Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі


Ағылшын тілі сабақтарында студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру



бет101/237
Дата06.02.2022
өлшемі9,17 Mb.
#36785
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   237
Ағылшын тілі сабақтарында студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру


Тажитова Г.З.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан)


Статья посвящена развитию творческих способностей студентов в процессе изучения иностранного языка в вузе. Развитие личности невозможно без развития ее творческого потенциала. Автор пытается раскрыть, что развитие творческих способностей студентов привлекает к активному изучению иностранных языков.
The article is devoted to developing the university students' creative abilities through foreign language learning. Students’ development is impossible without developing his or her creative potential. The author tries to show that students’ creative abilities development contributes to the active learning of the foreign language.

Қазіргі таңда еліміздің рухани күш – қуатын одан әрі жетілдіру, жастарға білім беру реформасын жүзеге асыру жаңа тұрпатты білім ордасында бүкіл білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жаңарту арқылы жүзеге аспақ.


Жаңа ғасырда прогрессивті өмірге аяқ басқан жастар заман талабына сай өзгеше өмір сүруге дайын болуы керек. Парасатты да саналы азамат болу үшін бүгінгі жастардың білімдері терең де, жан – жақты да болуы тиіс. Жастарды бүгінгі заман талабына сай маман ретінде дайындауда олардың шет тілдерін еркін меңгерулері өте пайдалы. Шет тілін үйретуде студенттердің тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыруда олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру өте маңызды болып табылады.
Жас ұрпақты шығармашылық потенциалын көтермей дамыту мүмкін емес. Студенттерді шығармашылық жұмыстарға тарту үшін оларды қызықты материалмен қамтамасыз ету, оқытудың дәстүрлі емес түрлерін қолдану, шығармашылыққа бағытталған тапсырмалар беру, әрбір істе жаңа әдістер қолдану қажет.
Педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ болып табылады. Сабақтың негізгі сипаттары:

  • Студенттердің тұрақты тобы

  • Студенттердің қызметін әрқайсысының дара ерекшеліктерін ескере отырып, басқару

  • Сабақта берілген материалдарды меңгеру

Сабақтың құрылымы оның кезеңдерінің жиынтығынан тұрады, бұл кезеңдер белгілі бір кезектестікпен өзара байланысып жатады. Оның ерекшеліктері: құрылымын жан-жақты ұйымдастыру, үнемділік, студенттердің өзара байланысы, оқу үрдісінде тәрбиелеу. Бірақ оның кемшіліктері де кездеседі: оқытудың жалпыға бірдей жылдамдығы, студенттердің дара ерекшеліктерін ескерудің қиындықтары, оқыту үрдісінің жеткіліксіз байланысы.
Студенттердің шет тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыруда оқытудың әдістері мен құралдары, тіпті сабақты ұйымдастыру жағынан да өзгеше болатын дәстүрлі емес сабақтарды өткізудің маңызы өте зор. Өз тәжірибемде дәстүрлі емес сабақтардың төмендегі түрлерін жиі өткізіп тұрамын.

  • Конференция, ауызша журнал

  • Жарыс- сабақтары, викторина, іскери ойындар

  • Репортаж, сұхбаттасу

Студенттерге дәстүрлі сабақтарға қарағанда аталған сабақтарды өткізу ұнағанымен, оларды өткізуді оқытудың негізгі формасына айналдырған дұрыс емес, себебі көп уақыт кетеді, жоғары нәтиже бермейді.
Студенттердің жауапкершілік сезімдерін жетілдіретін, олардың өз бетінше іздену арқылы дамуларына себін тигізетін, үлкен тәрбиелік маңызы бар тапсырманың бірі үйге берілетін тапсырма.
Оқуға ниеттенген студенттерді шет тіліне деген қызығушылығын тудыра білу үшін өз тәжірибемде оларды жан – жақты дамытатын үй жұмыстары қолданылады. Бұл жаттығуларды орындау барысында студенттердің шығармашылық қабілеттері артады, әрі лексикалық және грамматикалық материалдарды жеңіл үйренуге жол ашылады және өз алдымен жұмыс істеу дағдылары артады. Осындай жұмыс түрлеріне жататындар:

  • эссе, хат жазу:

  • слайд-презентациялар әзірлеу;

  • баяндама, реферат дайындау;

  • әңгіме, диалог құрастыру немесе оларды аяқтау, толықтыру;

  • жобалар дайындау;

Аталған тапсырмалар студенттердің сабаққа жан – жақты дайындалуына, көп ізденулеріне себін тигізеді. Сонымен қатар, үй жұмысын тексеру «оқытушы – студент» емес, «студент-студент» режимі арқылы жүзеге асады, ал оқытушы жұмыс барысын қадағалап отырады. Шет тілдерін оқыту барысында кейінгі жылдары «жоба қорғау» әдісі кеңінен қолданылуда. Бұл істе студент жеке тұлға ретінде көрінеді, ол өзін дамытумен қатар, қоғамдық өмірдің жақсаруына септігін тигізеді. Студент жобада өзінің қызығушылығын білдіре отырып, қоғам ретінде де, қоғамдық өмірдің мәселелерін шешу үшін өзінің ойларын ұсыну арқылы шығармашылық тұлға ретінде де қатысады. Жобаның тәсілі – студенттің белсенді жеке ойлауына бағытталған, әрі оны тек есте сақтап және айтып қана қоймай, сонымен қатар практикада қолданылуына бағытталған. Жобаның түпкі мақсатында мәселелерді шешу жатыр. Сол себепті студент ойлай білу қабілеттілігіне, шығармашылық әрі қарым – қатынас жасай білу қасиеттеріне ие болу керек. Бұл қабілеттерге мәтінмен жұмыс істеу, алған мәліметтерге талдау жасау, оны сараптау, қорытынды жасау секілді жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Студенттер «жоба қорғау» барысында дискуссия жүргізе білу, пікірлесін тыңдай алу, өзінің көзқарасын айта білу және т.б. жатады.
Жоба дегеніміз – орындалған жұмыстардың нәтижесі болып табылады және жобамен жұмыс студенттердің лексикалық және грамматикалық материалды белсенді меңгерулеріне, олардың бұрын өткен материалды қайталауларына, мәселелерді шеше алуларына жол береді. Жобаның тәсілі студентке маңызы бар практикалық шешімге, нәтижеге негізделген. Жобамен жұмыс студенттерге өзін күтпеген қырынан ашылуларына мүмкіндік береді. Жоба арқылы студент өзінің ұйымдастыру қабілетін бұрын – соңды көрінбеген таланттарын ашады. Шығармашылық жұмыстар жасату арқылы студенттерді шет тіліне деген қызығушылықтарын арттыра аламыз. Жоба арқылы студенттер шет тіліне қызығып, ойлай білу, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады.
Өз тәжірибемде студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін шығарма, яғни эссе жазуды көп қолданамын. Студенттердің жазған шығармалары олардың сөйлеу қабілеттерін де арттырады. Студенттер эссе жазумен сөйлесу, әңгімелесу кезінде айналыса алмайды. Бірақ олар әңгіме арқылы басқа студенттің ойын біліп, өз ойларын ортаға салуға, сол арқылы жазбаша тілдерін дамыта алады. Егер студенттер эссе тапсырмасын сабақ үстінде орындайтын болса, олар не жазу, не туралы жазу және қалай жазу керектігін бір – бірінен сұрап, талдай алады. Әрбір студент жазған эссесін сабақта оқып, қалған студенттер оған сұрақ қояды және жазылған эссені бірге тексере алады. Осыдан кейін оқытушы түзетілген эссені дауыстап оқып, басқа студенттер оның қысқаша мазмұнын айтады. Студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру - белсенді процесс. Сондықтан әр сабақта олардың шығармашылықтарына көп көңіл бөлу олардың өмірге деген көзқарасын өзгертіп, шет тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттырып, тілдерін дамытатыны сөзсіз.


Әдебиет

  1. Harmer J. How to teach English. Longman, 2007.

  2. Dobson J. M. Effective techniques for English Conversation groups. US Information Agency. Washington D.C. 1997.




Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011
123456789 -> Республикалық Ғылыми-әдістемелік конференция материалдар ы
123456789 -> Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу
123456789 -> Ғаділбек Шалахметов бейбітшілік бақЫТҚа бастайды астана, 2010 жыл Қызыл «мұзжарғыш кеме»
123456789 -> А. Ж. Кунанбаева
123456789 -> Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет