«Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері мен


ХҮ ғ. ортасы мен ХҮІІІ ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата18.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#197558
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
Билет-Жауабы-Тарих

24. ХҮ ғ. ортасы мен ХҮІІІ ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы 
деректер мен зерттеулерді талдап, сипатттама беріңіз. 
Қазіргі кезде еліміздің егемендігі бекіп, іргесі нығайған сайын оның болашағы мен 
тарихына деген қызығушылықтар арта түсуде. Әсіресе, соңғы жылдарда “Қазақ 
мемлекеттілігі қай дәуірден басталады?”, “Қазақ хандығы қашан құрылды?” немесе 
“Қазақ хандығының құрылғандығына қанша жыл?” деген нақты сауалдарға
көпшіліктің ынтасы ауып отыр.
Қазақ хандығының құрылуы жөнінде айтатын пікірлердің бәрі бір ғана дерек 
мәліметіне сүйенеді. Ол – Керей мен Жәнібек хандар бастаған ру-тайпалардың 
Әбілқайыр хандығынан бөлініп, Моғолстан атты мемлекеттің батыс жағындағы Шу 
бойы мен Қозыбасы аралығындағы жерге қоныстанып, жеке хандық құрғандығын 
баяндайтын жазба дерек мәліметі. Бұл тарихи дерекке дейін ешбір ортағасырлық 
еңбектерде ол жөнінде айтылмайды. Ал одан кейін Қазақ хандығының құрылуын 
баяндайтын мәлімет XVII ғасырдың авторы Махмуд бен Уәлидің тарихи шығармасына 
енгізіледі. 
Міне, осы тұрғыдан алғанда, жоғарыда айтып өткен Қазақ хандығының құрылуын 
баяндайтын жазба дерек мәліметі – ең құнды, ең маңызды дерек болып саналады. Ол 
деректің авторы – 1499-1551 жылдары өмір сүрген Мұхаммед Хайдар мырза Дулати. 
Ол өзінің атақты «Тарих-и Рашиди» атты кітабында XIV-XVI ғасырлардағы Орталық 
Азия аумағында өмір сүрген халықтар мен олардың мемлекеттері туралы тарихи, 
этнографиялық, географиялық сипатта мол мағлұматтар береді.
Керей хан дүниеден озғаннан кейін Қазақ хандығының билік басына Жәнібек хан 
отырды. Жәнібек ханның азан шақырып қойған аты Әбу Сайд, оған тағы Жәнібек хан 


деген қосымша есім берілгенін «Тауарих-и гузида-йи нусрат-нама» сияқты тарихи 
шығармалар хабарлаған.
Жамих ат-тауарих” (Жылнамалар жинағы) – ерте кездегі қазақ тілінде жазылған 
тарихи шығарма. Онда: ерте кезден бері қазақ даласын мекендеген қаңлы, жалайыр, 
қыпшақ, найман, керей, қоңырат, алшын, т.б. тайпаларының шежіресі беріледі. 
XI ғ. Орта Азия мен Қазақстан территориясында өмір сүрген қарахандар әулетінің, 
оғыз-қыпшақ тайпалар одағының дәуірінен бастап 1600 жылға дейінгі тарихы 
баяндалады. 
Әсіресе XIII ғ. мен XVI ғ. арасындағы қазақ жерінде болған ірі тарихи оқиғалар 
баяндалады. 
Қазақ қоныстанған жерлердің жағдайы, ондағы қалалар, қазақ хандығы мен хандардың 
өмірбаяны, қазақ хандығының заңды ережелері жайында деректер берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет