92-бап. Пациенттердің міндеттері 1. Пациент осы Кодекстің
90-бабында көрсетілген міндеттерден басқа:
1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;
2) медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;
3) диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге
хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық
нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;
4) медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне
ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен
ынтамақтастықта болуға;
5) диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп
төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің
өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге;
6) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға
міндетті.
2. Осы баптың