Ќазаќстан Республикасыныѕ Еѕбек кодексi


аумақтық бөлiмшелерiнiң еңбек қатынастарын



бет7/178
Дата11.09.2020
өлшемі0,9 Mb.
#77772
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   178
Байланысты:
еңбек кодексі

              аумақтық бөлiмшелерiнiң еңбек қатынастарын 
              реттеу саласындағы құзыретi

      Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi :

__ 534 ____________________

      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

__ 535 ____________________

      2) жұмыс берушiлер табыс еткен ұжымдық шарттардың мониторингiн жүзеге асырады;

__ 536 ____________________

      3) өндiрiстiк жарақаттанудың, кәсiптiк аурулардың, кәсiптiк уланулардың себептерiне талдау жүргiзедi және олардың алдын алу жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;

__ 537 ____________________

      4) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тексередi;

__ 538 ____________________

      5) басшы қызметкерлердiң және жұмыс берушiлерде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың бiлiмiн тексерудi жүргiзедi;

__ 539 ____________________

      6) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;

__ 540 ____________________

      7) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өкiлеттi өкiлдерiмен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау нормативтерiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды;

__ 541 ____________________

      8) қызметкерлердiң, жұмыс берушiлердiң және олардың өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн қарайды;

__ 830 ____________________

      9) өндiрiстiк объектiлерге еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингiн жүзеге асырады.


      Ескерту. 17-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

__ 23 ____________________

      18-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың еңбек 
               қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi

      Жергiлiктi атқарушы органдар:

__ 542 ____________________       1) алынып тасталды - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

__ 543 ____________________       2) жергiлiктi өкiлдi органның келiсiмiмен ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындайды;

__ 544 ____________________       3) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңiрлiк келiсiмдердi тiркеудi жүзеге асырады;

__ 545 ____________________       4) халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдарда (қоғамдық көлiк, сумен, электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ететiн ұйымдар) ереуiл өткiзудi келiседi;

__ 546 ____________________       5) жұмыс берушiлердiң өңiрлiк бiрлестiктерiмен және қызметкерлердiң өңiрлiк бiрлестiктерiмен өңiрлiк (облыстық, қалалық, аудандық) келiсiмдер жасайды;

__ 547 ____________________       6) көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбек нормаларын және еңбегiне ақы төлеу жүйесiнiң параметрлерiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен қарайды және келiседi;

__ 548 ____________________       7) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған халық санаттарын жұмысқа орналастыру үшiн квота белгiлейдi;
      8) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

__ 24 ____________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет