Тапсырма:
Ғаламдық заманауи проблемаларды топтарда талқылау және оларды
шешудің жолдары. Әр топ дағдарыстың бір түрінен қойылым және рухани-
адамгершілік білім берудің көмегімен одан шығудың жолдарын көрсетеді.
Білімдік сферасын руханилық және ізгілік бағытында жаңартудың
қажеттілігін топтарда талқылау.
12
1.2 Тарихи ретроспективте рухани-адамгершілік білім беру.
«Өзіңді-өзің тану-рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік
құндылықтардың негізі» С.А.Назарбаева
Әлемдік рухани тұлғалар рухани – адамгершілік білім туралы Әбу
Насыр Әл - Фараби жас ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін үш
нәрсенің ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу шарт дейді:
1. Баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы;
2. Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы;
3. Сабақ процесінің алатын орны.
Фараби жасаған қорытындының басты түйіні — білім, мейірбандық,
сұлулық үшеуінің бірлігінде.
1.Адамның кемелділігі неде?
2.Бақытқа қалай қол жеткізуге болады?
3.Бақытқа апаратын мінез-құлық қандай?
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып
ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды. сондайдан білгені, көргені көп
болған адам білімді болады. Естілердің сөздерін естіп жүрген кісі өзі де есті
болады. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман
дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады» - деп
жазады. «Он тоғызыншы қара сөзі» Абай Құнанбаев
Ұлы ойшыл, кемеңгер Әбу-Насыр әл-Фараби: “Адамдар бақытты болуы
үшін біріне бірі көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала ізгі қала
болады. Халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отырған қоғам да ізгі
қоғам болады. Қалалардың бәрі бақытқа жету жолында біріне бірі көмектесіп
тұратын халық ізгі халық болады. Сол сияқты, халықтардың бәрі бақытқа
ұмтылып, біріне бірі көмектесіп отырса, бүкіл жер жүзі ізгі болар еді”
дегендей, осы асыл мұраларды, жалпыадамзаттық құндылықтарды
көпшіліктің бірлесе әрекет етуі арқасында ғана қол жеткізуге болады.
Сондықтан баршаңызды осы игі істің жолында олжа салуға мүмкіндігіңіздің
бар екендігін айтқым келеді.
Абайдың адамгершілік, әдептік нормалары І-талабы - мораль жағынан
ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл
болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы,
кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан
сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз
көрсе ғана, адам парасатты болады . ІІ- талабы - тұрақтылық, «Қылам дегенін
қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды
сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын» дейді. ІІІ-талабы - әділетшілдік.
Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы,
Отаны үшін қызмет істеуі. Абай Құнанбаев 1845-1904 ж.ж.
13
Махаббат, достық, бауырмалдық - адамның ең бір асыл қасиеттері.
Ғабит Мүсірепов
«Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын
мектебімен салмақ. Бір елдің тағдыры - мектебінің құрылысына байланысқан
нәрсе». Бұл ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық. Қазақтың тағдыры,
келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізге құрылуына барып тіреледі.
Мағжан Жұмабаев
«Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата - ана үлгісі» Ы.
Алтынсарин
Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң –
күш керек, одан соң – тәртіп керек. М.О.Әуезов
ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің 50 елінің қатарына
кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын асқақтатар білімді, білікті,
адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу – біздің алдымыздағы ең басты
міндет. Ал ұрпақ тәрбиесінде адамгершілік тәрбиесінің маңызы қай қоғамда,
қай кезеңде болмасын күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Оған дәлел
Аристотельдің «Ғылымда ілгері ұмтылғанмен, адамгершілігі ақсап жатса,
ондай адамның алға басуынан гөрі, кері кетуі тезірек» — деген сөзі дәлел.
Осы тұрғыда жалпы білім беру жүйесін ізгілендіру қажеттілігі, қазіргі
таңда рухани – адамгершілік тәрбие беру өзекті мәселе ретінде
қарастыралады.
«Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» деген сөзді Платонның
өзі де бекер айтпаған болар. Өйткені ұрпақ тағдыры дегеніміз – ұлт тағдыры.
Әрбір қоғамның дамуына байланысты бұл мәселе әрқалай шешіліп отыр.
Қазіргі таңдағы ағымда оңай болып отырған жоқ. Біз қайда бара жатырмыз,
қандай ұрпақты тәрбиелеп жатырмыз, алдымызда не күтіп тұр деген сұрақ
әрбір ата-ананың, әрбір педагогтың көкейінде тұр.
Француз жазушысы әрі философы Жан-Жак Руссо өзінің «Эмиль немесе
тәрбие туралы» атты кітабында «баланы өмір сүруге үйрету керек» деп
жазған болатын, өйткені өмір сүру адамның – ең басты мақсаты мен міндеті.
Ал өмір сүру дегеніміз өмірдің әрбір мезетін, әрбір көрінісін толыққанды, бар
мүмкіншіліктерімен, мүшелерімен сезіну. Дана деп көп ғұмыр сүрген адамды
емес, өмірді жан – жақты сезіне білген адамды атамаймыз ба?!
Сондықтан да шәкірт оқу орнының табалдырығынан қандай да бір
ғылым иемденіп қана емес, бірінші кезекте адам болып шығуы қажет. Ол өз
жүрегі мен жанын өмірге және басқа адамдарға айқара ашқан, жалған
қағидаларды ұстанбайтын, дүниеге өз көзқарасы бар тұлға болуы керек.
Адам болу дегеніміз адамгершілік қағидалар мен құндылықтарды ұстану,
өмірдің мәнін өзіңнен емес, басқадан көру. «Өзің үшін!» қағидасының «Өзге
үшін!» ұстанымынан бәсең болуы. Адамгершіліксіз білімнің еш қажеті жоқ
екендігін ХХ-шы ғасыр дәлелдеді емес пе?!
Сол себепті де ұстаздың басты мақсаты – шәкірттерін адам болуға баулу
деп тұжырымдауға тұрарлық. Әрбір пән, әрбір сабақ, әрбір тақырып осы
14
мақсатты жүзеге асыруға бағытталуы керек. Керек десеңіз, олардың барлығы
да тек осы мақсаттың құралы ғана.
Ал егер де оқушы қандай да болмасын бір тақырыпты немесе бір пәнді
білмесе, бұл қынжылуға тұрарлық жәйт емес, өйткені мұндай
жетіспеушілікті аталған биік мақсат толықтырады. Басқаша сөзбен айтқанда,
шәкірт оқу нәтижесінде қандай да болмасын пәнді біліп емес, адам болып
қалыптасуы керек.
Жан-Жак Руссо ХVIII ғасырда «Бізде физиктер, геометрлер, химиктер,
астрономдар, ақындар, музыканттар, суретшілер бар, алайда бізде азаматтар
жоқ» деп налып айтқан екен. Бір ғасырдан кейін орыс педагогы Н.И. Пирогов
педагогикалық процестің мақсаты «біздер адам қылу, саудагер, теңізші,
солдат, заңгерлерді тәрбиелеу емес, адам мен азамат қалыптастыру» деп
Жан-Жак Руссоға үн қосады.
Ғұлама хәкім Абайдың негізгі ұстанымы да «Адам бол!» еді ғой… Абай
өзін өзгеден артық санайтын адамнан бойын тартып, тіксініп қана қоймай,
оны адам қатарына қоспаған. Адам мен адам бір-біріне тең тұтқанда, тегін
сыйлағанда ғана сүюі мүмкін. Адам баласын осылай сүйе алған Абай
«Адамның баласы – бауырың», «Адам баласына адам баласының бәрі – дос»,
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген нақыл сөздерінен білуге
болады. Аса зор гуманистік сүйіспеншілікпен айтылатын мұндай ауқымды,
құдіретті сөзді тек кеудесінде Жер шарындай алып жүрегі бар Абай сынды
тұлға ғана айта алса керек. Сондықтан талай-талай ұлылардың тәлім-
тәрбиелік әдеп-қағидаларын, өмірлік ғибратты өсиеттерін жастарымыздың
санасына сіңіру, жалпыадамзаттық құндылықтарды игерту білім беру
жүйесіндегі қажетті шарты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |