Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет10/37
Дата06.06.2020
өлшемі1,12 Mb.
#72499
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Байланысты:
kn-teor-2

Сананы тазарту 

-  Егер  стақандағы  лас  суды  түгел  төгіп  тастауға  болмаса,  оны  қалай 

тазартуға болады?  

1.  Күн  сайын  жағымды  көңіл  күйге  енуу  тәсілін  қолданыңыздар.  Бұл 

сананы тыныштандыру мен бақылау үшін, әлемді ұғынуға аранлаған тікелей 

және тура әдіс.  

2.  Күні  бойы  барлық  адамдарға  сүйіспеншілік  нұрын  шашуға 

талпыныңыздар.  

3.  Ұйықтар алдында күні бойы не істегеніңізді еске түсіру үшін бірнеше 

минутыңызды бөліңіз, және де одан да зорғысын жасауға шешім қабылдаңыз.  

4.  Ашу-ызаңызды  бақылаңыз.  Өзіңізді  ұрсып,  ренжіткен  адам  сізге  өз 

ашу-ызаңызды бақылауға көмектесетінін әрдайым есте ұстаңыз.  

   Ашулана бастасаңыз, онда:  

            - бір стақан суық су ішіңіз;  

            - айнадан бет-жүзіңізге қараңыз;  

            - тыныш қана жатыңыз;  

            - ашуыңыз келіп тұрған жерден кетіп қалыңыз.  

5.  Өзіңізді  тыныштандыратын  ізгі  немесе  жұбату  сөздерді  дауыстап 

айтыңыз.  

6.  Жаныңызды  тебірентетін,  жайландыратын,    жалпыадамзаттық 

құндылықтарға толы ән салыңыз.  

7. Жақсы компания, орта табыңыз.  

8.  Басқаларға  тыныштық  беруге,  қызмет  етуге  және  оларды  жұбатуға 

үйреніңіз.  

9. Тыныштық сақтауға үйреніңіз. Жұмсақ, әрі мейірімді  интонациямен 

сөйлеңіз.  Тек  қана  жақсы  нәрсе  айтыңыз.  Пайдалы  нәрсе  айта  алмасаңыз, 

одан да үндемей қалыңыз.   

10. Тыныс алуыңызды бақылаңыз: әр уақытта баяу, терең және ырғақты 

тыныс алыңыз және бұған кедергі жасайтын нәрсенің бәріне абай болыңыз.  

11.  Күнделікті  өмірде  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  ұстануға 

ұмтылыңыз. 



27 

 

Жағымды ойлау  – өзіне, адамдарға және басқа да өмірлік жағдаяттарға 



жағымды көзқарасты дамытуды қарастырады. Жағымды ойлаудың күші А.Г. 

Маслоу,  К.  Роджер,  С.Л.  Рубинштейннің  психологиялық  әдебиеттерінде 

жазылған.  Рухани-адамгершілік  білім  беру  жағымды  ойлауды  дамытуға 

ықпал  етуі  керек.  Ол  жағдайды  түсінуге  көмектеседі.  Біз  кез-келген  жаман 

сияқты  көрінген  нәрсені  сынауға  асықпауымыз  керек.  Біз  оны  сынап, 

өзіміздің  санамызды  тұмандатып  қана  коймай,  бір  нәрсені  тану  мүмкіндігін 

жіберіп  аламыз.  Табиғаттағының  бәрі  бізді  бір  нәрселерге  үйрете  алады: 

бұлттар, жаңбыр, күн, таулар, мұхиттар, жануарлар, жел, ағаштар және т.б. 

Дұрыс  өмір  сүру  дегенің  дос-жаранға  қамқор  болу,  санаңды  торлаған 

тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыра білуің. Уәделі сөздеріңе берік 

болуың. Кісінің сыртқы емес, ішкі болмысына үңіліп қадірлеу. Ең бастысы, 

өзгеге жақсылық тілеуші бола білу. 

Тапсырмалар:  

1. Келесі сұрақтарды талқылау: 

«Өзін-өзі 

тану» 


рухани-адамгершілік 

білім 


бағдарламасының 

қағидаттары.  

Сана арқылы оқыту.  

Сананың құрылымы туралы. 

 Қабылданатын ақпаратты бағалау.  

Сананы тазарту.  

2. Шығармашылық әрекет («Жалғыз адам не істей алады?» ойыны).  

3. «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың шарттары презентация. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет