6. Егер медициналық аппараттың берілуі пациентке пайдасын тигізбейтіні былай
тұрсын, елеулі зиянын да тигізеді деуге кесімді негіз болса ғана ақпарат пациенттен
жасырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда осы ақпарат пациенттің жұбайына (зайыбына),
оның жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарланады.
7. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базалары
жағдайында медициналық көмек алатын пациенттердің оқу процесіне қатысудан, сондай-
ақ емдік-диагностикалық рәсімдердің өткізілуі кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан
бас тартуға құқығы бар.
8. Пациенттердің құқықтарын қорғауды
денсаулық сақтау органдары, ұйымдары,
сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
9. Пациенттің медициналық көмек алу кезінде тағайындалған дәрілік зат туралы
толық ақпарат алуға құқығы бар.
10. Некелесетін азаматтардың медициналық
және медициналық-генетикалық
зерттеп-қаралуға құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: