттық қызметтің субъетивтік түрінде «түсіріліп алынады». Соңынан сөз арқылы білдірілген іске айналады, сол іс арқылы – сезіммен танылатын сыртқы зат формасына енеді. Осындай тұрақты түрде жаңарып тұратын циклдық қозғалысқа ғана идеалдық, заттың идеалды бейнесі өмір сүре алады /156/.
«Жеке тұлға». «Философиялық сөздікте»: «Адамдардың жеке адам (жеке тұлға-Қ.Н.) түрінде дамуының қажетті алғышарттарының бірі индивидтердің табиғи қабілеттері екендігін, тәуелді болатының айту керек, бірақ ол негізінен қызметтің объектісі болып табылатын адам өмір сүретің қоғамда ғана іске асады... Жеке адам ретіңде индивид дамуының кендігі мен тереңдігі - оның әлеуметтілігі және сол әлеуметтіліктің индивидтің қызмет формасына айналуын игеретің кеңдік пен тереңдік, демек сол әлеуметтіктің өзгеруі, жасалуы. Қоғамның тарихи формалары мен типтері - жеке адамның да тарихи формалары мен типтері... Әр адамның өзіне тән мінез-құлқы, интеллектісі, сезім-түйсігі болады. Сол қасиеттердің толықтығы жеке адамның психикасын құрайды. Жеке адамның психикалық даралығы белгілі бір дәрежеде
психикалық күйлерінің (қайғыруы, тәртіп мотивтері және т.б.) өзгеруіне қарамастан, әрдайым өз қалпын сақтап алады, ол өмір жағдайлары мен нерв жүйесінің тұрақты ерекшеліктеріне байланысты. Жеке адамның психикалық кұрылымы белгілі табиғи ерекшелікті қажет етеді, алайда жеке адамның психикасының дамуында коғамдағы ахуалдар мен олардың өзгеруі шешуші роль атқарады»,-делінеді [157].
Баланың психикалық дамуын кезеңдерге бөлуде оның жеке тұлға ретіңде даму үдерісімен бірлікте болуын ұстап тұту да күрделі мәселе екені белгілі. Жеке тұлғаның басты белгісін психологтар тұрліше анықтайды. Мысалы: СЛ.Рубинштейн «динамикалық тенденция» ден таныса, Б.Г.Ананьев «негізгі өмірлік бағыттылық» деп анықтайды. ал А.Н.Леонтьев «мәңгілік жасаушы мотив» десе, Б.Ф.Ломов «бағыттылық» дейді [158]. Жас және педагогикалық психология дамудың психикалық кезеңдерін ғылыми негіздеп, адамның психикалық өмірін кезеңдерге бөлуде жас ерекшеліктерін ескерудің маңызына назар аударады. Негізінде, ғалымдардың айтуынша, психикалық дамудың өзегі - кызметтің қалыптасу үдерісі болып табылады.
Психикалық дамудың кезеңдерге бөлінуінің түпнегізінде жатқан құбылыс - қызметті өзгерту мақсаты болады, өйткені, сол қызмет динамикасы арқылы ғана адам санасы қалыптасады. Л.С Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов негіздеген балалықты кезеңдерге бөлу схемасында ғалымдар әр жас кезеңнің ерекшелігіне сай жетекші қызмет түрі болады деген идея алдыңғы орын алады. Оны мынадай таблица арқылы көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет