Таза ауада Серуен:
|
11.30-11.50
|
Серуен
Бақылау :Ағаштардан желмен ұшып түсіп жатқан жапырақтарды бақылау.
Мақсаты: Жапырақтардың ағаштардан қалай түскенін бақылап, әдемі жапырақтардың айналаға қалай сән беріп тұрғанын әңгімелету.
Еңбек: Шашылған жапырақтар қалдықтарын жинау.
Мақсаты: еңбекке баулу.
Көркем сөз: Ертегі оқып беру
«Ағаштар ұйықтайма?»
Қимылды ойын. К-№4 «Қасқырлар мен лақтар»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.
|
Серуен
Бақылау :Күз мезгілінде желді бақылау
Мақсаты: Күз мезгіліндегі желдің салқын болатынын айту. Әңгімелесу арқылы балалардың тілін дамыту.
Еңбек: Учаскедегі шашылған қағаздарды жинау.
Мақсаты: тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көркем сөз: Тақпақ оқу «Желді күн» (Ж. Смақов)
Гу-гу,гу-гу шықты
Желдеттіде бұлт қуды
Жел соққан соң
Жел тіпті
Жын соққандай жұлқынды
Қимылды ойын. К-№ 7 «Күн мен түн»
Балалардың өз еріктерімен жасайтын іс-әрекеттері.
|
Серуен
Бақылау :Күзгі ауа-райындағы өзгерістерді бақылау.
Мақсаты:Балаларға күз мезгілі туралы әңгімелеу. Күзгі ауа-райын жазғы ауа-райымен салыстыру, күздегі өзгерістерді айтқызу.
Еңбек: Құм салғыштың айналасындағы құмдарды жинату.
Мақсаты: еңбекке баулу.
Көркем сөз:
Жел тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек
Жапырағын жұлғызып
Қимылды ойын. К-№ 8 «Аңшылар»
Балалардың өз еріктерімен жасайтын іс-әрекеттері.
|
Серуен
Бақылау: «Қоңыр күзді бақылау, салыстыру»
Мақсаты: Қоңыр күзгі табиғатты бақылау,алғашқы күзбен салыстыру, ерекшеліктерін сұрау,қоңыр күзде күннің суық болатынын, жапырақтар түсіп бітік тек қоңыр түсті болатынын айту.Ағаштар жапырақтарынан ажырап , жапырақтардың да күз айларында түстерін өзгертіп тұратынын айтып түсіндіру.
Еңбек: Құмсалғыштағы құмды күрекшелермен көтеріп, қопсыту.
Мақсаты: ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Балалармен жеке жұмыс: Күз мезгіліне байланысты көркем сөз жаттату.
Қимылды ойын. К-№13 «Құстар мен мысық»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.
|