Қазақстан республикасының білім және ғылым


сур. 1. Контроллинг тұжырымдамасы



бет39/55
Дата19.07.2020
өлшемі355,05 Kb.
#74409
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   55
сур. 1. Контроллинг тұжырымдамасы.

Суретте графикалық түрде контроллинг тұжырымдамасы пирамида түрінде көрсетілгег, оның ұшы кәсіпорын мақсаттары болса, қырларын басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылған талаптарды анықтайтын әртүрлі факторлар құрайды. Бұл факторларды жалпы және арнайы етіп бөлуге болады. Пирмаиданың негізінде басқарушылық шешімдерді қабылдау процесіне қажет ақпараттық база болады, мұнда өндірістік және қаржылық есептің көрсеткіштері көрсетіледі және ұйымның сыртқы және ішкі ортаның сапалық сипаттамалары жазылады. Пирамиданың биіктігі жоспарлар мен есептер жүйесіндегі иерархичлық деңгейлердің санына тәуелді болады. Жоспарлар мен есепте жүйесі контроллингтің зерттеу затын құрайды, пирамиданың ішкі облысын сипаттайды.

Жоспарлы және есепті құжаттар ақпаратты өңдеу процестерінің материалдық «нәтижелері» болып табылады.

Контроллинг құрылымы және мазмұны

Мақсаттарды белгілеу – кәсіпорынның сандық және сапалық белгілерін анықтау.

Жоспарлау – кәсіпорын мақсаттарын жоспарларға айналдыру. Жоспарлаудың бірінші қадамы SWOT- талдау.

Басқарушылық есеп – жоспарды орындау барысында қаржылық-шаруашылық қызметтің сипатталуы. Басқарушылық есеп жетекшілердің ақпараттық қажеттіліктеріне бағдарланған (сыртқы тұтынушыларға емес – бух.есеп сияқты).

Ақпараттық ағындарды ұйымдастыру – ақпаратты жинау, басқаруға ақпараттық демеу жасау.

Мониторинг – ағымдағы уақытта кәсіпорында өтетін барлық процестерді бақылау.

Бақылау – болған фактілерді тіркеу және бағалау

 Контроллинг құралдары

GAP- талдау – жағдайдың іс жүзіндегі дамуы жоспарланғаннан ауытқуын талдау.

Қоржынды талдау – кәсіпорын қаржысына басқару жүргізу (тәуекел мен табыстылықты оңтайлы үйлестіріп).

Маржинальды пайданы есептеу – маркетинг, баға жасау және қаржы өрістерінде шаралардың тиімділігін анықтау үшін қажет.

Салыстырмалы талдау – шаруашылық қызмет нәтижелеріне әсер ететін факторларды және себептерді талдау.

Тақырып 11 Химиялық, жұмыстарға техникалық сметаларды және шығындар сметаларын құрастыру

Дәріс жоспары:

1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістері.

2. Тасқынды өндірісті уақытқа қарай бөлу.

3. Мамандануына байланысты тасқынды желіні бөлу.



Семинар

Семинар сұрақтары:



  1. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың жеке әдісі

  2. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың партиялық әдісі

  3. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдісі

  4. Үзілмелі тасқынды өндіріс

  5. Үздіксіз тасқынды өндіріс

  6. Тасқынды желі деген не?

  7. Ауыспалы тасқынды желі

  8. Тұрақты тасқынды желі

Әдебиет

1. Дәрістер

2. Брыкин П.А. Экономика, организация и планирование химического производства: 3-е изд., перераб и доп. – М.: 1988..

Студенттің өздік жұмысына арналған тапсырма

Студенттер берілген тақырыпқа арналған өздік жұмыс орындау қажет. Өздік жұмыс тақырыбын студент оқытушымен ақылдасып, өзі таңдайды.

Негізгі өндірісті ұйымдастыруда жеке,партиялық және тасқынды әдістер қолданылады . Негізгі өндірісті ұйымдастырудың жеке әдісі жеке өндірісте шығарылатын ерекше стандартты емес , қайталанбайтын өнімдерді шығарудың өндіріс процесін құру. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың жеке әдісінің мәні бастапқы материалдарды , жабдықты , жұмыс күшін , техникалық және экономикалық құжаттарды мұқият дайындау.Өндіріс процесін алдымен барлық құраушы бөліктерін дайындап алып , оларды дайын өнімге біріктіріп ұйымдастырады.

Негізгі өндірісті ұйымдастырудың партиялық әдісі өнім партиясын дайындауға өндіріс процесін құру.Еңбек заттарының барлық партиясы процесс операциялары бойынша жүйелі өңделіп , жұмыс орындарына данаға бөлінбей беріледі.

Негізгі өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдісінде шикізат пен материалдар технологиялық жүйелілікпен , бекітілген ритмде, үздіксіз және барлық операцияларда бір уақытта дайын өнімге өңделетін өндіріс процесін құру.Кең жұмыс аумағы мен параллелдік принципін қолдану тасқынды әдіспен өндірісті ұйымдастырудың басты шарты. Тасқынды әдіспен өндірісті ұйымдастырғанда технологиялық процесті бірдей тактілері бар операцияларға бөледі. Операция тактілерін теңестіру процесс пропорциональды болу үшін және операциялар ортасындағы запастарды жою, азайту үшін қажет. Процестің пропорциональды болуы жабдықты толық пайдаланудың және эксплуатациялық шығындарды азайтудың басты шарты. Өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдісін жаппай өндірісте қолданады.

Өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдісінде еңбек заттарының параллельді немесе аралас қозғалысын қолданады. Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрінде операциялар арасында жартылай фабрикаттардың запастары пайда болмайды. Еңбек заттарының аралас қозғалыс түрінде

жартылай фабрикаттардың запастары пайда болады және ол ауысымдық жоспарлы тапсырманы орындау соңында толық өңделеді.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет