«Қазіргі мектептегі қоғамдық ұйымдар» Орындаған: Алдашова А. А. Тексерген: Нұрашева Г. С. Орал, 2022ж. МазмұНЫ


№19ЖОББМ-нің «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы



бет8/10
Дата29.09.2022
өлшемі208,42 Kb.
#151235
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қазіргі мектептегі қоғамдық ұйымдар
13.Семинар, icl-1-1-computing-basics-student, ЭКЛ Лопухова Межкультур.комп-ть в усл-х интеграции обр.с-м Е и Р крат, dokument (4)
2.5 №19ЖОББМ-нің «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы
«Жас Ұлан» ұйымы алғаш рет 2011ж. 7-желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Вице-министрі, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Кеңесінің мүшесі М.Сарыбековтың бастауымен келісіліп, өз жұмысын бастаған.
«Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.
«Жас Ұланның» мақсаты:
-өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
«Жас Ұланның» міндеттері:
-Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
-балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
-танымдық жұмыстарды ынталандыру;
-балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
-жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
«Жас Ұлан» мүшелерінің құқықтары:
- «Жас Ұлан» қызметіне белсенді қатысу;
- «Жас Ұлан» басқару органының құрамына сайлану және сайлау;
- «Жас Ұлан» жұмысының бағдарламаларын жүзеге асыру барысындағы табыстары және ерекше жеке жетістіктері үшін мақтаулар мен мадақтаулар алу (грамоталар, дипломдар, жазғы және сауықтыру лагерлеріне жолдама, «Жас Ұлан» Алтын Кітабына ену);
- «Жас Ұлан» органына өтініш, арыз, сұрақтар, бастамалар мен ұсыныстар беруге;
- Ұйымның барлық деңгейінде қызметі туралы ақпарат алуға құқылы.
Рәміздері мен ерекше белгілері
«Жас Ұлан» балалар ұйымының рәміздері: ұран, әнұран, ту, галстук, төсбелгі, эмблема болып табылады.
Ту – бұл балалар мен жасөспірімдер бірлігін бейнелейді. Ол республикалық ұйымда және оның барлық бөлімшелерінде болуы қажет.
Ту – тік төртбұрышты 200х100 см өлшемдегі ақ түсті ортасында ұйым белгісі белгіленген кездеме. Ұйым белгісі және атауы кестелік тігіспен, бояумен немесе матамен апликациялау арқылы жазады. Ағаш табына бекітілген тұста – ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Кездеменің бойы алтын түстес шашақтармен жиектелген.
Галстук – бұл балалар ұйымының ерекше белгісі. Түсі – аспан түстес көгілдір. Галстук өлшемі 40х130 см. Галстуктың оң жақ бұрышында «Жас Ұлан» логотипі орналасқан. «Жас Ұлан» логотипінің диаметрі 4см шеңбер түрінде жасалған.
Ұран – ұйымның ерекше белгісі. Ол ұйымның, бірлестіктің ең негізгі ойын, идеясын білдіреді.
«Жас Ұланның» ерекше белгілері болып ұйымның идеясын айқын жеткізетін төсбелгілер, барабан айырмашылық белгілері сияқты белгілі заттар мен белгілер.
Құрылымы
«Жас Ұлан» негізі «Жас Ұланның» бастауыш ұйымы болып табылады.
Бастауыш ұйым мектептің деңгейінде еріктілік негізінде құрылады.
«Жас Ұланның» бастауыш ұйымы «Жас Ұлан» мектеп комитеті болып табылады.
«Жас Ұлан» бастапқы ұйымдары «Жас Ұлан» мектеп комитетінің жалпы жиналысының шешімімен құрылады. Мектеп комитетінің жалпы жиналыс шешімі, егер оған барлық сыныптардың көшбасшылары, ұйым бағыттарының жетекшілері қатысқанда ғана қабылданды деп есептеледі.
«Жас Ұлан» көшбасшысы – барлық деңгейде «Ұлан басшысы» деп аталады, ол 9-10сынып оқушылары арасынан жалпы жиналыста ашық дауыс беру жолымен бір оқу жылына сайланады.
«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымдарының ресми нышандары
«Жас Қыран» белгісі. Қыран бейнесі қазақ елінің өскелең ұрпағы қырандай күшті, білімді, әрқашанда биік шыңдардан көрініп, алғыр болуының айғағы. Белгінің жоғарғы оң жағында шуағын шашып тұрған күн бейнеленген. Күн – жастарға болашаққа нық сеніммен қарауға жол ашады, жалпы күн бейнесі өміршеңдіктің, байлықтың белгісі. (1-сурет)
Төсбелгі көлемі 10х20 мм. Темірден жасалған көк сары түс.
«Жас Ұлан» белгісі. Дөігелек шар тәрізді форма. Шар - өмір мен мәңгіліктің бейнесі. Шардың жоғары жағында өрнек – бұл Қазақстанның төбесінде мәңгілік күн жарқырап тұруының белгісі. Бейбітшіліктің, тұрақтылықтың нышаны. Шардың ортасында Алтын адам бейнеленген, ол еліміздің Тәуелсіздігінің символы. (2-сурет)
Төсбелгі көлемі 15х15 мм. Темірден жасалған көк сары түс.
«Жас Ұлан» галстугы. Ашық көк түсті оң жақ бұрышында ұйымның белгісі тігілген. Көк түс – жастарымыздың білімі теңіздей терең, бейбіт өмір сүру мен тәуелсіз болуының нышаны және молшылықтың белгісі. (3-сурет)

1-сурет 2-сурет 3-сурет
«Жас ұлан» және «Жас қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданған оқушылар саны
Барлық оқушылар саны: 520
«Жас ұлан» - 228
«Жас қыран» - 292
«Жас ұлан» ұйымының жетекшісі: Тукабаева Гулжауар Ғаниматқызы

«Жоспар! Бос уақыт! Мен!» ұланбасылар арасындағы жоспарлау тренингінің анықтамасы


Мақсаты: Осы тренинг аясында оқушылар өздерінің бос уақыттарын қалай ұйымдастыруға болатынын және де болашақтарын қалай жоспарлауға болатыны жайлы мәліметтермен танысады.
«Жас ұлан» оқушылар мен жасөспірімдер ұйымының «Руханият» бағыты жетекшілерінің «Жоспар! Бос уақыт! Мен!» жоспарлау тренингіне 8-10 сынып оқушылары көрермен ретінде қатысып, тың деректерге қанықты.
Адам үшін ең қымбат нәрсе – уақыт. Уақытты дұрыс пайдалану, үнемдеу, бағалау керек. Адам белгілі бір уақытта жаратылды, уақытша жаратылды. Уақыт бізге емес, біз оған тәуелдіміз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып, қалаған кезімізде қысқарта алмаймыз. Уақыттың адамға бағынбайтын өз заңдылығы бар. Қазақта уақытқа қатысты «қас қағым сәт», «көзді ашып-жұмғанша», «қамшының сабындай қысқа ғұмыр» тәрізді сөз тіркестері бағзы заманнан қалыптасқан. «Уақыт – емші, уақыт - төреші» деген де бар. Сол себепті ұланбасылар «Бос уақытыңды қалай өткізгің келеді?» «Өз болашағыңа жоспар құр» тақырыбында постерлерін қорғады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет