Таза ауада Серуен:
|
11.30-11.50
|
Серуен
Терезедегі өрнектерді бақылау.
Мақсаты: балаларға құбылысты түсіндіру. Терезедегі өрнектерді бақылау.
Көркем сөз:
Бір топ бала сырғанап,
Барады әне жарысып.
Қалды артта қыр қалып.
Еңбек: Қардан тәрбиешінің көмегімен бекініс жасау.
Мақсаты: еңбекқорлыққа үрету.
Қ/қозғалыс ойыны: «Аңшылар»
Жеке жұмыс: Жұмбақ жасыру
Отта жанбайды
Суда батпайды.
( Мұз)
Балалардың өзіндік іс-әрекеті.
|
Серуен
Күн көзін бақылау
Мақсаты: Күннің көзіне бақылау жасай білуге үйрету.
Жұмбақ:
Таңмен көзін ашады,
Айналаға сәуле шашады. (Күн)
Еңбек: Аққала жасау
Мақсаты: қармен жұмыс істей білуге үйрету.
Қимылды ойын: «Құстар мен мысық»
Жеке жұмыс.
Мақал:
Мезгілі жетсе,
Мұз да ерір.
Балалардың өзіндік іс-әрекеті
|
Қар жауып тұрған құбылысты бақылау.
Мақсаты: қар жауып тұрған құбылысты бақылай білуге үйрету.
Көркем сөз:
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Еңбек: участкені тәрбиешінің көмегімен сыпыру.
Мақсаты: Үлкендерге көмектесе білуге тәрбиелеу.
Қ/қозғалыс ойыны: «Ақ қоян»
Мақсаты:
Жеке жұмыс: «Адасқан қар қиыршықтары» тақырыбына шығармашылқ әңгіме құрастыру.
Жұмбақ: Құм сияқты ұсақ болғанымен, жер бетін жауып үлгереді. (қар)
Балалардың өзіндік іс-әрекеті.
|
Қайың ағашын бақылау.
Мақсаты: қайың ағашының қысқы көркін бақылауға үйрету.
Көркем сөз
Ағаштар тұр жүдеп,
Жапырақ сәні енеді.
Соғады жел үдеп,
Қыстың кеп сәлемі.
Еңбек: қайың ағашының түбіне қар жинау.
Мақсаты: балаларға ағаштың түбін қармен жабудың сырын, пайдасын түсіндіру.
Қ/қозғалыс ойыны: «Күн мен түн»
Жеке жұмыс: «Жұмбақты шеш» сюжетті ойын ойнату.
Жұмбақ:
Жазда жатсаң көлеңкесінеалады,
Қыста жақсаң, жаның рахат табады. (Ағаш)
Балалардың өзіндік іс-әрекеті.
|
|