Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Қоғамтану» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы


қосымша: Д. Жамбылов « Саясаттану» А. 2003 ж. ҮІ. Ұ



бет5/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,02 Mb.
#33481
1   2   3   4   5   6

қосымша: Д. Жамбылов « Саясаттану» А. 2003 ж.

ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин (16%)

1.Қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы жаңа көзқарастың қалыптасуы.

2. Қоғамның таптық құрылымы және әлеуметтік жіктелу теориясы.

3. Қоғамның демографиялық құрылымы.

4. Қоғамның кәсіби құрылымы.

5.Әлеуметтік заңдар.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44 %)

1.1.Тақырып жоспары:

1. Діннің мәні.

2. Діннің тарихы.

3. Дін – адамзатты біріктіруші күш.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Ежелден келе жатқан мәдениет түрінің бірі – дін. Адам баласының тарихында көп тараған дүниежүзілік діндер: буддизм, христиан, ислам. Бұл діндер және басқа да діни сенімдер қоғамда жоғарғы ұждан өлшемдерінің – қайырымдылықтың, ізгіліктің, мейірбандылықтың мықтап орнығуына көмектеседі. Екінші сөзбен айтсақ, дін адамгершілікті қайырымдылықты, жан тазалығын, рух биіктігін уағыздайды, бейбітшілікке шақырады. Қиянат қылма, ұрлық істеме, кісі ақысын жеме, күштілер әлсіздерге үстемдік жасамасын, жетім- жесірге қорған бол, ақ бол, адал бол дейді дін.

1985 жылы Американың Гэлдап институтының жүргізген зерттеуіне қарағанда, Африка тұрғындарының 95, Латын Америкасының 96, Америка Құрама Штаттарының 94, Азияның 89, Батыс Еуропа халқының 78 пайызы дінге сенушілер.

Әрбір елдің конститутциясы сол елдің дінге деген саясатын тұжырымдаған. Қазақстан Республикасының Конститутциясында: «Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы делінген. Сонымен қатар, «әркімнің ар- ұждан бостандығына құқығы бар» деп те тұжырымдалған.

Діни негізінде саяси партиялар құруға жол берілмейді. Діни бірлестіктер саяси мақсаттар мен міндеттер көздемеуге тиіс деп көрсетілген Конститутцияда.

Барлық уақытта да дінді жақтаудың негізгі факторы- қорқыныш, аса зор өлім қаупі алдында, шешілмейтін проблемалар қарсаңында абыржу. Жазылмайтын ауру адамдар, өмірден түнілгендер құдайдан жұбаныш іздейді, сенеді. Шіркеу, мешіт адамдардың мұндай топтарын ескерусіз қалдырмайды. Олар шын мәнісінде мейірбандылық көрсетеді.

Дін ертеден-ақ құндылықтың иесі болған. Діннің өзі мәдениеттің бір түрі. Сәулетті мешіттер, храмдар, тамаша әдеби философиялық шығармалар, шіркеулік әдет- ғұрыптар, имандылық, қайырымдылықтар, адам баласының мәдени қорын байытты.

Біздің елдің Конститутциясы бойынша діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген. Діни құрылымдар республикада қазір болып жатқан процестерге түсіністікпен қарайды және рухани бірлесу мен келісімге келу идеяларын күн сайын нығайта түсуге үлесін қосады. « Бірақ - деп көрсетті Президент Н. Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан өзінің ішкі және сыртқы саясатында діни принцптерді насихатаушы мемлекет болып қала алмайды. Оның үстіне, партияларды діни тұғырнамалар негізінде құру туралы сөз болуы тіптен де мүмкін емес».

Дүниежүзінде әртүрлі діндер, олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Біздер қазіргі өркениетке ерекше әсері бар діндерге тоқталайық. Буддизм өте - ерте, бұдан екі жарым жыл бұрын пайда болған. Будда ілімінің мазмұны -имандылық саласында адамдық қалып және тәртіп. Адам ойлау арқылы шындыққа жетеді, ауыр жағдайдан құтылатын жол табады, қасиетті ілімнің уағызнамасын сақтай отырып табысқа жетеді. Бұл діннің бес түрлі уағызнамасы бар: бірде - тірі жәндікті өлтірме, басқаның меншігін алма, басқа әйелге соқтықпа, өтірік айтпа, шарап ішпе.

Қазіргі уақытта буддизм Үндіқытай түбегінде маңызды қоғамдық – саяси және мәдени рөл атқаруда. Бирмада, Камбоджада, Таиландта мемлекеттік дін болып есептеледі. Жапонияда буддизм көптеген секталарға бөлініп, жаңа дін құрылуда.

Христиан діні буддизмнен бес ғасырдан кейін келген әлемдік діннің бірі, қазір ол ең көп тараған діннің бірі. Негізгі басшылыққа алатын заңы – Қасиетті кітап (библлия). Еуропа мен Америкада оған сенушілер 1024 миллион адамнан асады. Оның имандылық ережесі: өлтірме, ұрлама, әкеңді және шешенді құрметте, өзінді жатқа айналдырма, жаратушы құдайдың атын атама. т. б. Христиан дінінің басты идеясы – сол адамның барлық бақытсыздығы оның күнәсінің нәтижесі және ол күнәдан шоқыну және табыну арқылып құтылуға болады деп есептеледі.

1064 жылы христиан діні екі бағытқа бөлінеді: батыстық ( католиктік) және шығыстық (провославиелік).

Ислам кейін пайда болған дін. Бүгінгі әлемде бір миллиардтан астам адам: « Сіз дін жағынан кімсіз ?» - деген сұраққа араб сөзімен « мүслім» деп, яғни « ислам дінін ұстайтын мұсылманмын» деп жауап береді.Осыдан 1300 жылдан астам бұрын Мұхаммед құрған ислам дінінің бұлжыртпай орындауға тиісті заңы – қасиетті кітап болып есептелетін Құранда сол діннің ерекшелігі анық көрсетілген. Мұсылман дінінің кең тараған жері Солтүстік Африка, Оңтүстік –Батыс және Оңтүстік Азия.

Құранның 112- ші сүресінде оның мазмұны былай баяндалған: « Ол Алла жалғыз. Алла құдіретті.Ол – тумаған, туылмаған және ешқашан оған ұқсас ешкім болмаған». Мұсылмандылық екі ірі сенім негізі бойынша құрылған: 1) Мұхаммедтің Алла тарапынан бүкіл адам баласына жіберілген пайғамбар екндігіне сену. Ислам дініне сенушілер үшін, мұсылмандылықтың бес негізгі міндеті бар: 1) Алланың жалғыз екеніне, ал Мұхаммед оның елшісі екніне сену; 2) Намаз оқу: 3) Ораза тұту: 4) Қажыға – Меккеге бару: 5) Зекет беру. Мұсылмандар үшін Құран – Алланың Мұхаммедке арнап, сол арқылы адамдарға айтқан сөздері. Егерде адам Аллаға сенсе, мұсылман дінінің барлық ережелерін орындаса, онда мәңгілік пейішке барады.

Сонымен дүниежүзілік діндердің қайсысы болсын жаратушыны насихаттайды. Адамды имандылыққа баулиды. Барлық діндер наным сенімі әр түрлі адамдардың әр түрлі қатынастарда болуы орынды деп есептейді. Ол адам баласының алдында тұрған ғаламдық проблемаларды шешуде әр түрлі дінге сенушілер мен атеистер бірігіп қызмет атқаруынан көрінеді.

Қазақстан көп ұлтты ғана емес, сондай-ақ көп дінді ел. 1992 жылы Алматыда Рухани татулық жөнінде дүниежүзілік конгресс болды. Онда дүниежүзіндегі барлық діндердің өкілдері бас қосты. Бүгінгідей ауыр шақта бізге керегі ренжісу емес- достасу, алыстау емес- жақындасу деп, бүкіл жер бетіндегі адамзат баласы пікір алысып, өзара түсінісіп, мәмілеге келді. Адамдар әртүрлі діннің өкілдері екніне қарамастан, ақыл-ойға жүгініп, осылайша түсініссе, өз армандарына жетеді.



4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы негізгі діндер.

6. Үй тапсырмасы: 5 мин (6%)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Ислам дінінің пайда болу тарихы.

2. Қоғам өміріндегі діннің орны.

16сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық мәдениет. Мәдениет ықпалдастық.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға мәдениет ұғымы, оның құрылымы туралы, мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылықтар жүйесі екендігі туралы кең көлемде түсінік беру.

тәрбиелеу: қазіргі қоғамдағы мәдениеттегі дәстүрлілік пен жаңашылдық, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін дамыту, насихаттауға бағыт беру.

дамыту: материалдық және рухани мәдениеттің айырмашылығы, оның дамуы туралы, мәдениеттің ішкі және сыртқы байланыстары, олардың ерекшеліктерін ажырата білуге дағдыландыру.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, М. Изотов, Қ Жүкешев, Қ. Адамбосынов А. Құлсариева «Қоғамдық білім негіздері» А. 2006 ж. 10- кл.

Ә. Нысанбаев, Қ. Жүкешев, М. Изотов, К. Қажымұрат, М. Сәбит, М. Тәтімов « Адам және қоғам» 11- кл.



қосымша: Д. Жамбылов « Саясаттану» А. 2003 ж.

ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин (16%)

1.Қандай діндерді білесіңдер?

2. Қазақ халқы қандай діндерді ұстанады?

3. Діннің, діни сенімнің қажеттілігі неде?

4.ҚР Конситутциясы дін туралы не айтады?



3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44 %)

1.1.Тақырып жоспары:

1. Мәдениет туралы түсінік.

2. Материалдық және рухани мәдниет.

3. Мәдениеттегі дәстүр және жаңашылдық.

4. Мәдениеттің сыртқы және ішкі байланысы.

5. Еңбек бөлінісі және мәдениет.

6. Мәдениеттің әлеуметтік қызметі.



Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Мәдениет ( латын, cultura – өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) - табиғат обьектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс – әрекетімен байланыстылығы. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат».

Мәдениет - жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым - қатынасы. Ол – өзара қарым- қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.

Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып қалыптасады.

Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.

Мәдениет материалдық және рухани: бірі – материалдық өңдірістің, екіншісі – рухани өңдірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани өңдірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері – еңбек құралдары және көркем шығармалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық нысанда болады, соның нәтижесінде ол обьектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады.

Өміршең мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам – мәдениет субьектісі. Оның адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдеп- ғұрыпқа ену, осы мәдениетке тән іс - әрекеттің дағдысын бойына сіңіру. Мәдениет-адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет тікелей қатынаста өмір сүреді. Материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды. Сөйтіп материалдық және рухани мәдениет тікелей байлансты екен. Одан шығатын қорытынды, мәдениет-қоғамның материалдық және рухани байлығының жиынтығы. Қоғамның материалдық дәрежесі жоғары болған сайын рухани өмір де жоғары болмақ.

Мәдениеттің диалектикалық дамушы процесс есебінде екі жағы бар. Бірі - тұрақты, «консервативтік», екіншісі –дамушылық, жағалық жағы. Мәдениеттің тұрақты жағы – мәдени дәстүр, соның арқасында тарихтағы адамзаттық тәжірибе жинақталады, әрбір жаға ұрпақ жасаған тәжірибесіне сүйеніп, оны кемелдендіреді, дамытады. Мәдениет дәстүрсіз өмір сүрмейді. Сонымен қатар, мәдени дәстүр тарихи ескерткіш тұрғысында-мәдениеттің өмір сүруі үшін және сапалы жаңа мәдениетті жасау үшін де қажет. Әкімшіл – әміршіл жүйенің кезінде қазақ халқының тарихы, мәдени ескерткіштері ұмытылды, қайсыбіреулері қиратылды. Оларға ескінің қалдығы деп қарады. Егерде мәдениет қоғам дамуының қоғамдық мәнділігі, іс- әрекетінің субьектісі деп қарайтын болсақ, онда мәдениет қоғамда барлық уақытта да орын алады. Адамның қоғамнан айырмашылығы бар, бірақ қоғамдық өмірдің адамсыз бірде - бір саласы жоқ.

Экономика мен материалдық өңдіріс - мәдениеттің даму шарты, жағдайы, ал адам - оны жасаушы. Әлемдік мәдениетті жасай отырып, адам өзін субьект – қоғамдық мән етіп көрсетеді, өзінің шығармашылық қабілетін қалыптастырады.

Өңдірістің даму дәрежесі, әлеуметтік- экономикалық қатынастың сипаты, қоғамның материалдық әл- ауқаты мәдениеттің дамуының әлеуметтік – экономикалық негізі. Екінші жағынан қоғам мәдениеті, әрбір жеке адамның мәдениеті, сөз жоқ, өңдірістің дамуына, экономиканың тиімділігіне тікелей әсер етеді. Қоғамда ешнәрсе ақыл – ойдың, сананың, сезімнің, адам еңбегі мен әрекетінсіз жүзеге асып, өмір сүрмейді. Рухани процестер қоғамдық өмірдің салаларына енеді.

Ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуі мәдениеттің, ғылымның дамуына, өнердің өркендеуіне және басқа да рухани мәдениеттің өркендеуіне жағдай жасады.Мәдениет ұлттық шеңбермен шектелмейді. Әрине, ұлттық ерекшелік сақталады, ол мәдениеттің өркениеттілікке ұмтылуына толық жағдай жасауы тиіс.

КСРО өмір сүріп тұрған жылдарда бізде мәдениетіміздің дамуына кері әсер етіп тұрған көзқарас орын алды. Мәдениет «буржуазиялық» және «социалистік» деп бөлінді. Ғылым мен мәдениет саласында шындықты бұрмалаушылық орын алды.Мәдениет өзінің әр түрлі бейнелеу тәсілі мен түрлері мен қоғамның даму тәсіліне енеді. Ол адамның субьектілік, даралық іс-әрекетін, әлеуметтік ұйымдардың тәсілі мен нормасын және оның өмір сүру әрекетін реттеуді анықтайды. Ғылыми техникалық ойдың нәтижесі өмірге енді. Бұл қоғамның саяси, рухани процестеріне күшті әсер етті. Атомды бейбіт өмірге пайдалану, мысалы атом электр станцияларын салу ғылыми- техникалық емес, сонымен қатар әлеуметтік проблемаға да айналды. Атом электр станцияларын салуға халық қарсылық білдіре бастады. Адамның шығармашылық еңбегінің нәтижесі тарихи дамудың факторына айналады. Олар лабораториядан шығып, қоғамның дамуына түрлі әсерін тигізе бастайды. Еңбек мәдениетін көтермей, өңдірістің тиімділігін арттыру мүмкін емес. Соған сәйкес адамдардың құқықтық дербестігін сақтау, пікір алысу және саяси мәдениетті, әлеуметтік саланы дамыту, қарым – қатынас пен тәртіп мәдениетін көтеру қажет. Мәдениетті дамытпай әлеуметтік мәдениетті шешу мүмкін емес, ал өз тарапынан мәдениеттіліктің халықтың шығармашылық жігерінің деңгейі әрі дамуы белгілі дәрежеде адамның жан – жақты дамуымен байланысты, ал адамның да осындай дамуы қоғамның дамуына байланысты.



4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық мәдениет. Мәдениет ықпалдастық.

6. Үй тапсырмасы: 5 мин (6%)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Мәдениет- қоғамның өлшемі.

2.Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, өткені болашағы

17сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Саясат құрылымы және қызметтері

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға саясат ұғымы, қоғамның саяси өмірі: экономикалық, мемлекеттік, партиялық, діни, рухани, халықаралық саясат т. б. туралы кең көлемде түсінік беру.

тәрбиелеу: Саяси сана мен саяси мәдениетін қалыптастыруға, қоғамдық іс- шараларға қатысуға белсенділік арттыруға баулу, тәрбиелеу.

дамыту: ҚР саяси билік жүйесінің бөлінуі, қызметін айқындай білуі, ҚР саяси партиялар, олардың қызметі, қоғамдағы рөлі туралы көзқарастарын қалыптастыру.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, М. Изотов, Қ Жүкешев, Қ. Адамбосынов А. Құлсариева «Қоғамдық білім негіздері» А. 2006 ж. 10- кл.

Ә. Нысанбаев, Қ. Жүкешев, М. Изотов, К. Қажымұрат, М. Сәбит, М. Тәтімов « Адам және қоғам» 11- кл.



қосымша: Д. Жамбылов « Саясаттану» А. 2003 ж.

ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин (16%)

1.Мәдениет түсінігі нені білдіреді?

2. Қоғам мен мәдениеттің бірлігі мен айырмашылығы неде?

3. Мәдениеттің әлеуметтік қызметтері.

4. Мәдениетті адам ол қандай адам?

5. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті деп нені айтамыз?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44 %)

1.1.Тақырып жоспары:

1. Қоғам және саясат.

2. Жеке адам және саясат.

3. Саяси мәдениет және саяси сана.

4. ҚР саяси билік.

5. ҚР саяси партиялар.

6. Қоғамдық – саяси ұйымдар және қозғалыстар.



Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Күнделікті өмірде саясат туралы көптеген сөз тізбегі қолданылады. Олар қоғам саясаты, экономикалық, мемлекеттік, партиялық саясат, нарықтық, рухани, діни, халықаралық саясат т. б. Демек, қоғам көлемінде сан түрлі саясаттар іске асырылады екен, ал осы саясатты қоғамда жүргізетін адам жай ғана адам емес, әлеуметтік мүддені, материалдық және рухани құндылықтарды билік арқылы бөлетін, өзара қатынаста болатын адамдар. Олай болса адамдардың әлеуметтік бірлігі, нақтылы адамдардың саяси өмірі белегілі қоғамдық салада байланыстылықта өтеді. Олардың нәтижесі – мүддені, адамның іс – әрекетін материалдандыру. Сонымен қатар саяси сала қоғамның дамуы мен өмір сүруінің факторы есебінде қоғамдық және саяси өмірдің процестеріне де әсер етеді.

Ол саяси билік қатынасының мына түрлерін қамтиды – заңдылық, атқарушылық және соттық.

Саяси режим - саяси және қоғамдық өмірді ұйымдастырудың және оның өмір сүруінің тәсілі. Мәселен, тоталитарлық саяси режим. Қазақстан Республикасында мемлекеттік өкімет билігі оның заң шығару, атқару және сот билігіне бөлу принцпіне негізделген. Соған сәйкес мемлекеттік органдар өз өкілеттігі ауқымында іс-әрекеттер жасайды.

Адамның саяси көзқарасы оның қандай ортада екендігіне тікелей байланысты. Оның саяси көзкқарасына әсер ететін факторларды екі кезеңге бөлеміз. Бірінші кезеңге адамға бала кезде өте зор әсер ететін ортаны – отбасын, ойнайтын достарын, мектепті жатқызуға болады. Бұл кезеңде саяси әлеуметтенуге әсер ететін факторлар – құрбы – құрдастар, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары. Екінші кезеңде саяси әлеуметтенудің факторлары өзгереді. Бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік орта басты орын алады. Теледидар және радио арқылы берілетін хабарлар алғашқы және шындық ретінде қабылданады.

Саяси әлеуметтенуде маңызды орын алатын фактор тікелей қоршаған әлеуметтік орта: оқудағы, жұмыстағы сыбайластар, жақын туысқандар т.б. Шығармашылық интелегенция ортасы маңызды орын алады. Еңбексүйгіш, тәртіпті, үлкенді сыйлайтын адамдармен қатынаста болудың өзі өз септігін тигізеді.

Саяси мәдениет дегеніміз – адамдардың билікке, мемлекеттік жүйеге, заңға, билік органдарының қаулылары мен бағдарламаларын орындауға немесе орындамауға дайындығы, саяси жағдайда белгілі бір тәртібі.Саяси мәдениет өрісінің бірі - саяси сана. Саяси сана – адамдардың саясат саласындағы құбылыстар мен оқиғаларға қатынасы. Оның бірінші кезекте көзге түсетін негізгі белгілері – саяси сананың әрекеттілігі. Түрлі аймақтағы адамдар саяси оқиғаларға әр түрлі қарайды. Саяси мәдениетті қалыптастыруға ең алдымен мемлекет қатысады. Мемлекет ол міндетін заң шығару, атқару, сот органдары арқылы іске асырады. Мемлектпен қатар, саяси мәдениетті қалыптастыруда қоғамдық ұйымдар партиялар да қатысады. Саяси мәдениетті қалыптастыруда бұқаралық ақпарат қаралдары: баспасөз, радио, теледидар елеулі рөл атқарады. Қоғамда өмір сүретін адам саясаттан тысқары қала алмайды.

Конститутцияның қабылдануына байланысты республикада биліктің жаңа жүйесі қалыптасты. Саясаттағы шешуші буын – мемлекеттік биліктің құрылымы. Мемлекет –саяси жүйенің, қоғамдық өмірдің басты құралы, оны нығайту, дамыту саясаттың мақсаты. Қазақстан халқы мемлекеттік өкімет билігін тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады. Конститутцияның екінші бабында: « Қазақстан Республикасы – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет» деп көрсетілген. Конститутциядағы басты мәселенің бірі – жоғары мемлекттік органдар жүйесіндегі Президеттің орны, рөлі және мәні. Конститутцияның үшінші бөлімі «Президент» деп аталады, ол тоғыз баптан тұрады. Ата заңның төртінші бөлімінде парламент туралы негізгі баптар орын алған. Парламент – заң шығару қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ең жоғарғы органы болып табылады. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Конститутцияның V бөлімі «Үкімет» деп аталады. Үкімет Қазақстан Республикасының атқару билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Конститутцияның сегізінші бөлімінде жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін –өзі басқару органдарының қызметі анықталған. Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аймақтағы істің жай –күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады. Жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар тиісті әкімшілік – аймақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере оырып, оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуына бақылау жасайды. Жергілікті атқарушы органды Қазақсан Республикасы Президенті мен үкіметінің өкілі болып табылатын тиісті әкімшілік аймақтың әкімі басқарады. Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Конститутциялық соты, Қазақстан Републикасының Жоғарғы соты және Заңмен тағайындалған Қазақстан Республикасының жергілікті соттары Қазақстан Республикасының сот жүйесін құрайды. Сот жүйесі Конститутциялық Заңмен белгіленеді. Судья Конститутция мен Заңға ғана бағынады.

Қазақстан Республикасындағы демократиялық процестер тудырған ерекшеліктің бірі – көппартиялылық. Оның негізі 1990 салынды. Осы мерзімде Социал – демократиялық партия және «Азат» азаматтық - демократиялық қозғалысы ұйымдық жағынан негізделе бастады.

Көппартиялылықтың екінші кезеңі Қазақстан Коммунистік партиясының 1991 жылдың қыркүйек айында саяси өмірден кетуімен байланысты болды. Осы жылдың жазында «Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктер туралы» заң өмірге келді. 1991жылы қазанның 21- інде алғашқы партиялар – Қазақстан Халық конгресі және Қазақстан Социалистік партиясы тіркеуден өтті.

1991 жылдың күзінде жаңа партиялар –Қазақстан Республикалық және саясаттандырылған кәсіподақ бірлігі – Тәуелсіз кәсіподақ орталығы пайда болды.

Үшінші кезең 1993 жылдың ақпанында Қазақстан халық бірлігі одағының құрылуымен байланысты. Бұл кезең сасяи күштердің бірігу тенденциясымен сипатталады. 1993 жылдың ақпан айында «дөңгелек үстел» өткізіліп, онда саяси партиялар мен қозғалыстар бірігу блогын құру мәселесін қойды. Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайы саяси партиялар мен қозғалыстардың көбеюімен сипатталып отыр. Саяси партиялар мен қозғалыстардың бағдарламаларын, іс – әрекеттерін қорытқанда байқайтынымыз – cаяси келісімге келуге ұмтылыстың барлығы. Қазақстан үшін бұл мәселелердің негізі – Қазақстанда демократиялық, құқықтық мемлекет құру мәселесі, бұл біздің дамуымыздың негізгі бағыты. Қазақстандағы саяси күштер мен қозғалыстар осы стратегиялық мақсатты іске асырудың тәсілдері мен формалары туралы әрқайсысы өз көзқарастарын тұжырымдай бастады. Біреулері жаңа қоғам құрудың революциялық жолын жақтады, екіншілері эволюциялық жол іздеді. Бірақ олардың барлығы жаңа қоғамды күштеп құруға қарсы өзара келісімде болды.

Оппозиция – демократияға апаратын бірден – бір күш. Сонымен қатар, оппозиция – еліміздің экономикасын көтеру үшін, сыртқы және ішкі саясатта табыстарға қол жеткізу үшін қажетті, пәрменді құрал.

Партиялар.

Қазақстан Социалистік партиясы. 1991 ж. қыркүйек.

Қазақстан Халық конгресі партиясы. 1991 ж. қазан.

Қазақстан Республикалық партиясы. 1990 ж. шілде.

Қазақстан Социал – демократиялық партиясы. 1990 ж. мамыр.

Қазақстаннның Коммунистік партиясы.

Азаматтық қоғамың демократиялық саяси жүйесінің көрсеткішінің бір формасы – қоғамдық –саяси ұйымдар және қозғалыстар. Бұлар – әлеуметтік, демографиялық, этностық т.б. топтардағы адамдардың бірігу сипаты.

Жеке ұйымдар мен қозғалыстар:

«Азат» азаматтық қозғалысы. 1990 шілде. « Қазаақ тілі» қоғамымен тікелей байланысты.

«Әділет» тарихи – ағартушылық қоғамы.

«Аиқат» тарихи ағартушылық қоғамы. 1988 ж. желтоқсан.

Орыс қауымы (русская община)

Республикалық қоамдық славян қозғалысы «Лад» 1993 ж. наурыз.

Қазақстан әйелдер одағы. 1991 ж. мамыр.

Қазақстан Республикасының әйелдер кеңесі. 1991 ж. қазан.

Қазақстанның жастар одағы.

Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымы.

Адам құқығы бюросы.

ҚР Кәсіподақ федерациясы кеңесі.

Республикалық «Бірлесу» кәсіподағы және Қазақстанның тәуелсіз орталығы. 1989 ж. қараща.

«Невада –Семей» халықарлық ядролық соғысқа қарсы қозғалыс.

«Арал – Азия – Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті.

Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар тәуелсіз республикамыздың күрделі проблемаларын шешуге зор үлес қосуда.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет