Бақылау: «Күзгі құстардың тіршілігін бақылау» Мақсаты: Балаларға құстардың күзгі тіршілігін бақылату. Олардың іс-әрекеттері туралы әңгімелеу. Құстардың атын атап, еске сақтау қабілеттерін, тілдерін дамыту.
Еңбек: Құстарға жем беру.
Мақсаты: құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Көркем сөз: С.Сейфулиннің «Бозторғай» өлеңін оқу.
Міне торғай
Үйін қорғай
Жер бауырлап зырлайды
Шырқап биік
Күнге күйіп
Қалмай, сайрап жырлайды
Қимылды ойын.«Құстардың ұшып келуі»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.
Бақылау: «Солып қалған гүлдерді бақылау» Мақсаты: Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстырып өтіп, балабақша ауласындағы күзгі гүлдерге назар аударту. Жазғы гүлдер мен күзгі гүлдердің ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы түсінік беру.