Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)


 Топырақтың сіңіру қабілеті және оның түрлері



Pdf көрінісі
бет20/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

2. Топырақтың сіңіру қабілеті және оның түрлері


К.К. Гедройцтың анықтамасы бойынша топырақтың сіңіру қабілеті деп оның 
«ертіндідегі қосындыларды немесе оның бөлігін, сонымен қатар минералды және 
органикалық заттардың коллоидты бөлшектерін, тірі организмдерді және тұрпайы 
суспензияларды» өз денесіне сіңіруін айтады.
Сіңіру процесіне қатысатын топырақтың компоненттер жиынтығын Гедройц 
топырақтың сіңіру кешені деп (ТСК) атады. ТСК негізін топырақ коллоидтары құрайды. К.К. 
Гедройц топырақтың сіңіру қабілетінің 5 түрін бөледі: механикалық, физикалық, физикалық-
химиялық немесе алмаспалы, химиялық, биологиялық.
Механикалық сіңіру қабілеті
– Гедройц бойынша топырақтың қуысты дене ретінде 
қатты бөлшектерді ұстап қалу қабілетін айтады.
Физикалық сіңіру қабілеті
– топырақтың қатты бөлшектерінің бетінде еріген 
заттардың молекулаларының концентрациясының өзгеруі. Физикалық сіңіру топырақтың 
санитарлық – қорғау функциясын орындауға басты роль атқарады.
Физикалық-химиялық сіңіру 
Гедройц бойынша – топырақтың қатты фазасындағы 
катиондарының біраз бөлігінің топырақ ертіндісіндегі катиондармен эквивалентті мөлшерде 
алмасуын айтады. Алмаспалы сіңіру қабілеті топырақтың сіңіру кешенімен тығыз 
байланысты болады.
Химиялық сіңіру қабілеті
(немесе хемосорбция) – Гедройц бойынша топырақ 
ертіндісінің кейбір компонеттерінің әрекеттесуі нәтижесінде нашар еритін шөгінділердің 
пайда болуы. Бұл жағдайда жаңадан қатты фаза пайда болады, мысалы топырақ 
ертіндісіндегі тыңайтқыш құрамындағы фосфатпен реакциясы
2Al
3+ 
+ Ca (H
2
PO
4
)

→2AlPO
4
↓ + Ca
2+ 
+ 4H
Биологиялық сіңіру қабілеті деп топырақ биотасымен және өсімдік тамырларымен 
топырақ ертіндісінен қоректік элементтердің сіңіуін айтады.
Топырақтың сіңіру қабілетінің әр топырақ типінде әр түрлі қалыптасуына байланысты 
оны, ауыл шаруашылығында пайдаланғанда мұкият ескерген жөн, себебі гранулометриялық 
құрамы құм, құмайт, сіңіру қабілеті нашар топырақтар, қолданылған тыңайтқыштар мен
пестицидтерді өз бойына толық сіңіре алмай қоршаған ортаға зиянын тигізуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет