5) өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтау жөніндегі
сақтық шараларын орындауға, медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша зерттеп-
қараудан өтуге және емделуге, инфекциялық аурулар
мен айналасындағыларға қауіп
төндіретін аурулар кезінде өзінің ауруы туралы медициналық персоналға хабарлауға
міндетті.
Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын азаматтар зерттеп-
қараудан және емделуден жалтарған жағдайда, осы Кодекске және Қазақстан
Республикасының өзге де заңдарына сәйкес куәландырылуға және мәжбүрлеу тәртібімен
емделуге тартылады.
Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан
зардап шегетін азаматтарды
мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негіздері мен тәртібі осы Кодекспен реттеледі;
6) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын сақтауға
міндетті.
2. Жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейінгі мерзімде медициналық есепке
тұруға міндетті.
3. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдар денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей
міндеттілікте болады.
4. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес:
1) санитариялық-эпидемияға қарсы (профи- лактикалық) іс-шаралар жүргізуге;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы
нормативтік-құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің, сондай-ақ
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды
адамдардың актілері мен санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының талап-
тарын орындауға;
3) орындалатын
жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және өнімді өндіру,
тасымал-дау, сақтау және халыққа өткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сапасын
қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірістік бақылауды жүзеге
асыруға;
5) жаппай және топтық инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен улану
пайда болған жағдайда, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет
органдарына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығына қауіп
төндіретін авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы туралы, технологиялық процестердің
бұзылуы туралы уақтылы хабарлауға;
6) дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жанама әсерлері
анықталған жағдайда, уәкілетті органға уақтылы хабарлауға;
7) айналасындағыларға инфекциялық және паразиттік ауруларын жұқтыру қаупі бар
қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді гигиеналық оқытуды
қамтамасыз етуге;
8) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының лауазымды
адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізу үшін өнімдердің,
шикізаттың, тауарлардың, өндірістік ортаның сынамаларын іріктеп алуға мүмкіндік
жасауға;
9) медициналық тексеріп-қараудан өткендігін куәландыратын құжаты жоқ
адамдарды жұмысқа жібермеуге, сондай-ақ денсаулық
сақтау ұйымдары анықтаған
инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарды және инфекциялық аурулардың
қоздырғыштарын таратушыларды жұмыстан шеттетуге;
10) тауарлардың, өнімдердің, шикізаттың халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің
талаптарына және гигиеналық нормативтерге сәйкес
еместігі анықталған жағдайда,
оларды өткізуге жол бермеуге, сондай-ақ оларды пайдалану немесе кәдеге жарату
мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға;
11) санитариялық паспорты болуға;
12) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелеріне қатысты есепке алу және
есептілік құжаттамасын тексеруге ұсынуға;
13) егер кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет халықтың өміріне немесе
денсаулығына қауіп төндіретін болса, оны тоқтата тұруға;
14) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге
асыратын
лауазымды адамдардың объектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауатты-лығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің және гигиеналық
нормативтердің сақталуы тұрғысынан тексеруі мақсатында оларға кедергісіз кіруін
қамтамасыз етуге;
15) эпидемиологиялық айғақтар мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің
лауазымды адамдарының нұсқамалары, қаулылары
бойынша дезинфекциялау,
дезинсекциялау және дератизациялау іс-шараларын өз қаражаты есебінен жүргізуге
міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: