«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»



Pdf көрінісі
бет73/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

«Лаконизм
(от греч. lakonismos — краткость) — сжатое, немногословное выражение 
мысли; экономное использование художественных средств при создании образа, характера, 
жизненной картины в произведении» [5] 
Қорыта айтқанда, Маңғыстау әдебиетіндегі юморлық-сатиралық әңгімелер – ең бір 
құнарлы да көркем жанр екендігін айтқымыз келеді. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Мұсаев А. Мәңгі өлмес күлкі. – Алматы: Жазушы, 2012, – 376 б. 
2. Қожакеев Т. «Сатира – күштілер қаруы» Оқулық. – Алматы: Санат, 1996. – 464 б. 
3. Қонарбаев Ә. Түрлі-Түрлі Тәнтәнай. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2009, – 352 б. 
4.Қожакеев Т. «Сатира – күштілер қаруы» Монография. – Алматы: Жазушы, 1985. – 
288 б. 
5.Уикипедия материалдары. 
6. Қорабаев Е. Маңғыстау әзілдері. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2016, – 264 
 
РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫНДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ОЙЛАР 
 
Тәжіғұлова Жарқынай 
Форт-Шевченко мектеп-инернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі 
Форт-Шевченко, Қазақстан
«Қисса-сүл әнбийя» – Алтын орда мемлекеті тұсында дүниеге келген діни 
тақырыптағы тағылымды дүниелердің бірі. Аталған жәдігер дүниедегі аңыз-әңгімелерді 
жинақтап, құрастырған, біраз қиссаларды жазған аутор – Рабғузи. Бұл бүркеншік ат – «Рабат 
оғызы» деген сөздердің қысқарған нұсқасы. Аутордың шын есімі - Насретдинұлы 
Бұрһанеддин екен. Аутор тарихта негізінен Рабғузи деген бүркеншік атымен белгілі. Рабғузи 
Оғыз Рабат деген қаланың қазысы болған көрінеді. Дерек көздерге қарағанда, аутор аталған 
шығармасын сол қаланың әкімі Насретдин Тоқбоға бектің өтініші бойынша жазып, кітапты 
әлгі әкімге сыйға тартқан екен. «Қисса-сүл әнбийя» – негізінен пайғамбарлар мен әулие-
әнбилер өмірі жайлы, сондай-ақ олардың басынан өткерген оқиғаларын баян ететін прозалық 
шығарма. Өзге де орта ғасырлық шығармалар сияқты «Қисса-сүл әнбийя» нұсқалары да ел 
арасына қолмен көшірілген күйінде көп таралған болатын. Ал тасқа басылған күйінде бізге 
жеткен, баспа жүзін көрген алғашқы нұсқасы - 1914 жылы Қазан баспасынан жарыққа 
шыққан жинақ. Кейінірек бұл кітап Ташкент қаласында бірнеше мәрте қайта басылып, ел 
арасына бұрынғысынан да кең тарала түскен еді. «Қисса-сүл әнбийяның» Қазан баспасынан 
жарық көрген нұсқасына 79-дай қиссалар мен хикаялар енген екен. 479 беттік бұл шығарма 
хақында айта келіп, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Кенжебаев «Ғылым» 
баспасынан 1973 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» атты 
еңбегінде былай дейді: «Оларды, яғни қисса-хикаяларды тақырып мазмұнына, идея-мәніне 
қарай мынадай үлкен үш топқа жіктеуге болады: 1. Жер, көк, адамзат, хаюанат, жын-шайтан, 
періштелер, Адам-ата, от, топырақ жайлы түсініктер, мақала, әңгімелер; 2. Әулие-әнбилер, 
пайғамбарлар, солардың өмірбаяндары, іс-әрекеттері туралы қиссалар, ертектер, аңыздар; 3. 
Шежіре- яғни мұсылман жыл есебінің, һыжраның алғашқы он жылы ішінде болған тарихи 
оқиғалар, күнтізбе-жыл, ай, күн аттары, назым өлеңдер» [1, 74]. Б.Кенжебаевтың осынау 


137 
топтастыру идеясымен өзге де ғалымдар келіскен. Шығарманың тініне аракідік өлең 
араласқаны болмаса, негізінен проза, қара сөз түрінде жазылып, ал кіріспесі және 
қортындысы жыр тілімен өрнектелген екен. 
Түркілік ортағасырлық ойшыл Рабғузи өзінің терең ойлы мысалға толы 
шығармаларында өнегелі, тәлімдік үлгілерді оқырмандарына ұсынады. Әрине, Рабғузи 
қиссалары мұсылмандық сюжеттерді өрнектеуге арналуы сол замандағы басымдық танытқан 
дүниетаным – ислам принциптері мен қалыптары екендігін білдіреді. Бірақ басқа діндерде 
кездесетін ұғымдар мен аңыздар да бұл қиссалардан орын алған. 
Қазақ оқырмандарын алғашқылардың бірі болып Рабғузидің қиссаларымен 
таныстырған Н.Сағындықов аудармасы болды [2]. «Рабғузи қиссаларының» қыжыра 
бойынша 710 жылы, жаңаша жыл санаумен 1310 жылы жазылғанын ғалым А.Қыраубаева 
«Ежелгі дәуір әдебиетінде» атап көрсетеді. Автор шығарманың мазмұнына сипаттама бере 
отырып: «Рабғузи кітабы – ежелгі араб, парсы елдерінде туып, бірден-бірге ауысып келе 
жатқан шығыстық сюжеттердің жиынтығы. Кітапта табиғат, дүние құбылыстары, 
жаратылыстың пайда болуы жайындағы мифологиялық әңгімелер, халифтар, пайғамбарлар 
туралы аңыз-қиссалар, ертегілер, өлеңдер бар» [3,185], - деп көрсетеді. Әрине, қазақтың кең 
даласына мұсылман дініндегі даналық қалыптары, этикалық принциптер тек осындай 
көркемдік жолмен ғана тезірек тарала алатын еді. Өйткені, қазақ халқы ежелден ауыз 
әдебиетіне, аңыз әңгімелерге, өлең сөзге, дастандарға, нақылдар мен мақал-мәтелдерге 
құмарлығы мол екенін білдіріп отырғаны белгілі. Сондықтан Рабғузидің қиссаларындағы 
даналық тағылымдары түркілер дүниетанымына сәйкес келе қалғанына таңғалуға болмайды. 
Бұл біздің шығыстық діліміздің ерекшелігіне жатады. Ал этикалық бағыттағы философиялық 
түсініктеріміз халқымыздың рухани белгісі іспетті. Рабғузи қиссаларында Нұх пайғамбардың 
топан судан кейінгі жердегі тіршіліктің сипаттамасын баяндауға арналған хикаяттары бар. 
Хайуанаттар әлемінен Нұхтың әрқайсысын жұптан сақтап қалуға тырысуының өзі Жер 
бетіндегі Ғарыштық үйлесімділікті орнатуға деген талпыныс емес пе? Сөйтіп, Рабғузи 
адамдарды тіршілік әлемін құрметтеуге шақырады және дүниедегі әрбір іс-әрекеттен 
құдайдың құдіретін көре отырып, ойшыл әрбір адамға Ақиқат алдындағы жауапкершілікті 
ұмытпауды еске түсіреді. Сөйтіп, ол әлемдік үйлесімділікті құрметтеуге үйретеді, адамның 
әрқашанда өмірдің тұңғиығын тек адалдықпен, әділдікпен сезіне алатындығына сенімділігін 
білдіреді. Міне осы принциптер нағыз өмірде жетекші рөл атқарады. 
Өте қысқа ғана көлемнен тұратын Хазірет Лұқпанның бидай орнына арпаны еккені 
жайлы хикаят қиссада келтіріледі. Бірақ ол адамзатқа философиялық мағынасы, даналық 
тереңдігі тұрғысынан алғанда өте маңызды хикаяттарының бірі деген ойдамыз. Себебі, бұл 
хикаятта дүниедегі әрбір әрекеттің астарында адамның өмір сүруіне байланысты құндылық 
негіздерді сараптау жатқаны байқалады. Хазірет Лұқпан алаңғасар адамның кейпіне кіріп өз 
қожасына «Арпа ексем бидей шықпай ма?» деген парадокстік сұрақ-жауабын береді. Әрине, 
ол жауапқа қожасы қанағаттанбайды да, өзінің барлық таңғалысымен Лұқпанға деген 
кісімшілігін: «Қашан арпадан бидай шығып еді?» деген кекесін сауалына жинақтап 
жеткізеді. Әрине, Хазірет Лұқпан бұл іске арнайы дайындықпен қадам жасағандықтан оған 
жауабын да алдын ала дайындап қойған екен: «Олай болса, не үшін жамандық жасап, 
жақсылықтан үміт етесіз?» дейді. Хикаятта бұл аңыздың түйіні ретінде «Бұл әңгімеден кейін 
қожасы жаман істен тыйылды» деп оңды қорытынды келтіріледі. Осындай тәрбиелік мәндегі 
әрбір сұхбаттың нәтижесі өз заманында әлеуметтік ортаға жемістерін беріп отырғанға 
ұқсайды. Ал, енді сұхбат арқылы ойды талқыға салу, әңгімелесу арқылы даналық 
тағылымның мәнін ашу сияқты тәсілдер ежелгі Антика әлемінде кеңінен қолданылған. 
Пікірталас арқылы Ақиқатты іздеуді ежелгі дүниедегі философтар әдетке айналдырғанын 
білеміз. Жалпы философиялық ағымдардың барлығында жақсылық пен жамандықтың 
арақатынасы ажыратылады. Арпаны бидайдан ажыратқандай әрбір құбылысқа өзіндік 
сипаттамалар беруге тырысады. Ол заңды талпыныс екені белгілі. Өйткені, адам өміріндегі 
қарама-қарсы бағыттағы әрекеттердің барлығы бір-бірімен араласып, оның әрқайсысының 
өзіндік сипат – қасиеттері айқындалмаса, онда өмірдің мағыналық іргетасы шайқалады, адам 


138 
өзінің өмірлік бағытын жоғалтады. Сондықтан, жақсылық туралы сөз қозғағанда оны 
негізінен адамды бұл өмірде бақытты ететін, қуанышқа бөлендіретін құбылыстармен 
байланыстырамыз. Бірақ, адамның жалған құндылықтардың жетегінде кететін кездері жиірек 
болатынын адамзат тарихы дәлелдеп отыр. Яғни пенде үшін бұл тіршілікте материалдық 
байлыққа ұмтылу, атақ, мақсат, өзім білгіштік пен қызғаншақтықтар негізгі құндылықтық 
бағдар болып келе жатқанына куәміз. Ал олар болса тарихи үрдістегі барлық жамандықтың 
негізі, болмыстың көлеңкелі іргетасы екені анық. Хазірет Лұқпанның келесі бір хикаятында 
ешқашанда өзіңді қоршаған ортадағы тіршілік иелеріне қиянат жасама, ол күнәнің ең 
үлкендерінің бірі деген даналық тағылымын түсінеміз. Өз балаларының шымшықтың 
балапанын ұстап бер дегеніне көніп, ұяның аузына шүберек жапқаннан кейін оны ұмытып 
кетіп, балапандарды өлтіріп алады, бірақ шымшық тірі қалады. Хикаятта осы оқиға Лұқпан 
хакімнің өмірінде де қайталанады. Өзі ұзақ жылдар бойы зынданда жатып тірі қалады, бірақ 
балалары сол зынданда өліп қалады. Міне, сөйтіп, адам кейде өзінің іс-әрекетіне 
жауапкершіліксіз қараса, ол міндетті түрде оның ақырғы зардабын татуға тиіс деген 
тұжырымды аңғарамыз. Яғни Ақиқаттың заңдарын білмеушілік, оның ішкі қисынына 
шынайылықпен берілмеушілік әрбір пенде үшін оның алдындағы жауапкершіліктен 
босатпайтынына мегзейді. Әзірге қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды зерттеуші мемлекеттік 
заңдардың құзырына бағынып қана өмір сүруді ойлайтын деңгейден аса алмайтын кездеріміз 
көптеп саналады. Шын мәнінде ол заңдар әлеуметтік ортадағы белгілі бір тепе-теңдікті 
ұстауға, адамның өз пендешілігінің құрбаны болып кетпеуіне шектеу қояды. Бұл да рухани 
жағынан жетілмеген субъектілер үшін міндетті түрде көмегін тигізер тетік болатыны анық. 
Хазірет Лұқпан есімі түркілер үшін даналықтың, қайырымды жанның бейнесіне 
айналады. Ал Сүлеймен пайғамбардың табиғаттағы тіршілік иелерінің бәрінің тілін білуі 
жалпы адамзаттың ашылмай келе жатқан қабілетімен таныстырғанмен бірдей. Яғни бұл 
қасиетке ие болу үшін әрбір адам Сүлеймен пайғамбар деңгейіне дейін көтерілуі тиіс 
дегендей терең ой жатқандай әсер қалдырады. 
Бірақ сол табиғат пен адамзаттың барлығын билеген, қадір-қасиетімен өз заманында 
әлемнің ең күштісіне айналған Сүлеймен пайғамбар жердегі құмырсқалар патшасы 
Манзураның алдында сөзге тосылады, оның керемет қисынды даналық тұжырымдарына 
қайтарымды уәж айта алмайды. Керісінше, оның даналығына, көрегендігіне, 
қайырымдылығына тәнті болады. Өзін әлжуазбын, көп нәрседен кішімін деп есептейтін 
құмырсқа бір сәтке Сүлеймен пайғамбар үшін үлкен ұстазға айналады. Рабғузи 
қиссаларының даналық тағылымдары да осы хикаяттың астарларын түсінуде болып тұр. 
Шын мәнінде әрбір адам үшін өмірде кез келген адам Ұстаз бола алады, кез келген табиғат 
құбылысы, тіршілік Иесі жақсы нәрсеге үйрете алады. Ол үшін әрбір пенде өзінің өміріндегі 
кез келген сәтке, құбылысқа, оқиғаға мұқияттылықпен, барлық ынта-ықыласпен назар салып, 
аңғарымпаздық танытуы керек деген даналық тағылымды түсінеміз. Яғни бұл дүниеде еш 
нәрсе бекерден-бекер жүзеге аспайды, рауажданбайды. Әрбір құбылыстың түп-төркінінде 
Ғаламның, Ғарыштың, Рухани күштердің адамға көмектесуге бағытталған әрекеттері 
тұрғандай болады. Тіптен, адам түсті де бекер көрмейді. Тек соларды түсінуден, сезінуден, 
пайымдаудан, зерделеуден адамның алшақтап кететін кездері көбірек кездеседі. Рабғузи 
қиссаларының осы мәселелерді еске түсіріп отыратын құдіреті бар. 
Харут пен Марутқа арналған хикаядағы тәлімдік өнегелі тұжырымдардың маңызы 
ерекше. Бұл хикаяда адамның рухани әлемінің көлеңкелі беттерінің қыр-сырына 
ұқыптылықпен назар аудару қажеттілігі айтылады. Кезінде Қожа Ахмет Иасауи мен Жүсіп 
Баласағұн жырларында атап көрсетілген адамның рухани жетілмегендігін білдіретін 
нәпсіқұмарлық құбылысы философиялық талдаудан өтеді. 
Рабғузи хикаяларында періштенің өзі кейде дұрыс жолдан тайқып кетіп, зинақорлық 
жолға түсуі мүмкін екендігі баяндалады. Яғни нәпсі деген керемет түнек күші өзінің қаһарлы 
құдіретін адамның күтпеген шағында танытуы мүмкін деген ой білдіреді. Ежелгі Қытай 
елінің даналарының бірі Лао-цзы «Өзгені жеңген күшті, өзін жеңген құдіретті» деген екен. 
Шынымен де «білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген қазақ үшін де өзінің 


139 
бойындағы кемшіліктерді көре білу маңызды болуға тиіс. Өйткені, адамның білімділігінің, 
зерделілігінің ең жоғарғы көрінісі оның өз бойындағы кемшіліктерімен күресуі болып 
табылады. Адамның табиғатын түсінудің өзі бір керемет дүние екенін түркі дәуірінің 
ойшылдары жақсы түсінгенге ұқсайды. Ал адамның бойындағы нәпсіге, яғни табиғи 
қажеттіліктерге, инстинктік құрылымдарға қарай бейімділік белгілі бір қалыптан артып 
кеткен жағдайда ол өзімшілдіктің тұрпайы кейпіне енеді. Адам табиғи мүдделерін 
қанағаттандыру мақсатын жүзеге асыру жолында жүріп рухани құлдыраудың сүрлеуіне 
қалай түсіп кеткенін байқамайды. Сөйтіп, ол өзінің іс-әрекеттерінің өзгеге де, өзіне де 
жамандық әкелгенін соңынан ғана сезеді. Ақылы болса өкінеді, руханилығы болса жөндейді, 
үйлесімдікке ұмтылады. Рабғузи қиссаларындағы философиялық тұжырымдармен таныса 
отырып, «Адам өзінің бойындағы табиғи инстинктерін шектей ала ма?» деген сұрақ 
туындайды. Әрине, ол мәселе адамда қандай негізгі табиғи инстинктер бар? деген сұраққа 
жауап беруден басталады. Барлық тіршілік иелері сияқты адам да алдымен табиғаттың бір 
бөлігі болғандықтан оның үйлесімді заңдылығына бағынады. Ол заңдылықтар бойынша адам 
бойындағы үш түрлі табиғи қасиет өз күшін жоғалтпайды. Олар: өзін-өзі қорғау инстинкті 
(яғни тірі қалу үшін күрес); өзін-өзі қамтамасыз ету инстинкті (яғни ертеңгі күнгі тіршілік 
үшін де күрес); ұрпақты жалғастыру инстинкті (яғни өмірінің қысқалығын ұрпағының 
өмірімен жалғастырады). Сонымен, барлық хайуандарға тән күрестің түрлері адам үшін де 
жат емес. Дегенмен адамның хайуандардан түбегейлі айырмашылығы оның рухани әлемінің, 
яғни жан дүниесінің болғанында. Ал бұл әлемнің заңдылығы ерекше нәзік байланыстардан 
тұрады, оның ерекше ырғағы болады. Сондықтан адамның тағдыры, өмірі, жетекші 
дүниетанымдық бағдарлары, құндылықтар жүйесі осы рухани құрылымдарға бағынуы тиіс. 
Сонда ғана нәпсі зерделі деңгейге дейін шектеледі. Әркім өз ісіне соңынан ұялмайды, ол 
руханилыққа толы әрекеттерді жасауға бейім тұрады. 
Рабғузи білдіретін даналықтың үлгілері өз замандастары ғана емес, өзінен кейінгі 
талай ұрпаққа нағыз адамгершіліктің сипаты іспетті болғанына күмәнданбаймыз және оның 
философиялық мәнін аша түсуге үлес қосты. Өйткені, талай даналықтың үлгісі түркілік 
тарихымыздың ашылмаған беттерінде жатыр. Ал, енді Рабғузи туралы жарық көрген 
еңбектердің ішінен Роза Мұқанованың 72 пайғамбардың өмірінің тарихын баяндаған 
«Рабғузи қисса-сүл-әнбийя-й. Адам атадан Мұхаммед ғалайһи-уәссәләмға дейін» деген 
шығармасы қомақты дүние болып табылады. Әрине, Рабғузидің басқа да шығармалары 
жарыққа шығып, халқымыздың рухани дүниесін байыта түсе береріне сенімдіміз. Ол – 
болашақтың еншісіндегі іс. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. Алматы: Ғылым, 1973. - 98 б.
2.Рабғузи. Аударған – Сағындықов Н. // Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы: Ана тілі, 1991. 
- 280. - 185-212-бб. 
3.Қыраубаева А. Ежелгі дәуір әдебиеті. Астана, 2001. – 380 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет