1-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
56. Оқушылардың дайындығы пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелеріне қарай бағаланады.
57. Пәндік нәтижелері екі аспекттен қарастырылады: білу керек және орындай алу керек.
58. 1- сыныпты аяқтаған кезде оқушылар білу керек:
музыкалық сауаттылықтың негіздерін: музыкалық және ұрмалы дыбыстарды, жоғары және төмен дыбыстарды, қысқа және ұзақ дыбыстарды;
музыкалық мәнерлілікті көрсететін негізгі белгілерін: тез, орташа, жай екпінділігі, динамикалық көрінісі, әуені;
жанрлық ерекшеліктерін – ән, күй, би, марш;
музыкалық аспаптардың аталуын (домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, дауылпаз, балалайка, гусли, свирель);
ән орындаудың негізгі ережелері.
59. 1 сыныпты аяқтаған кезде оқушылар орындай алу керек:
музыкалық аспаптар тембрін анықтауды;
музыка шығармаларының көңіл-күйін айыра білуді;
музыкалық шығармаларды тыңдауды;
бағдарлама репертуарынан музыкалық шығарма мазмұнын айтуды;
аспапта орындалған нақышты және таныс әндерді дауыс ырғағымен тани білуді меңгеруі тиіс;
дирижердің сүйемелдеуімен ән айту;
ұрмалы аспаптарда, домбырада қарапайым ырғақпен сүйемелдеп орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |