Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі



бет39/127
Дата27.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#141049
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   127
Байланысты:
Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі

Іс жүргізуге қатысушылар
ӘҚБтК олардың қатарына мыналарды жатқызады: өзі жөнінде іс бойынша іс жүргізіліп жатқан аджам; жәбірленуші /егер ондай болса/; заңды өкілдер; қорғаушы; куә; маман; сарапшы; аудармашы; прокурор. Кодексте іс жүргізуге қатысушылардың процессуалдық құқықтары мен бостандықтарына ерекше көңіл аударылған.
Сонымен, әлдебір әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп айып тағылған адам істің материалдарымен танысуға, түсініктеме беруге, дәлелдемелер табыс етуге, өтініш және қарсылық мәлімдеуге, қорғаушының заң көмегін пайдалануға, ана тілінде сөйлеуге және қажет болған жағдайда аудармашының қызметін пайдалануға, іс бойынша шығарылған қаулыға шағымдануға құқылы. Іс оның қатысуымен қаралады. Егер оған істің қаралатын орны мен уақыты хабарланғаны туралы деректер болса және одан істі қарауды кейінге қалдыру туралы өтініш түспесе, онда іс оның өзі болмаған жағдайда қаралуы мүмкін. Кейбір істер бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамның қатысуы міндетті /мысалы, ұсақ бұзақылық туралы істер бойынша/. Мұндай реттерде шақыру бойынша келуден жалтарған адамды ішкі істер органының /полицияның/ алып келуіне болады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтан тән жарақатын алған, мүліктік немесе моральдық жағынан зақым келтірілген жеке немесе заңды тұлға жәбірленуші болып табылады.
Жеке адамның ата-анасы, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары және қорғаншысы немесе асыраушысы болып өзге де адамдар оның заңды өкілдері болып табылады.
Қорғаушы әкімшілік жауапқа тартылушы адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оған заң көмегін көрсететін адам.
Куә осы іс үшін маңызы бар мән-жайлардан хабардар болуы мүмкін кез-келген адам.
Арнаулы ғылыми білім қажет болған жағдайда істі жүргізіп жатқан судья, орган /лауазымды адам/ сарапшы тағайындайды. Іске қатысушылардың бәрі істің материалдарымен танысуға, өтініштер мәлімдеуге, іс бойынша шығарылған қаулыға шағым беруге құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет