Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім



бет8/22
Дата05.02.2022
өлшемі1,97 Mb.
#25715
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
7. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім
беру объектілерінде тұру жағдайларына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

198. Балалар мен жасөспірімдердің тұруына арналған объектілер ішіне-жапсарлас салынған ғимараттарда бөлек тұрған ғимараттарда, сондай-ақ оқу корпустарымен аралас орналасуы мүмкін.


199. Сәбилер үйлерінің, МДТОҰ-ның (балалар тәулік бойы болатын) жатын бөлмелерінің тұрғын ауданы 1 тәрбиеленушіге кемінде 2 м2, интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, КББО-да кемінде 4 м, полиемиелит және енжар паралич ауруларынан зардап шеккен балаларға арналған мектеп-интернаттарда кемінде 4,5 м2 көзделеді. 200.
200. ТКБ оқушылары мен ЖОО студенттеріне арналған жатақханаларда 1 адамға кемінде 6 м2 аудан көзделеді және 1 бөлмеде 4 адамнан артық тұрмайды.
201. Сәбилер үйлерінің жатын бөлмелері төрт жағының қоршауы бар, ұзындығы 1,2 м, ені 0,6 м стационарлық кереуеттермен жабдықталады. Балалардың жасына байланысты төсектің еденнен биіктігі 0,3 – 0,5 м құрайды. Қоршау биіктігі еденнен 0,95 м.
202. МДТОҰ-ның жатын бөлмелері жеке стационарлық кереуеттермен жабдықталады. Үш жасқа дейінгі балаларға арналған кереуеттердің ұзындығы 120 см, ені 60 см құрайды, қоршауының және төсек биіктігі реттеледі, 3 – 7 жастағы балаларға арналған төсектердің ұзындығы 140 см, ені 60 см.
203. МДТОҰ-ның жатын бөлмелерінде кереуеттер өтуге және үй-жайды жинауға ыңғайлылықты есепке ала отырып, ұзын жағынан терезелерге параллель орналастырылады. Кереуеттер қатарлары арасындағы ең аз қашықтық – 0,5 м., бас жақтарының арасы – 0,2 м.
204. Интернат ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, КББО-ның жатын корпустарындағы және оқушылар мен студенттерге арналған жатақханалардағы жатын бөлмелер мынадай есеппен қатты мүкәммалмен жабдықталады: 1 адамға 1 кереует, 1 кереует жанындағы тумба, 1 орындық, киімге және аяқ киімге арналған киім ілгіш шкаф. Әр бөлмеде жазу үстелі көзделеді. Жатын бөлмелерде 7 жастан бастап қыз және ұл балалардың жеке тұруы көзделеді.
205. Жатын бөлмелердегі кереуеттер кереуеттердің ұзын жағының арасында 0,65 м, сыртқы қабырғадан кемінде 0,6 м, жылыту құралдарынан 0,2 м, екі кереуеттің бас жақтарының арасында 0,2 м, кереуеттер арасындағы орталық өту ені кемінде 1,0 м қашықтық сақтала отырып орналастырылуы тиіс.
206. Жатақханалардағы және жатын корпусындағы қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар (дәретханалар, қолжуғыштар, себезгі кір жуатын орындар, киім үтіктейтін орындар, киім кептіру бөлмелері, киімдер мен аяқ-киімдерді тазалау бөлмелері, ортақ асүйлер) осы Санитариялық қағидалардың нормаларына сәйкес бірінші қабатта көзделеді.
207. ТКБ және ЖОО жатақханаларының қабаттарындағы асүйлер тұрмыстық тоңазытқыштармен, пештермен, жуғыштармен, үстел-шкафтармен, ыдыс-аяққа арналған шкафтармен, қажет болғанда орындықтармен немесе табуреткалармен жабдықталады. Жабдық мынадай есеппен орнатылады: 5 адамға газ пешінің 1 конфоркасы, 3 адамға – электр пешінің 1 конфоркасы, 8 адамға – 1 жуғыш және 1 үстел-шкаф, 6 – 8 адамға – 1 тұрмыстық тоңазытқыш.
208. Бір жатын орынға төсек жабдықтарының үш жиынтығы көзделеді. МДТОҰ мен интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, КББО-да барлық төсек жабдықтары (матрас, жастық, көрпе таңбаланады; жиналмалы кереуеттерді пайдаланған кезде төсек жабдықтары (жайма, жастық тыс, көрпе тыс) таңбаланады.
209. Интернат ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, КББО-ның жатын корпустарын санитариялық-техникалық жабдықпен қамтамасыз ету нормалары осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көзделеді.
ТКБ оқушыларына арналған студенттік және жатақханаларда: 4 – 6 адамға 1 себезгі, 1 қол жуғыш және 1 унитаз және 50 адамға 1 биде орнатылады. әйелдердің жеке гигиенасы кабинасы 50 адамға 1 кабина көзделеді және жоғары көтерілетін себезгімен, унитазбен, себезгімен және қол жуғышпен жабдықталады.
210. Арнайы түзету ұйымдарындағы тұрғын үй-жайлардың санитариялық тораптарындағы санитариялық құралдардың, гигиеналық жабдықтардың саны ұйымның бейінін есепке ала отырып есептеледі:
1) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттарында 8 қыз балаға 1 унитаз, 12 ер балаға 1 писсуар және 8 ер балаға 1 унитаз, 6 адамға 1 қолжуғыш және 12 адамға 1 аяқ жуатын ванна; гигиеналық себезгілер – мектеп-интернаттарының 16 тәрбиеленушісіне 1 себезгі торы, 50 адамға 1 биде есебімен қыздар гигиенасы бөлмесі орнатылады;
2) соқыр және көзі нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттарында 8 қызға 1 унитаз, 10 ер балаға 1 унитаз және 0,5 м лотокты писсуар, 3 тәрбиеленушіге 1 қолжуғыш (қыздарға, ұлдарға), 6 тәрбиеленушіге 1 аяқ жуатын ванна, 30 қызға бір гигиена бөлмесі; оқу блогында персоналға арналған 1 дәретхана (бір унитаз, бір қолжуғыш); 12 тәрбиеленушіге бір себезгі торы есебімен гигиеналық себезгі; себезгі жанында ер балалар мен қыздарға бөлек бір унитаз, қолжуғыш, дәретханасы бар екі ванна;
3) тілінің мүкісі бар саңырау, көзі нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттарында 15 қызға бір унитаз және 20 ер балаға бір унитаз және бір писсуар; 8 тәрбиеленушіге бір қолжуғыш; 12 тәрбиеленушіге бір аяқ жуатын ванна; 70 қызға 1 гигиеналық кабина; мектеп-интернат персоналы үшін 2 дәретхана; 18 тәрбиеленушіге бір себезгі торы есебімен гигиеналық себезгі, ванна жанында ер балалар мен қыздарға арналған унитазы мен қолжуғышы бар бір ванна және бір дәретхана.
4) ақыл-есі дамымаған балаларға арналған мектеп-интернаттарда 8 қызға 1 унитаз, 10 ер балаға 1 писсуар және 1 унитаз; 4 тәрбиеленушіге 1 қолжуғыш, 8 тәрбиеленушіге 1 аяқ жуатын ванна; 35 қызға 1 гигиеналық кабина; 16 тәрбиеленушіге 1 гигиеналық себезгі есебімен гигиеналық себезгі; ер балалар мен қыздарға арналған үй-жайларда қолжуғышы бар бір ванна және бір унитаз көзделеді.
211. Балалар тәулік бойы болатын объектілерде оларды жуындыру төсек жабдықтары, іш киімді және сүлгілерді бір мезетте ауыстыра отырып, жеті күнде кемінде бір рет кесте бойынша жүзеге асырылады.
212. Киім-кешектерді жуу объектінің кір жуатын орнында жүзеге асырылуы тиіс, ол болмаған жағдайда, шарт бойынша кір жуатын орындарда жууды ұйымдастыруға жол беріледі. Инфекциялық аурумен ауыратын науқастардың киім-кешектері жуу алдында таңбаланған ванналарда дезинфекциялануға жатқызылады.
213. Төсек жабдықтарын, сүлгілерді ауыстыру ластануына байланысты, бірақ аптасына бір реттен сиретпей жүргізіледі. Лас киім-кешек кір жуу орнына қаптарда (клеенкалы және мата) жеткізіледі. Матадан тігілген қаптар жууға тапсырылады, клеенкалы сабынды-содалы ерітіндімен өңделеді. Таза киім жуылған қапта жеткізіледі.
214. Төсек жабдықтарының, жаңа және ескі киім мен аяқ-киімдердің, қатты мүкәммалдың қорын сақтау үшін қоймалар көзделеді.
215. Кір жуатын орынды орналастыру кезінде таза және лас киім-кешектің қарама-қарсы ағымы болмауы тиіс. Лас киім-кешекті тапсыруға және таза киім-кешекті алуға арналған терезелер бөлек болады және топтық бөліктер үй-жайына, жатын бөлмеге және ас блогына кіру есігіне қарама- қарсы орналастырылмайды; топтық үй-жайлардың терезесінің астына: ойын бөлмесінің, кіреберіс үй-жайдың, жатын бөлменің, сондай-ақ оқу үй-жайларының терезесі орналастырылмайды.
216. Лас киім-кешекті тапсыруға арналған терезесі бар шлюз кір жуу орнына қарай ашылуы тиіс. Сәбилер үйінің кір жуатын орындарында жас балалар тобы үшін ауданы 9 м2 болатын киім-кешектерді алғашқы өңдеуге арналған бөлме көзделеді.
217. Жобалық қуаты 280 адамға дейінгі мекемелерде кір жуатын үй-жайлар құрамында ауданы кемінде 4м2 болатын лас киім-кешекті өткізуге және сұрыптауға арналған, жеке есігі бар үй-жай көзделуі тиіс.
218. Кір жуатын орындар суық және ыстық су тартылған ванналармен жабдықталуы тиіс. Кір жуатын машина-автоматтарды орнатуға жол беріледі.
219. Балалар тәулік бойы болатын сәбилер үйлерінде, МДТОҰ-да, интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, КББО-да төсек жабдықтары, сүлгілер, жеке гигиена заттары (тіс щеткасы, тарақ, жөке) әр балаға жеке бөлінеді. Жеке тіс щеткасын дәретханадан оқшауланған үй-жайдағы ашық ұяшықтарда сақтайды.



Каталог: download
download -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
download -> Зияткерлік мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі Негізгі мектеп
download -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
download -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
download -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
download -> Абылай хан
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет