Дәстүрлі емес сабақ – дәстүрлі құрылымы жоқ ойдан шығарылған оқу жұмысы (И.П.Подласый)
Сынып – сабақ жүйесі – мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әркезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істеу,арқылы оқыту, тәрбилеу, дамыту міндеттерін іске асыру формасы.
Сабақ классификациясы (жіктелуі)- сабақтарды құрылысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу.
Оқытуды ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асырылады.
Жеке дара жұмыс - әр оқушының өз бетімен жұмыс істеуге, білімді саналықпен ұғынуға дағдыландырады, оларды қоршаған ортадағы құбылыстардың заңдылықтарын оқып білуге ықыласын тудырады, ойлау белсенділігін арттырады
Оқушының біркелкі, бірыңғай оқу жұмысы мұғалімнің барлығына ортақ бірыңғай тапсырмасын шағын топтарға бөліп өзара әректтесу жағдайында орындауы.
Достарыңызбен бөлісу: |