Шет тілдері саласындағы жоба жұмысының мазмұны оқушының тұлғалық маңызды, танырлық мотивациясына бағытталған және ол талқылау барысында оқушының өзімен, нақты қажеттіліктермен жоба тобының барлық қатысушыларының мүдделерін ескере отырып анықталады.
Тұлғалық маңызды мағыналық мотивацияға бағытталу тұлғаның өзіндік дамуына, «мен концепциясының» жүзеге асуына, тұлғаның қоршаған әлемде өз орнын түсінуге, өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалауына, алға қойған мақсаттардың жүзеге асу мүмкіншілігін болжауға, оларға қол жеткізуде дұрыс жолдарды таңдауға жағдай туғызады.
Нақты материалды соңғы өнімді құруға бағытталу үйреніп жатқан тілді меңгеруде оны қолданудың түпнұсқалық құрамына енгізілетін білім және оқу жағдайын қамтамасыз етеді.
Шет тілдері саласындағы жобалық жұмыс көбінесе оқу аудиториясынан тыс шығатын нақты проблемалық ізденулік, ғылыми, шығармашылық тапсырмаларды шешуге бағытталған пән аралық және интегративтік сипатқа ие.
4.Шет тілі мен мәдениеттің практикалық меңгеру мақсаты тұрғысынан: Шет тілдер саласындағы жобалық жұмыс түрлі мағлұматтық танырлық, оқу кәсібилік, әлеуметтік мәдени мақсаттарда мәдени аралық қарым-қатынасының шынайы жағдайларында меңгеріп жатқан тілді қолдануға, осылайша қарым -қатынас жасау қабілеттіліктерінің қалыптасу деңгейін жүзеге асыруға, қабылдауға және оқушының нақты қарым-қатынасқа қатысты тапсырмаларды шешу дайындығын анықтауға мүмкіндік туғызады.
Шет тілдері саласындағы жобалық жұмыс ұлғаю сипатына ие және мағлұматтық, нақты тәжірибелік, ғылыми немесе шығармашылық тапсырмаларды шешу мақсаттарында тілді білім мен қарым-қатынастың қабілеттіліктерiн қамтамасыз етеді.
Шет тілдер саласындағы жобалық жұмыс үйреніп жатқан тіл мен мәдениетті меңгерудегі оқу бағдарламасының пәндік мазмұнына тікелей байланысты емес. Шет тілдері саласындағы жобалық жұмысты жүзеге асыру барысында оқушылардың белгілі бір тілдік құралдарын, қарым-қатынастық қабілеттіліктерін, ауызша және жазбаша сөйлеу қарым-қатынастарының стратегияларын жеке автономды түрде меңгеруге нақты жағдайлар жасалады.
5.Өнімді оқу жұмысын дамыту тұрғысынан: Жобалық технология оқушының жеке жұмысында даму жағдайымен қамтамасыз етіп, тиімді оқу жұмысына төмендегілердің есебінен қолайлы жағдайлар жасайды:
-Тұлғалық білім беру өнім қалыптастыру бағыттылығы;
- Оқушының шығармашылық жеке оқу жұмысының маңыздылығы;
-Жеке оқу жұмысының субьектісі ретінде оқушының шығармашылық мүмкіндігінің жүзеге асырылуы;
-Оқу жұмысының тұлғалық маңызды себептерінің маңыздылығы;
-Оқу барысындағы түрлі субьектілердің өзара қарым-қатынастарының маңыздылығы;
Пәнаралық білімнің құрылуы;
Үйреніп жатқан тіл мен мәдениеттің меңгеру процесін шынайы мағлұматтық білім беру, жобалық ғылыми және әлеуметтік мәдени жұмыстар қатарына енгізілуі.
Ойлаудың шығармашылық сипаты мен тұлғаның жасампаздығын қамтамасыз ететін когнитивті процестерге әдетте кең білім өрісі, икемділік пен бейімделудің жоғарғы деңгейі тәрізді ойлаудың ерекшеліктерін жатқызады.
Келесі ұсынымдар шет тілін оқыту барысында жобалық жұмысты ұйымдатыру мен жүзеге асыруда педагогтарға көмектеседі.
Жобалық жұмыс және жалпы жобалық технология шет тілін үйренуде практикалық, даму және білім беру мақсаттарын біріктіре отырып, барлық салалардағы тіл мен мідениетті үйрену аясында тиімді оқу барысын дамыту мәселелерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жобалық жұмыстың басты мақсаты үйреніп жатқан тілді меңгеру мен қолдану барысында тілдік және білім сапасындағы оқушының тәуелсіздігін, креативтігін және іскерлік белсенділікке деген қабілетін дамыту.
Жобалық технологияның негізі жобалық жұмыстың соңғы өнімі болып табылатын нақты, айқын анықталған білім беру өніміне деген бағыт. Жобалық технология шетел тілін үйренудің барлық салаларын біріктіру, мүмкіндік беру және сөйлеу қарым-қатынасының шапшаңдығы мен дұрыстығы арасындағы нақты балансты орнатады.
Шет тілін меңгерудің кез келген сатысында жобалық тапсырмалар үшін тақырып және нақты сұрақтар таңдауға мүлде шектеу қойылмаған.
Жобалық технология кез келген оқулықпен және басқа оқу-құралдарымен бірге жүре алады және сөйлеу тәжірибесімен шетел тілінде сөйлеу қарым қатынасының коммуникативті қабілет дамуының сатысында үйреніп жатқан тілдің жалпы жүйесінің түрлі формаларының қатарына қосыла алады.
Жоболық тапсырма шет тілін меңгеру мен қолдануда нақты өнім ретінде қарастырыла алады.
Шет тілі мұғалімінің жұмысында ең басты қиыншылық даму жағдайын жасау және басқару қызметін, тең серіктестік қарым-қатынас қызметін және оқушыларға байланысты үйлестіру болып табылады. Оқытушы мотивация тудыру және оны қолдау, жоба жұмысына қажеттілік пен қызығушылық тудыру, оқу жағдайымен шет тілін нақты қолдану арасында “көпір орнату” сияқты жобалық технологияның ең қиын мәселелерін шешеді.
Әдебиет Коряковцева Н.Ф. Современная методика организации самостоятельной работы изучающих иностранный язык. - М.: АРКТИ, 2002. - 176 с.
Красноперов Е. Ж. Технология личностно-ориентированного обучения ИЯ. // ИЯ в современном мире. – Алматы, 1999 с. 35-40.
Нургалиева Г.К. Ценностные ориентации личности. – Алматы, 1993.
Полат Е. С. Новые педагогические технологии. - М., 1991.