Тапсырма:
Адамзаттың ұлы ұстаздарының өмірі мен ілімін нелер біріктіретінін
топтарда талқылау. (Сократ, Аристотель, Конфуций, ЛаоЦзы, М.Монтень,
Р.Декарт, Э.Кант).
Қазақ мәдениетіндегі рухани-адамгершілік білім беру дәстүрлерін
топтарда
талқылау
(әл-Фараби,
А.Құнанбаев,
Ш.Құдайбердиев,
Ы.Алтынсарин және басқалар).
Топтағы жұмыс: Адамзаттың тарихи мұрасы ретіндегі барлық діндердің
бірлігі туралы флип-чат жасау.
15
1.3 Сана арқылы оқыту.
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеу-жеке адамның өз кемістіктерін жою
мақсатында жасайтын саналы, жүйелі іс әрекеті және жекелігін
қарастыратын әлеуметтік талаптарға жауапкершілігін дамытатын жағымды
қасиеттерін қалыптастыру үрдісі.
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеу күрделі құбылыс ретінде үнемі
философтарды,психологтарды,физиологтарды
және
педагогтарды
қызықтырған және қызықтырады.
Философтар негізінен қоғамның және жеке адамның дамуындағы өзін-
өзі танудың теориялық сұрақтарын қарастырады. Психолгтарды өзін-өзі
танудың табиғаты қайнар табиғаты,қайнар көзі және үрдістері қызықтарады.
Педагогтарды тәрбиелеу мен өзін-өзі танудың өзара байланысын, өзін-өзі
тәрбиелеудің өсіп келе жатқан ұрпақты қалыптастыратын жай факторлар
жүйесіндегі рөлін анықтайды.
Сырт адам өзін кім деп есептесе сол болады-деп тұжырымдады, яғни
материалдық мәдени,саяси және тәрбиелеу жағдайлары-жеке адамның
қалыптасуында мағанасы бола бермейді деген ой атады.
Осындай позицияны християндық философтар да осындай, олар өзін-өзі
тәрбиелеу рухтың өзін-өзі танудың,оның өнегелі өздігінен жетілуін
қамтамасыз етеді деп санайды.
Кезінде теоретикалық өзін-өзі тәрбиелеуді тек және адамның маңызды
үрдісі ретінде қарастырған.Бұл теорияны өкілдері өзін-өзі тәрбиелеуін
көздеген мақсатын, тәсілін жеке адамның өзінде көреді.
Басқаша айтқандай өзін тәрбиелеу жеке адамның ңаша өздігінен жетілу
үрдісі ретінде қарастырған.
Шынында да өзін-өзі тәрбиелеуді әлеуметтен байланыстырады және
белгілі әлеуметтік пәндерге қызмет етеді.
Өмір сүру үшін адам еңбек етуі керек,еңбек ету үшін, ол табиғатпен
және адамдармен түсуі міндетті.Жалпы қоғам үнемі дамып отырады,
сондықтан өмір қарқынының артынан үлгеру үшін әр кім өзін тәрбиелеуге
міндеті.
Адам тек сыртқы әлеуметтік жағдайларға бейімделіп қана қоймайды
және оларға белсенді түрде ықпал етеді.
Сонымен,өзін-өзі
тәрбиелеу,
тәрбие
сияқты
жеке
адамды
қалыптастырудағы қоғамдық міндетті атқарады.Тәрбие сияқты, өзін-өзі
тәрбиелеу жеке адамның өнегелі-психологиялық қасиеттерінің қалыптасуына
мақсытылығы, ерікті, сналы үрдісі. Сондықтан өзін-өзі тәрбиелеуді жеке
адамның қоғамдық талаптағы және жеке даму бағдарламасына жауап беретін
қасиетерінің қалыптасуына бағытталған саналды, өзімен жасалатын
жоспарланған жұмыс ретінде сипаттауға болады.
Яғни, өзін-өзі тәрбиелеу деп қажеттілік сыртқы жағдайлармен жеке
тәрбиелеумен ұштасуы тиіс.Ол дамып келе жатқан жеке адамның табиғи
16
қажеттілік ретінде пайда болады және ары қарай өздігінен дамуға ықпал
етеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу динамикалық үрдіс. Көп зерттеулер бойынша
оқушының дамуымен өзін-өзі тәрбиелеудің мақсатымен тәсілдері өзгереді.
Мақсаттары шындыққа сәйкес және жеке басының негізгі өмірлік бағытымен
байланыста болды. Сондай-ақ өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдерге қалыптасады.
Өзін-өзі тәрбиелеу адамның дамуының және іс-әрекетінің әртүрлі
сфераларын қамту мүмкін. Ол физикалық, эмоцияоналдық-еріктік немесе
интелектуалды және эстетикалық өзін-өзі тәрбиелеу түрінде де болуы
мүмкін. Адам өзінде, өзінің жоспарларында, негізгі өмірлік бағытына немесе
белгілі өмір кезеңіне, қосылған нақты мақсатына байланысты белгілі
қасиеттерді тәрбиелейді.
Көптеген психологтар өзін-өзі тәрбиелеу жоспарын белгілегенде негізгі
мақсат етіп жан-жақты дамуы белгіленді.
Өзін-өзі тәрбиелеуді А.С Макаренко табиғи дамуының нәтижесі деп
қарастырған. Басында жеке адамның дамуы сыртқы талаптар ықпалымен
жүреді, сосын өзіне талап қою нәтижесінде, яғни өзін-өзі тәрбиелеу оңаша
үрдіс емес, ұжымның бірлескен іс-әрекет.
Адам И.П Павлов айтуынша өзін-өзі реттеуі бойынша ең жоғарғы
жалғыз жүйе болып табылады.Мұндай жүйе жоғары дәрежедегі өзін-өзі
реттеуші, өзін-өзі қолдауышы,қалпына келтіруші және толық жетілдірген.
Өзін-өзі реттеу-ол барлық тірі жандарға тән қасиет. Ол тіршілік
әрекетінің қажетті үрдіс, өзін-өзі реттеу ағзаның өмірін және жеке дамуын
қамтамассыз ететінін сыртқы жағдайларға бейімдейтін үрдіс, өзін-өзі реттеу
негізінде ағза мен сыртқы орта арасында зат алмасу болады.
Өзін-өзі реттеу түрлі деңгейде және көп тәсілдермен іске асуы мүмкін.
Төменгі сатыдағы организмдерде физикалық-химиялық өзін-өзі реттеу орын
алады. Нерв жүйесінің пайда болуынан жүйелік өзін реттеу қосылады.
Адамның психожүйкелік өзін-өзі реттеуі сананың сапалығы мен
ерекшеленеді. Психалық өзін-өзі реттеу негізгі адамның жоғары атқаруын
табиғатпен және әлеуметтік ортамен байланыстыратын, оның іс-әрекетін,
ұжымдағы қылығына қатысты болады. Бірақ психалық өзін-өзі реттеу,өзінің
дамуында бірқатар сатыдан өтеді.Адамда өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі
реттеу үрдістері сәйкес келеді деуге бола ма? Мүлдем оңай емес. Өйткені
адам ұрығында да өзін-өзі реттеу орын алады.Тек өмірінің бірінші
жылдарында сәбиде психикалық өзін-өзі реттеудің бірінші белгілері көріне
бастайды. Көргені, естігені, бейне түрінде бекітіледі көз,қол, барлық денені
іздеу қозғалыстары белгіліне бастайды. Бұл еріксіз импульсивті өзін-өзі
реттеу стадиясы. Бұл жерде өзін-өзі тәрбиелеудің қалыптасуының белгілері
жоқ.
Баланың өсуімен жеке дамуымен шешуші рөлді сөз сигналдық сигнал
ретінде атқарады,яғни болмыс туралы қорытындылған білімдерінің
сақтаушы.Сөз адамның жоғары функцияларын реттейді. Сонымен қатар сол
17
бір жағдайлар кезінде заттың тітіркендіруші сияқты, организмде өзгерістер
тудырады. Бұл еріктік өзін-өзі дамуының стадиясы, дәл осы кезде өзін-өзі
тәрбиелеу пайда болды.
Өзін-өзі тәрбиелеуімен міндетті түрде өзін білуде, өткенді талдауды
өзіндей жағымды және жағымсызды бағалау, сонымен қатар өзінің болашақ
қылығын жобалау, жобаны реалды психикалық құрылымға айналдыру
мақсатымен өзімен жұмыс істеуді жоспарлауды талап етеді.
Адамның барлық әрекеттері және істеген істері, сөздерге айтылған
түсініктермен реттеледі.
Яғни, адамның жеке басының дамуының белгілі сатысында өзін-өзі
реттеу және өзін-өзі тәрбиелеу үрдістері сәйкес келмесе де өзара
әрекеттестікте болады. Оларды сөз біріктіреді. Сөз арқасында өзін-өзі
тәрбиелеудің мақсатын қоямыз және өзімізбен жұмыс істеу жоспарын
белгілейміз. Сонымен қатар сөз жоғарғы үрдістері табиғат пен қатынастың
оның әрекетін реттейді Сонымен белгілі кезеңді өзін-өзі реттеуін жоғарғы
немесе еріктік түрі өзін-өзі тәрбиелеудің механизмі болады.
Адам
саналы жан ретінде,үнемі өзінің іс-әрекетін мативпен
отырады,яғни өзіңе және басқаларға белгілі себептерге байланысты не
істегеніне есеп беріп отырады.
Түрткі (Мотив) – бұл саналы талап. Адамды іс-әрекетке әсер ету күштері
сияқты, ішкі де күштерді талаптандыруы мүмкін. Сыртқы талаптарға
экономикалық, саяси өмір жағдайлары, әлеуметтік идеологиялық және
моралдық талаптары, жеке адамға қойлатын ұжымның талаптары жатады.
Егер, сыртқы талаптан жеке адамның қызығушылықтарымен сәйкес
келсе,онда олар қажетті және қалаулы болады. Егер де талаптарды жеке адам
қабылдамаса, олардың қылықтарына ықпал етпейді. Ішкі талаптарға
материалдық және рухани қажеттіліктерді қызығушылықтарды,адам
сенімдерін көрсететін түрлі әлеуметтік мақсаттар тағы басқалар жатады.
Адам сана иесі ретінде, еңбектену нәтижесінде материалдық игіліктерді
өндіреді, өзіне берген тамаша қасиет-ойлау мен сөйлеу арқасында қатынас
жасап, өзінің қоршаған ортасына белсенді түрде ықпал етеді. Яғни дүниенің
сырын танып білуде субьектіге айналады. Адам бойындағы даралық
өзгелермен қарым- қатынасынан байқалады. Жаңа туған бала индивид (жеке
адам) деп саналады. Қалыпты дамыған өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті
әлеуметтік ортада өз орын бар адамды жеке адам деп аталады.
Дәстүрлі психологияда келесі ьұжырымдамалар қалыптасқан.
Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Адамның
түрлі қатынасы арқасында іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық
сипаттары сомдалады, қадір –қасиеті қалыптасады. Жеке адамның кісілік
қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс -әрекеттегі белсенділігінің
өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл әрекеті оны мінез-
құлқынан, ниет-тілегімен бағыт-бағдарына айқын байқалады. Ниет-
тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс-әрекет түрлеріне, әлеуметтік ортада
18
атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі
дүниесінің сыры, жан сарайы психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа
білініп тұрады. Әлеуметтік жағдай жанама түрде әсер етеді де оның
психикасын дамытады. Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп тұрады. Жеке
адам бойындағы сапалық ерекшеліктер мен оның психологиялық дара
өзгешеліктерін-темперамент, мінез, іс-қимыл, сезім жүйелері, қабілеті мен
еркі білдіреді. Міне бұл даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның
кісілік қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез-құлық ерекшеліктері
әлеументтік ортада өсіп жетіледі. Жеке адамның тұлғалық сипатын екі түрлі
ерекшелігін байқауға болады. Ол: әрбір адамның құрылымы мен жеке
басындағы даралық сипаттар; типтерден туандайтын және жеке басқа
бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл екеуі де биологиялық және
әлеуметтік факторларға негізделіп қарастырады. Адамның тарихи
дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар. Биологиялық фактор –
адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер.
Әлеуметтік фактор адамның дамып жетілуінде тіршілік ортасының
қоғамның, тәлім-тәрбиенің әсері. Бұл екі яғни екі фактор адамның
психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады. Өткен тақырыпта
бұдан 30-40 мың жылдай бұрын Homo sapiens (ақыл-ойлы адам)
қалыптасқаннан кейін адамның биологиялық эволюциясы мүлдем дерлік
тоқтады дедік. Мұның себебі неде? – деген сұрақ туады. Адамның
эволюциясы, жалпы алғанда, оның өмірінің барлық кезеңдрінде тоқтамай
жүріп жатады. Бірақ қазіргі эволюция адам өмірінің әлеуметтік жағына
қатысты, ал биологиялық эволюцияға келсек, адам жануарлардан бөлініп
шықаннан кейін ол шешуші рөл атқармйтын болғаны сөзсіз. Енді адамның
эволюциясына оның өмірін мәдени жағынан ұйымдастыру, яғни қоғамдық
өндірістің тәсілі, еңбек қызметінің дамуы, тұрмыс жағдайлары тағы басқа
шешуші әсер ететін болды. Тіпті денсаулығы әлсіз адамдарда медицинаның
көмегі арқасында қоғам өміріне белсене қатыса алады.
Неміс оқымыстысы психоаналистик психоневролог З. Фрейд (1856-
1939) сексуалдық теориясында адамның мұқтаждықтарын ынтығуларға,
құмартуға апарып теңейді. Екі түрлі ынтығу бар деп есептейді.
1.Сексуалдық яғни, жыныстық ынтығу.
2.«Мен» яғни, өзін-өзі қорғауға ынтығу.
Екінші ынтығу біріншіден кейін пайда болады. «Мен» ынтығуы өзінің
өмір сүруіне қажетті ынтығу болып саналады. Фрейд, жыныс құмартулары
адам әрекетінің арлық қылықтарын негіз болады, әрі оны басқарады деп
есептеді. Адам қажеттіліктері: материалдық, рухани болып бөлінеді. Адамда
екі түрлі күш бар: биологиялық- ол жыныс ынтығуы; әлеументтік ынтығу.
Міне, осы ынтығуларды адам өзін-өзі сақтау инстинкті арқылы оларды
тежейді, өз бойындағы күш қуатын сақтап, оны дұрыс қолданады, оны
әрдайым басқарып отырады және жақсы мақсатқа жұмсайды және мәдени
қажеттілік түрін басқарады. З. Фрейдің адам бойындағы белсенді әрекеттің
19
табиғи әрі, биологиялық құбылыс екенін дәлелдеп берудің өзі айтарлықтай
жаңалық. болғанымен оның белсенділік әрекетінің қозғаушы күші
жыныстық қатынастарға сәйкес дейтін пікірін көптеген шетелдік
психологтар . А. Кординер, Е. Формм, К.Хорни т.б. орынсыз деп санады.
Олар, Фрейдтің көзқарасындағы кемшілікті атап айта алмасада, өздерінше
«жаңа Фридизм» деген ағымды тудырды. «Жаңа Фрейдизм» ағымы адам
тіршілік еткен ортасыны тәуелді, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санайды.
«Жаңа Фрейдшілердің» ойынша тіршілік ортасына бейімделген адам
әлеументтен өзінің ғашығын іздейді. Соған ұмтылады, адамдар тобының
ырқына көніп, мақсатына жетуге талпынады деп адам белсенділігін асыра
дәріптейді. Философиялық - әдебиеттік және клиникалық тұрғыдан
қарастыру кезеңі тұлға мәнін түсінудің алғашқы қадамы деуге болады.
З.Фрейдтің тұлғалық психоаналитикалық теориясы Батыста кең
танымал. Оны психодинамикалық, экспериментальды емес, құрылымдық-
динамикалық типке жатқызуға болады. Ол тұлғаның психологиялық
қасиетін, әсіресе қажеттілігі мен себептерін сипаттайды. З.Фрейд өзіндік
сананы - айсбергтің шыңына теңейді. Адам өз жанында болып жатқанның
мардымсыз бөлігін ғана белсенді сезінеді. Ал оның жанында болып
жатқанның негізгі бөлігі тәжірбиесі мен тұлғалануы бейсанада болады деп
көрсетеді. Фрейд тұлға құрылымын үш құрамда: «оно» , «мен» , және «Мен-
тыс» деп белгілейді. «Оно» - бұл өзінің дербес бейсаналықтағы
қызығушылық, қажеттілік пен себепке терең енуі; «Мен» - санасы; «Мен-
тыс»-бұл саналык жэне бейсаналық деңгейі. «Оно» - ләззат принципіне,
«Мен» - шындық принципіне, «Мен-тыс» - қоғамда орын алған моралдық
норма мен құндылықты басшылыққа алады.
Жағымсыз эмоциональдық жағдайдан құтылуға байланысты «Мен»
көмегімен
өзінің
қорғаныстық
механизімдерін
жасайды.
Ондай
рационализация, реакуляция қалыптастыру, проекция, интеллектуализация,
ескертпелер жатады. Егер осы және бұданда басқа қорғаныстық
механизімдер нәтиже бермесе, ол «Оно» -дағы кодталған, символикалық
формаға байланысты болғаны. З.Фрейдтің тұлға теориясы және
неофрейдистер тұжырымдамасы шет елдер мен ресей психологтары
арасында сынға ұшырады. Бұл сын адамның биологиялық шегіне, оның
әлеуметтік мінезінің себебіне, оны басқару ролінің төмендігіне байланысты.
Олардағы дәлелдер ғылыми негізделіп, нақтыланған дәлелденген деуге
болмайды, деген олар тартымды әрі өмірлік ақиқатқа жанасымды құрылған.
З.Фрейд пен неофрейдистер тұлғаның жалпы психологиясын жасауда үлесі
болды. Олардың үлесі қорғаныс механизмі, мінез-құлық детерминизациясы
мен бейсаналық мәселесіне қатысты.
Фрейд шәкірттерінің бірі - К.Юнг ұстазымен келісімге келе алмай
бөлек бағытпен кеткен болатын. Оның себебі: Фрейдтің пансексуализм
идеясында. Екеуінің арасындағы күрес материалдық емес, идеалистік
20
позицияларда жүргізілген. Юнг өз жүйесін “аналитикалық психология” деп
атаған.
Юнг бойынша адам психикасына 3 деңгей кіреді:сана, жеке
бейсаналық және ұжымдық бейсаналық. Адамның тұлға құрылымында
анықтаушы роль атқаратын ұжымдық бейсаналық бұрын бүкіл адамзат
есте қалдырған іздерден түзіледі. Ұжымдық бейсаналық жалпы сипатта.
Ол тұлғаға әсер етіп, туылғанынан бастап өзін өзі қалай ұстауын
белгілейді. Ұжымдық бейсаналық та өз кезегінде түрлі деңгейлерден
тұрады, ұлттық, нәсілдік және жалпы адамзаттық тағылыммен
анықталады. Ең терең деңгей адамның жануар болған ата-тегінің
тәжірибесінен қаланған. Сонымен, Юнгтың анықтамасы бойынша
ұжымдық бейсаналық - біздің көне ата-тегіміздің ақыл-парасаты, олардың
өмір мен әлемді, құдай мен адамды тану жолдары.
Ұжымдық бейсаналық жеке адамдарда архетиптер түрінде көрініс
береді. Ондай архетиптер тек түстерде емес, шынайы шығармашылықтан
да табылады. Архетиптер жеке адамдарға тән болғанымен оларда
ұжымдық бейсаналық бейнеленеді. Архетип болып табылатын ойдағы
елестетулердің жалпы формаларына эмоционалдылықтың елеулі элементі,
тіпті перцептивті бейнелер де кіреді. Мысалы, ананың архетипі- өз
анасына ұқсатылған сезімтал және бейнелі мазмұны бар ана идеясы. Бұл
архетипті бала ата-тегінен дайын күйінде алып, оның негізінде өз
анасының нақты бейнесін құрады.
Юнг бойынша ұжымдық бейсаналықтан басқа жеке бейсаналық та
бар, бірақ ол санадан бөлектенбеген. Бұрын ақыл сарапынан өткен,
түсінікті болғанымен кейін ұмытылған немесе естен шығарылған
күйзелістер жеке бас ақыл-ессіздігін құрайды. Белгілі жағдайда олар
түсінікті болуы мүмкін.
Жеке бейсаналық құрылымдық бірліктері – сезімдер, ойлар және
естеліктер констелляциясы. Юнг бұларды кешендер деп атаған (мысалы,
үлкен билікті иемденуге ұмтылу -билік кешені болады).
Юнг мұнымен қоса “Мен” ұғымын енгізген. Ол адамның
біртұтастыққа және ауыз бірлікке ұмтылуын білдіреді. Оның арқасында
саналы мен бейсаналықтың арасында тепе-теңдік орнайды. “Мен” әртүрлі
болып көрініс беруі мүмкін. Ол көрініске тәуелді адамдарды белгілі
типтерге ажыратуға болады.
Тұлға типтерін жіктеу негізіне Юнг адамның өзіне және объектіге
бағытталуын қояды. Осыған орай барлық адамдар экстраверттер және
интроверттер болып бөлінеді. Бұлардан басқа қосымша типтер: интуитивті,
ойшыл, эмоционалды. Тұлға типін анықтайтын түрлі арақатынастағы
функциялардың көбісі туа біткен. Сондықтан Юнг бойынша тұлға
типтері дегеніміз бұл қоғам өмірінің жағдайларымен байланысы жоқ туа
біткен типтер.
21
Өз заманында Фрейдпен келіспей бөлек жолмен кеткен шәкіртінің
бірі – А.Адлер, жеке бас психологиясының негізін қалаушы. Ол Фрейдтің
биологиялық теориясына қарсы шыққан. Адлер адамның бойындағы
табиғи инстинкттерді емес, қоғамдық сезімді бағалап, оны «қоғамдық сезім»
деп атайды. Ол сезім туа біткенімен оны әлеуметтік дамыту керек.
Фрейдтің адамды туғанынан агрессивті, оның дамуы биологиялық
қажеттіліктермен детерминденеді дегенімен Адлер тіпті келіспейді.
Жеке адам психологиясын анықтауда гуманистік психологияның да
өзіндік үлесі бар. Жеке адам психологиясы мен мінезі гуманистік дәстүрге
сай құрылымда зерттелінді және ол зерттеулерді психодинамикалық,
интеракционды, құрылымды-динамикалық, экспериментті емес типіне
жатқызуға болады. Негізінен адамның ішкі тәжірбилік құрылымы мен
дамуына өзіндік сана мен ойлануына мән беріп, оларды кеңірек сипаттайды.
Оларды адам нені қабылдайды, қалай түсінеді және өз өмірінің нақты
жағдайларын қалай түсіндіреді деген сияқты сұрақтар қызықтырды. Олар
осылай тұлға феноменологиясын сипаттды. Өмірлік тәжірбиесіне негізделіп,
«өмір мәні» «құндылықтары», «өмірлік мақсаты» және т.б. терминдер
типімен сипаттауға тырысты. Гуманистік тұрғыда тұлға теориясын анықтауға
талпынған американ психологтары А.Маслоу мен К.Роджерс болды.
К.Роджерс әрбір адамның қандай қабілеті бар және ол ұмтылу мен бірлесу
тұлғаның өзіндік жетілуіне көмек беретін тұрғысын қарастырды. Жоғары
саналыққа ие адам өзінің өмірінің мәнін, мақсаты мен құндылығын
белгілейді, әрі оның жоғары соты мен эксперті деп есептейді. Роджерс
теориясының негізгі түсінігі «Мен» түсінігі. Әрбір адам мен кіммін? Не істей
аламын? Кім бола аламын? Ондай болу үшін не істей аламын? деген
сүрақтарға жауап береді. «Мен» образы адамның өмірлік тәжірбиесі арқылы
айналаны қабылдауы, бағалауы жүзеге асады да, мінезі қалыптасады.
Адамның негізгі қажеттілігі-өзін жүзеге асыру (самоактуализация ) өзіндік
жетілуге талпыну мен өзіндік ой болып табылады. Гуманистік психология
тұлғаның теориялық бағытын анықтауда өзін жүзеге асырудың барлық
бағытымен байланысты болады. А.Маслоу өзін жүзеге асыру сипаттарына
ақиқатты белсенді қабылдауы мен оған дұрыс бағдарлану қабілетін; өзін
және өзгенің болмысының қандай болғанына қарай, дәл сол түрғысында
қабылдауды және т.б. белгілерге қатысты психологиялық ситпттаулар
жүргізді. Өзін жүзеге асырушы адам белгілі бір іспен шұғылданады, оны
беріліп атқарады және олар мойындауды қажет етеді деп сипаттайды. Олар
үнемі таңдауды және шешуші қадам жасаушылар, олар үнемі алда жүруді
және кез-келген кедергілерді жеңуде өз мүмкіндігін көрсете алады.
Адамның белсенділігі, іс-әрекеті ғылыми материалистік тұрғыда
қарастыруында
белсенділік
әрекеттердің
адамның
қажеттіліктерін
қанағаттанумен ұштасады.
Тұлға белсенділігі-адамның материалдық және рухани мәдениеті
меңгеруде қоғамдық мәнге ие болған бағдарлы шығармашылығында, еріктік
22
актілерде, қарым-қатынастағы қабілеті. Тұлға белсенділігі адамның белсенді
өмір позициясы арқылы идеалық принципшілдігі, реттілігі, көзқарасы, сөзбен
іс бірлігінде көрінісін айтамыз.
Қажеттілік – ол адам белсенділігінің негізгі себебімен іс -әрекетке
итермелеуші
күш. Қажеттілік
қоғамдық
тәлім-тәрбие ықпалында
қалыптасып, адамның материалдық, рухани қоғамдық мұқтаждықтарын
қанағаттандырады. Мұндай қанағаттандыру қоғамдық даралық сипатқа ие
болады.
Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әр түрлі
өзгеріске түсіп отырады. Осыған байланысты, мақсатқа жету үшін түрткілер
де өзгеріп отырады. Жеке адамды қандай болмасын белгілі бір әрекетке
итермелейтін негізгі қозғаушы күш-қажеттіліктер. Қажеттіліктерде тоқталып
өттік.
Табиғи қажеттілік тән мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталады.
Жеке адамның өмір бағытын көрсететін құрамдас бөлімдері
(компонентер) көп. Соның бастылары: қажеттер, мотивтер, қызығулар,
бейімділік пен дүние таным мен сенім, мұрат пен талғам.
Табиғи қажеттілік тән мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталады.
Жеке адамның өмір бағытын көрсететін құрамдас бөлімдері
(компонентер) көп. Соның бастылары: қажеттер, мотивтер, қызығулар,
бейімділік пен дүние таным мен сенім, мұрат пен талғам.
Себептер-қазақша түрткі немесе себептер дейміз. Бұл қажеттілікті
өтеуге талпындыраты түрткілер болады. Қандай болмасын обьектінің себебін
білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген немесе оның мінез-
құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады.
Мотив, Себептер-қазақша түрткі немесе себептер дейміз. Бұл
қажеттілікті өтеуге талпындыраты түрткілер болады. Қандай болмасын
обьектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген немесе
оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады.
Қажеттілік тетік белгісіне қарай: табиғи және рухани-мәдениет болып
бөлінеді. Ал, сол заттарды ұстап тұтынуына қарай: материалдық, рухани
қажеттіліктер болып бөлінеді.
Рухани қажеттіліктер түрлі рухани құлдылықтарды пайдалану арқылы
жүзеге асырады. Адамның айналасындағы қоршаған дүние үнемі өзгеріп
отырыруымен адамның түрлі ерекшеліктері дамып, өзгеріп отырады. Ол өмір
сүру процесінің барысында және оқу-тәрбие процесінде шешуші роль
атқарады.
Қызығулар-адамның
шындықтағы
заттар
мен
құбылыстарды
белсенділікпен танып, сол қажеттіліктерді сезіп, соны білуге, түсінуге деген
жан еліктіріп, сезім тартқан нәрсенің бәрі қызығудың обьектісі болып
табылады. Қызығудың физиологиялық негізі-«Бұл не?» дейтін рефлекс.
Адамда сан алуан қызығулар болуы мүмкін. Қызығулар мазмұны мен
23
бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық,
оқырмандық, спорттық, танымдық. т.б. болып келеді.
Ал адамда қызығулардың болмауы немесе оның көмескі болуы оның
өмірін мазмұнсыз етеді. Қызығудың мазмұнды, әрі ауқымының кең болуы-
оның басты ерекшеліктерінің бірі. Мұнсыз аданың рухани өмір дамымайды.
Қызығу пәрменді белсенді болу үшін баланың тікелей әрекеттерімен
айналысу қажет.
Жеке адам психологиясының неге бағытталғанын көрсететін негізгі
компоненттердің бірі-адам дүние танымы мен сенімі.
Сенім-адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін
қанағаттандыру жүйесі. Сенім нақты іс-әрекет пен тәжірибеге байланысты.
Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі.
Өйткені бұл екеуі құстың қосқанатындай, адамның ең асыл қасиеті болып
табылады. Берім сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты
мінез-құлықта болмайды. Сенім қалыптаспаған адамның шындықтың жай –
жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс таңдай алуына да
шамасы жете бермейді. Оны өмір толқыны біресе онда, біресе мұнда
соқтырады да мінез-құлықты көлденеңнен кез-келген кездейсоқ жағдайлар
билеп келіп отырады. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де жойылады.
Сенім-тұлға өзінің құндылық бағдарлылығына байланысты саналы
қажеттілігін жүзеге асырудағы әрекетіне лайықтануы. Қажеттілік мазмұны
сенім формасында көрінеді, соған орай табиғатты және қоғамда түсінуде
белгілі бір көрінісін береді. Сенім-тәжірибелік әрекет. Сенім арқылы
коммуникативтік әдіс арқылы өзге адамдардың санасының қалыптасуына
ықпал жасалынады.Сенім әдісінің негізінде-тұтас функционалдық міндетке
байланысты таңдау, фактіні логикалық жүйелеу мен қортындылау құралады.
Мұрат- жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттердің бірі.
Бұл-адамың өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді артық тұтып, қастерлеуі.
Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Мұрат дүние
танымы, сенімі айқын, сөз бен істің байланысы бар жерге ғана болады.
Талғам-бұл да жеке адамның психологиясында елеулі орын алатын
қасиет. Бұл жоғарыда аталған барлық компанент түрімен байланысып
жатады. Талғам адамның білімі, тәрбиесі, ортасы, тәжірибесі елеулі әсер
етеді. Дұрыс талғам жүйесі жақсы тәрбие жемісі.
Бағыт-бағдар-адамның жеке арманы, құмарлығы әрекеті оның даралық
қасиетіне тән психологиялық ерекшелігі. Адамды тану үшін оның қоғам
мүшесі ретінде қандай істерді тындыра алатындығымен танысу керек.
Кемшіліктегі мақсатына жету үшін ықыласты, ынталы болу, оған ұмтылу
жеке-адамның бағыт-бағдарын білдіреді.
Тұлға бағыттылығы - ол тұлғаның іс-әрекетті орындаудағы
бағдарлығында, қандай да бір ситуациялық жағдайда болуына қарамастан
көрінетін тұрақты себептер жиынтығы тұлға бағыттылығы көрінетін тұстары.
24
Адамның бағдары, ынта-жігері, мақсат-мүддесі гуманисттік қоғам
мүддесімен үйлеседі. Адамның кісілік қасиетін түсінуде «ол нені қалайды»
деген жеткіліксіз. Өйткені адамы ниет тілегі мен ынтасын үнемі өзгеріп,
дамып күрделіленіп отырады.
Осылайша, адам әлеуметтік тіршілік иесі, қоғам мүшесі ретінде
ғылымға қызықты, себебі Homo sapiens түріндегі қазіргі заман адамы
биологиялық заңдармен емес, әлеуметтік даму заңдарына сай өмір сүреді.
Социогенез проблемасын қоғамдық ғылымдарсыз қарастыру мүмкін
емес. Оларды зерттейтін құбылыстарына немесе солармен байланыстыларын
бірнеше топқа бөлуге болады. Мысалы, өнермен, біліммен, техникалық
прогресспен байланысты ғылымдар.
Адам қоғамын зерттеуде жинақталу дәрежесіне қарай бұл ғылымдар екі
топқа бөлінеді: қоғам дамуын барлық элементтердің өзара қатынасында
бүтіндей қарастыратын ғылымдар, адамзат қоғамы дамуының жеке
аспектілерін зерттейтін ғылымдар. Ғылымдарды осылайша бөлу адамзат
өзіндік заңдарымен дамитын бүтіндей, сонымен бірге, көптеген жекелеген
адамдар боп танылады. Сондықтан барлық қоғамдық ғылымдар не адамзат
қоғамы жайлы ғылым, не социум элементі ретіндегі адам жайлы ғылымға
жатады. Бірақ бұл жіктемеде әр түрлі ғылымдардың нақты шекарасы
анықталмаған, өйткені көптеген қоғамдық ғылымдар қоғамды бүтіндей,
сондай-ақ жеке адамды зерттеумен байланысты бола алады.
Б. Ананьевтің пікірінше, адамзат (адамзат қоғамы) жайлы ғылым
жүйесіне қоғамның өндірістік күші жайлы, адамзаттың қоныстануы мен
құрамы жайлы, өндірістік және қоғамдық қатынастар жайлы, мәдениет,
өнер жайлы ғылымдар және де ғылымның өзін танымдық жүйе ретінде,
қоғамның әртүрлі даму кезеңдеріндегі формалары жайлы ғылымдар енуі
қажет.
Мұнда адамның табиғатпен және адамзаттың табиғи ортамен қарым-
қатынасын зерттейтін ғылымдарды ерекше атап өту керек. Осыған
байланысты биогеохимиялық ілімді жасаушы В.И.Вернадскийдің пікірі
қызықты – онда ғалым өзара қатынастағы және еркін оттегі О2
молекуласының тарихымен байланысты қарама-қарсы екі биогеохимиялық
қызмет жайлы сөз етеді. Бұл тотығу және қайта қалпына келу қызметтері.
Бір жағынан олар тыныс алу мен көбеюге және екінші жағынан өлген
организмдерді бұзумен байланысты. В.И. Вернадскийдің пайымдауынша
адам және адамзат өздері өмір сүретін планетаның белгілі бөлігі
биосферамен байланысты, себебі олар Жердің материалды-энергетикалық
құрылымымен геологиялық заңдылықта байланысқан.
Адам табиғаттан бөліне алмайды, бірақ жануарларға қарағанда адамның
өмір сүру мен қызметтің оңтайлы жағдайларын қамтамасыз етуге орай
табиғи ортаны өзгертуге бағытталған белсенділгі бар. Мұнда ноосфераның
пайда болуы жайлы айтылып тұр.
25
«Ноосфера» ұғымын 1927 ж Ле-Руа және Тейяр де Шарден біріге
отырып енгізді. Олар 1922-1923 жж Сорбондағы В.И. Вернадскийдің ұсынған
биогеохимиялық теориясын негізге алды. В.И. Вернадскийдің анықтамасы
бойынша ноосфера немесе «ойлаушы қабат» - біздің планетамыздағы жаңа
геологиялық құбылыс. Мұнда алғашқы рет адам планетаны өзгерте алатын
ірі геологиялық күш ретінде көрсетіледі.
Зерттеу пәні нақты адам болатын ғылымдар да бар. Бұған жеке
организмнің даму процессі онтогенез жайлы ғылымды жатқызуға болады.
Осы бағытта адамның жас, жыныстық, конституционалды және
нейродинамикалық ерекшеліктері зерттеледі. Бұдан бөлек тұлға және оның
өмір жолы жайлы психология ғылымы да бар, олардың аясында адам іс-
әрекетінің мотиві, дүниеге көзқарасы және құндылық бағдары, қоршаған
ортамен байланысы зерттеледі.
Сананың құрылымы, оның табиғаты адамгершілігінің руханилығы,
мәселелермен тығыз байланысты.
Әрқайсысымызда 3 жеке тұлғалар бар
- Бірінші болмыс “біздің өзіміз туралы ойларымыз”
- Екінші болмыс “басқа адамдардың мен туралы пікірі”
- Үшінші болмыс “біздің рухани болмысымыз, шын мәнісінде кім
болып табылатынымыз”
Достарыңызбен бөлісу: |