«Сұрақ-қорытынды» кері байланыс әдісі: Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту мақсатымен жүргізіледі. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді.
-Сабақ не туралы болды?
-Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
-Бұл сабақта мен үшін не қиын болды?
-Бұл мен үшін неге қиын болды?
-Бұл қиындықтарды ненің көмегімен еңсере аламын?
Сабақтың тақырыбы: Оқиғалы сурет Сабақтың мақсаты: оқушыларды сурет бойынша қысқаша мазмұнының дамуына қарай әңгіме құрастыруға жаттықтыру; тілдерін жетілдіру;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Тілек шоғы..
Әдеби калейдоскоп:
«Алғашқы қар» атты шығармамен кешенді талдау арқылы жұмыс жүргізу.
Тіл дамыту: мәтінді мәнерлеп оқы
Ерте тұрған Омар атай үй сыртындағы бақшаны аралап келе жатты.Түні бойы жаңбыр жауған. Жер саз. Омар атай бір топ жусанның ығында бүрісіпотырған кішкентай ұүсты көрді.Ұшуға жарап қалған бозторғайдың балапаны. Өзіне әбден жаңбыр өткен. Екі қанаты салбырап, дір-дір етеді.
Жауаптардың дұрыстығын белгіле.Дұрыс жауапқа «+» , қате жауапқа «-» таңбасын қой
.А) Ұшуға жарап қалған бозторғайдың балапаны.
Ә) Екі қанаты салбырап, дір-дір етеді.
Б) Қанаты жарақаттанған бозторғайдың балапаны.
Сұрақтарға жауап бер.
- Омар атай не істеді?
- Атай нені көрді?
- Торғайдың күйі қандай болды?
Әңгімені жалғастыр. Не болды деп ойлайсың?
Оқиғалы сурет .
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.Ат қою.
-Бұл әңгімеден өзімізге қандай сабақ аламыз? Қандай ой түйеміз?
Ойын «Кім жылдам».Топта оқушылар туған жердің табиғаты туралы ең әсерлі теңеулерді айтады.
Сабақты бекіту
Достарыңызбен бөлісу: |