Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»


§3. Әсіреқуаттылық – тауар және стратегиялық қарым



бет307/320
Дата06.02.2022
өлшемі28,25 Mb.
#34664
түріСборник
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   320
§3. Әсіреқуаттылық – тауар және стратегиялық қарым

Әсіреқуаттылық, яғни әркімнің жеке бастық аса мықтылығы деген түсініктің бетін ашып алуға тура келіп тұр. Қазекең айтпаушы ма еді: «әй, осының бір мысы бар – сонысымен өзіңді басып тастайды!». Немесе: «әлімжеттік көрсетумен-ақ мына дүлей қара халықты титықтатып бітті». Бұл екі мағынада да “қара аспанды төндіргендей” мазмұн жатыр, яғни қазақтың түсінігінде «әлімжеттік» қара түске боялған болып шығады. Ал, шын мәнінде «бәрі де жеке бастың қолынан келеді» дегенге саятын «әлімжеттік» пенденің қолы жетпес, Құдай-тағаланың ғана құзырындағы адам баласы үшін арман-қайым қасиет. Киелі діни кітаптарда уағыздалып, Құдай-тағала өзіне жалбарынып құлдық ұратын мүриттеріне: «О дүниеге барғанда дозаққа түспей, жұмаққа түсу қайсыңның пешенеңе жазылған болса, онда сол – мәңгі-бақилық пейіште болады!». Басқа сөзбен айтқанда, Құдай-тағала өзінің мәңгілік қасиетін әсіреқуаттылығы арқасында өзіне ұқсас етіп жан бітіру арқылы жаратқан, шынайы берілген мүритіне дарыта салмақ. Енді өзінен өзі мынадай сұрақ туындайды: «мәңгілік пен әсіреқуаттылықтың (яки әлжетімділіктің) қайсысы мығым?». Діни аят, сүрелерді зерделей отырып, әсіреқуаттылықтың мәңгі-бақилықтан мығымдырақ екеніне көзімізді жеткізуге болады. Өйткені әсіреқуаттылық қасиетке ие болған тұлғаға не істегісі келсе де қолынан келеді, тіптен мәңгілік өмір сүрем десе – ол да өз құзырында. Ол енді ешкімге жалбарынып жатпайды. Ғажайып күйге бөленген жеке-дара болмысының шексіз мүмкіндігіне жүгіне салады. Жә, осы біз мистикаға ұрынып кеткен жоқпыз ба? Бұл сауал оқушының көкейіне осы бөлімді оқи бастағанынан-ақ үйіріле қалғанын ішіміз сезіп отыр.


Әлбетте, Шәкәрім-бабамыздың поэзия тілімен сөйлегенде, «бұл өлең – бұрынғыдан басқашарақ!» – дегендейін, біздің айтпағымыз жоғарыдағыны “астар” деп есептесек, соның “өңі” болатындай – басқаша ой [6]. Дәлірек айтқанда, әлемдік ғұлама діндер (бөгү, христиан, ислам т.б.) адамзат біткенге мыңдаған ғасырлардан бері уәде етіп келген жеке-бастық әсіреқуаттылықты, яки әлжетімділікті (өзіндік мәңгілікпен бірге) біз неге бүгінгінің ең ғажап тауары ретінде жұмыр жерді басып жүрген әр адамға ұсынбасқа. Зорастризм, бөгү діндерінің қайнарлары осынау Еуразиядан бастау алмап па еді және де сол ғұлама діндердің мирасқоры біз емеспіз бе?! Құдай-тағала адам деген пендені өзіне барынша ұқсас етіп жаратқан деген жағдаят баяғыдан басты діни қағида болып үлгерген. Шынында, өмірдегінің бәрі осынау ұлы ұқсастықпен сарындас дамуда, яғни әр нәрсенің, құбылыстың «түпнұсқасы» болады да, содан «ізбасарлар» (басқаша айтқанда дубликаттар) өрбиді. Осы екеуінің арақатысының түріне байланысты біз ізбасарлардың түрлерін былай жіктедік: көшірме, дана, қосшы, өзбейне. Түпнұсқа мен ізбасар арасындағы байланысты бір-біріне әсер етуіне қарай қарастырсақ, яғни біріне сырттан өзгеріс енгенде екіншісі тиесілі өзгеріске түсе қала ма, әлде жоқ па деген мағынада. Кәдімгі көшірме деп жүргеніміз бұл жағынан ең “кедей” ізбасар түрі екен, ал ең “бай” ізбасар түрін – өзбейнені және ізбасардың тағы бір түрін – қосшыны (клиент) ақпараттық технологиялардан алуға тура келіп отыр. Айтқандарымызды енді кесте ретінде өрнектейік:




«түпнұсқа» мен «ізбасар» арақатысының нәтижесі

осы жақтан басымдық
байланыс бар:

«түпнұсқа»

«ізбасар»

1.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет