Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі


-сурет. Алтай тау жүйесінің ең биік нүктесі - Мұзтау



бет5/11
Дата20.12.2021
өлшемі1 Mb.
#104183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Курстық жұмыс
гос экзамен Нурдаулет, 1 ZHB aza -tili- T1 4-cynyp kaz (1), 1 ZHB aza -tili- T1 4-cynyp kaz (1), «Жаратылыстану» п нінен жиынты ба алау а арнал ан дістемелік , «Ойлаудың типін анықтау» әдістемесі., «Ойлаудың типін анықтау» әдістемесі., 10-11 cынып бағдарлама, Лекция 1 системный анализ отрасли
3-сурет. Алтай тау жүйесінің ең биік нүктесі - Мұзтау.
1.3 Пайдалы қазбалары
Алтай пайдалы қазбаға бай өлке. Әсіресе Кенді Алтайда қорғасын, мырыш, қалайы, вольфрам, күмістің және сынаптың мол қоры бар. Нарын мен Күршім жоталарында алтын мен сирек метал, Қалба тауында қалайы мен вольфрам өндіріледі. осы өңірден өндірілген қазбаларды байыту үшін Өскеменде, Риддерде, Зырянда металлургиялық зауыттар салынған. Кен рудаларын өндіру мен қорыту ісінің таза технологиялық негізде орындалмауы табиғаты әдемі өлкенің экологиясын бұзуға себепші болып отыр. Сондықтан да табиғи ортаның тазалығын сақтау, зауыттардан шығатын түтіндер мен зиянды қалдықтарды азайту – бүгінгі күннің басты экологиялық міндеті саналады.

Алтай тауларының қазақстандық бөлігі геологиялық тұрғыдан 4 ауданға бөлінеді: Кенді Алтай, Таулы Алтай, Оңтүстік Алтай және Қалба жотасы. Олар Орал - Моңғол геосинклинальдық белдеміндегі қайта көтерілген тауларға жатады. Оның оңтүстік бөлігін Сібір платформасы құрайды. Таулы өлкенің іргетасы, негізінен, палеозой дәуірінде пайда болған терригенді, карбонатты және жанартаутекті метаморфтанған тау жыныстарынан түзілген. Кейбір тұсында интрузивті жыныстар жер бетіне шығып жатыр. Алтайдан палеозой құрылымының іргетасы болып саналатын жоғарғы протерозойдың тақтатастары, кварциттері кейбір антиклинорийлер мен горсттер (Қатын, Теректі жоталары) кұрамынан табылды. Жоғарғы палеозой, юра, палеоген, неоген, антропоген кезеңдерінде пайда болған, құрамында қазба көмірі бар континенттік жыныстар бірен-саран тауаралық ойыстар мен грабендер де (Шыңғыстай, Голубовка ауылдары маңында, Құрай даласы, Көкпекті, Кіші Бөкен, Үлбі өзендерінің бойында) кездеседі. Ең көне, ерте каледондық құрылымдар Алтайдың шығысын алып жатыр. Бұл құрылымдық процесс орталық Алтайда ордовик пен силурде, ал оңтүстік-батыс Алтайда төменгі тас көмір кезеңінде аяқталды. Осы кезде (негізінен, блоктық өте қуатты тектоникалық козғалыстар нәтижесінде) интрузив жыныстары пайда болған. Онда қорғасын, мырыш, мыс, темір, алтын, күміс, вольфрам, молибден, қалайы, тантал, ниобий, сынап, т.б. металдык кентастар, тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар, асыл және әшекей тастар, құрылыс материалдары мол. Бұлардың ішінде аса маңыздысы Шығыс Қазақстанның түсті металлургия базасын құрайтын полиметалл кентастары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет